- Жанат Рашитұлы, биыл аудан шаруаларының қамбасы астыққа толды ма? Жалпы, елді мекендегі жиын-терім жұмыстарына тоқталсаңыз...

- Биыл диқандар жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай аяқтады. Дәнді дақылдар 123,8 мың гектардан жиналып, 135,8 мың тонна астық бастырылды. Гектарынан орташа есеппен 11 центнер өнім алды. Сондай-ақ, 1,3 мың гектар алқаптан картоп жиналды. Жалпы түсім 39,0 мың тоннаны құрады. 0,1 мың гектар алқаптан көкөніс алынды. Бұдан бөлек, 80,7 мың тонна қысқы мал азығы әзірленіп, 16,8 тонна сүрлем, 33,9 мың тонна сабан дайындалды. Сонымен қатар, өткен жылдан қалған 5 мың тонна шөп қоры бар. Осының барлығы төрт түлігіміздің алдағы қыстан аман шығуына мүміндік бермек. Қазіргі уақытта шаруалар майлы дақылдарды жинау жұмыстарына кірісті. Жалпы, шаруалардың еңбегін қолдау мақсатында жыл сайын техникаларды жаңартып келеміз. Биыл 1605,0 млн. теңгеге 84 бірлік техника сатып алынды.

- Качир - мал санын арттыруда алда келе жатқан аудандардың бірі. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?

- Мал шаруашылығында төрт түліктің барлық түрінен тұрақты өсім байқалады. Ауданда ірі қара мал басының саны 39 мыңнан астам, жылқы – 8114 бас, шошқа – 3893 бас, қой – 35219 бас, құстар 91518 басты құрап отыр. Жергілікті шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды тиімді пайдалануда. Мәселен, ағымдағы жылы «Бекболат», «Илья», «Писегов» қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, 210 бас ірі қара сатып алды. «Алтын асық» бағдарламасына қатысқан «Лапшин» шаруа қожалығы мал санын 8 млн. теңгеге 300 бас қойға өтініш берді. «Проклов» және «Вагнер» фермерлік қожалықтары «Құлан» бағдарламасы аясында 114 бас жылқы сатып алуға өтініш білдірді. «Тереңкөл Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі «Ырыс» бағдарламасына қатысып, 117 бас ірі қара сатып алды. Сонымен қатар, «Қондыбаева» жеке кәсіпкерлігінің аталмыш бағдарлама арқылы 25 басқа берген өтініші мақұлданды.

-Аудан «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасының әлеуетін тиімді пайдаланып отыр ма?

- Аталмыш бағдарлама аясында Бобровка ауылдық округіндегі «Астық ПВ» серіктестігі 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы аяқталмақ. Сонымен қатар «Astyk PV» ЖШС суармалы алқабын 263 гектарға ұлғайтты. Бұл ретте 250 гектарға жүгері,
13 гектарға сәбіз тұқымы себілді. «Тереңкөл Агро» шаруа қожалығы 98 гектар алқапты құрайтын суармалы аумақты қайта қалпына келтірді. Ағымдағы жылы алқап көлемі 361 гектарға ұлғайды. Федоровка ауылындағы «Агро Даму» ЖШС 177 басқа арналған тауарлы сүт фермасын қайта қалыпқа келтірді.

- Ауданда шағын және орта кәсіпкер-лікті дамыту мақсатында қандай шаралар қолға алынған?

- Елді мекенде 1853 адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Биыл аталмыш субъектілерден бюджетке 72,2 млн. теңге көлемінде салықтар мен міндетті төлемдер түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
1,4 пайызға артық. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеке кәсіп ашып, нәпақа табушылардың саны артуда. Ауданымыздың инвестициялық ахуалы да көңіл көншітерліктей деңгейде. Үстіміздегі жылдың 9 айындағы жағдай бойынша негізгі капиталға тартылған инвес-тиция көлемі 2955,8 млн. теңгеге жетті. Инвестицияның жеке көлем индексі 114,5 пайыз шамасында болып отыр.

- Качир ауданында құрылыс жұмыс-тары қарқынды жүргізілетінін білеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарға тоқталсаңыз...

- Биыл 2053 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді. Тереңкөл ауылында 161,2 млн. теңгеге 16 пәтерлі жатақхана тапсырылды. Ауылдағы тұрғын үйлерді жылыту мақсатында 118,0 млн. теңгеге қазандық орнатылды. Биыл аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Тірек ауылдарда төрт 2 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді. Биыл Федоровка ауылында су құбыры салынуда. Тереңкөлде 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аудандық бюджеттен
3 екі пәтерлі және 1 төрт пәтерлі тұрғын үйлер сатып алынуда. Мұндай жұмыстардың барлығы баспана кезегінде тұрған азаматтардың санын азайтып келеді. Ауданда 585 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде жетімдер мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 359.

- Ауыл тұрғындарын мазалайтын мәселелердің бірі таза ауызсу тапшылығы екені белгілі. Биыл Федоровка ауылында су құбыры тартылып жатқанын атап өттіңіз. Бұл бағытта басқа қандай жұмыстар атқарылуда?

- Аудандағы 38 елді мекенінің 11-і орталықтандырылған су құбырымен жабдықталған (Тереңкөл, Песчан, Трофимовка, Березовка, Калиновка, Львовка, Байқоныс, Октябрь, Ивановка, Фрументьев, және Қарасуық). Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 138,42 шақырым. Тұрғындардың 71,8 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықталған. Қалған 27 елді мекен жергілікті көздердің суын қолданады. Атап өтерлігі, аудан орталығындағы су тазарту құрылымын жаңғырту мақсатында 963,0 млн. теңге қаражат бөлу мәселесі шешімін тапты.

- Ауданда жол мәселесі қалай шешілуде?

- Аудандық маңыздағы жолдардың ұзындығы 302 шақырымды құрайды. Оның 82,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық күйде. Үстіміздегі жылы бұл бағытқа аудандық бюджеттен 17800,0 мың теңге қаржы бөлінді. Биыл елді мекендердегі автокөлік жолдарын жөндеуге 88255,0 мың теңге жұмсалды. Нәтижесінде
5 көшеге асфальт төселді. Мәселен, Тереңкөл ауылындағы Торайғыров көшесінің 3,5 шақырымы, Абай, Тургенев көшелері мен Песчан ауылындағы 1,1 шақырым жол жөндеу көрді.

- Әлеуметтік саланың бүгінгі әлеуетіне тоқталып өтсеңіз...

- Ағымдағы жылы әлеуметтік сала бойынша 674 адам жұмысқа орналасты. Жыл басынан бері 406 жаңа жұмыс орны ашылып, қоғамдық жұмыстарға 208 адам тартылды. Жергілікті бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға
13096,0 мың теңге бөлінді. Жұмыссыз азаматтар қатарынан кәсіптік оқуға 47 адам мына мамандықтар бойынша жіберілді: тракторшы – 21 адам, электр-газбен дәнекерлеуші – 19 адам, аспаз – 6 адам. 2017 жылғы қаңтар-маусым айларындағы орташа айлық еңбекақы 87565 теңгені құрады немесе өткен жылғы ұқсас кезеңнен 1,5%-ға артық. Білім беру саласындағы 3-тен 6-жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%-ды құрайды,
1 жастан 6 жасқа дейін–80,1%.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында 77,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл бағытта робототехника кабинеттері, жиһаз, компьютер, мультимедиялық кабинеттер, физика және химия кабинеттері, мемлекеттік рәміздер, автобус, киіз үй, спорттық құралдар, музыкалық аспаптар, музыкалық орталық, электр қазандықтар сатып алынды. Күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 110151,0 мың теңге қаражат бөлінді. Денсаулық сақтау саласында қатерлі ісік аурулары бойынша көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда - 288,1 (2016 жылы – 299,2), нәресте өлімінің көрсеткіші
1000 тірі туылған балаға 11,0 (2016 жылы – 4,4), туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда – 39,3 (2016 жылы – 26,0) құрады. Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 51,1 пайызға ұлғайды.

Жыл басынан бері 473 мәдени-көпшілік іс-шаралар жүргізілді, онда 110398 адам қатысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 %-ға артық.

- Жергілікті өзін-өзі басқару аясында да атқарылып жатқан жұмыстар туралы не айтасыз?

- Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да аз емес. Мәселен, жағажайға жол төсемелері төселді, мемлекеттік рәміздер стелласы кеңейтілді, аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған тағзым ескерткіші ашылды. Ауылдық округтерде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелерге жарық орнатылды. «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасының шеңберінде жарық диодты экран сатып алынды. Тереңкөл ауылының жағажайына өлшемі 4х2,2 метр LED-монитор орнатылды. Аудан орталығындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің бұзылуына жол бермеу мақсатында бейнежазбаларды сақтауға мүмкіндік беретін бақылау камерасы орнатылды. Железинка ауданы жағындағы республикалық трассаға кіреберіс стелласы орнатылды. Сонымен қатар, Верненка ауылдық округінде әлеуметтік әріптестік шеңберінде 50 орынға арналған балабақша құрылысының жобасы іске асырылуда. «Ауыл - азаматымен ажарлы» демекші, жомарт жандардың арқасында елді мекендердің еңсесі көтерілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың табысты жалғасатынына сенім мол.

-Әңгімеңізге рақмет!

СұхбаттасқанАйдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz