- Агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын дамытудың 10 картасы даярланды және тағы екеуі әзірленуде. Карталардың жобалары жан-жақты салалалық қауымдастықтармен, одақтармен, аграрлық бизнеспен, ғалымдармен талқыланып, барлық мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып, жетілдірілді, - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Даму карталары негізгі мәселелерге толыққанды талдау жүргізіле отырып жасалған. Онда дамудың келесі бағыттары бойынша нақты шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы кооперациясы картасы, аграрлық қайта өңдеу картасы, саланы қарқынды техникалық қайта жарақтандыру картасы, тұқым шаруашылығы картасы, фитосанитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру картасы, агрохимия картасы, жем-шөп өндірісі (азық теңгерімі) картасы, егістікті айналымға тарту картасы, шалғайдағы қой шаруашылығы картасы, аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту картасы қамтылған.

saryarka-samaly.kz