Айтулы бәсекеге республиканың түкпір-түкпірінен спортшылар арнайы келді. Астана қаласының, Ақтөбе, Тараз, Семей, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының өңірлерінен келген мықтылар бәсекеде бақ сынауда. Павлодар облысындағы қалалар мен аудандардан жиналған ойыншылар да додаға білек сыбана кірісті.

Ерлер мен әйелдер арасында жас ерекшелігіне байланысты 5 топқа бөлінетін ауқымды сайыс тартысқа толы болары анық.

Төл спорттың тасын өрге домалатқан айтулы додаға қатысқан барлық спортшыларға сәттілік тілейміз! Құрметті оқырман, жалпақ жұрт көз тігіп, құлақ түрген, бәсі бөлек бәсеке туралы білгіңіз келсе, газетіміздің алдағы нөмірлерінен көз жазып қалмаңыздар!

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz