Облыстық көркемсурет музейі

27 қараша–3 желтоқсан күндері аралығында мына көрмелер бойынша экскурсиялар жүргізіледі:

- Павлодар облысының Қазақстанның іскер әйелдері қоғамдастығының
20 жылдығына арналған «Шабыт. Қазақстан суретшілерінің кенебіндегі әйелдер бейнесі» атты көрмесі.

- Павлодарлық суретші И.Кузнецованың дербес көрмесі.

- Алматы суретшілерінің көрмесі.

 

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана

27 қараша күні сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі.

28 қараша күні сағат 15.00-де «Айтолқын» әйелдер лекторийі.

29 қараша күні сағат 15.00-де Б.Уахатовтың 85 жылдығына орай
«Есімі ел есінде» атты кітап көрмесі.

 

Естай атындағы мәдениет сарайы

29 қараша күні сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт.

 

Ж.Аймауытов атындағы музыка-драма театры

1 желтоқсан күні сағат 17.00-де Ғ.Ештанаев, Р.Ыбраевтың «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай» тарихи драмасы.

2 желтоқсан күні сағат 11.00-де О.Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» балаларға арналған ертегісі.

2 желтоқсан күні сағат 14.00-де Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» психологиялық драмасы.

 

«Шаңырақ» ХШО

1 желтоқсан күні сағат 12.00-де «Ел Елбасымен танымал» атты мерекелік концерт.

 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

28 қараша-3 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай «Дара тұлға – дана тұлға Елбасы» атты тақырыптық көрме.

28 қараша күні сағат 15.00-де Б.Уахатовтың 85 жылдығына орай «Көркем сөздің зергері» атты еске алу кеші.

29 қараша күні сағат 15.00-де «Әл-Әки» ансамблінің жетекшісі Жасқайрат Орынбаевпен кездесу.

30 қараша күні сағат 15.00-де Тұңғыш Президент күніне орай «Дара тұлға – дана тұлға Елбасы» атты мерекелік кеш.

 

А.П.Чехов атындағы облыстық драма театры

1 желтоқсан күні сағат 19.00-де М.Булгаковтың «Мастер и Маргарита» қойылымы.

2 желтоқсан күні сағат 18.00-де Б.Томастың «Здрасьте, я ваша тетя!» комедиясы.

3 қараша күні сағат 18.00-де А.Ивановтың «Одуванчики» қойылымы.

 

Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі

28 қараша–3 желтоқсан күндері сағат 10.00-18.00 аралығында ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздік – бабалардың аңсаған арманы» атты көрме.

30 қараша күні сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Менің Президентім» атты өлкетану сабағы.

 

ӘзірлегенҚ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz