Астанада ҚР Парламенті депутаттары алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Болат Бақауов ауылдық аймақтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жайлы кеңірек баяндап берді.

Бүгінде аймағымыз ауылдарды сумен қамтамасыз ету бойынша республикада соңғы орында тұр. Оның себебін Болат Жұмабекұлы былайша түсіндірді:

- Бірінші себеп - 2011-2012 жылдары 39 ауылға жер су қорын тартудағы келісімнің уақытылы орындалмауы. Бұл жұмыстар тек 2013-2014 жылдары жүзеге асқан, - деді ол. - Екіншіден, сол кезде жобалық сметалық құжаттардың қаржыландырылуы мүмкін болмады, жерасты су қорының мөлшері анықталмаған еді, біз мемлекеттік экспертизаның оң нәтижесін алмай, оған қаржы құя алмадық. Сондықтан 2012-2015 жылдары аралығында жыл сайын тек екі жоба ғана ұсынылып отырды. Сонымен қатар, 2010 жылы басталған Беловод және Май топтық су құбырларын қайта жөндеу жұмыстары созылып кетті. Бұл ауылдық аймақтарды сумен қамтамасыз етудегі ең басты қиындықты туғызды.

2015 жылы әкімдік Май ауданында ауылдардағы су құбыры желілері үшін арнайы 15 жобаны әзірлеп, 80 миллион теңге жұмсаған. Алайда топтық су құбырларының қиындықтарына байланысты ол жұмыс жүзеге аспай қалды. Жобаның мемлекеттік экспертизасы 2018 жылдың қаңтарында аяқталады. Белгілі болғандай, жобаны келер жылы орындау мақсатында бұл жұмыс «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына берілді.

Десе де, халқы аз қоныстанған ауылдарға су құбырларын тарту тиімсіз.

- Бұған үлкен көлемде қаражат керек, мысалы, жобалық-сметалық құжат жасау, құрылыс, кейін су тартылатын жердің тазалау жұмыстары, суды үйлерге тарту. Құбыр тартылған соң оны күту және дұрыс пайдалану, тарифті бекіту жұмыстары бар, ал ауылдағы адамдар құбырлардың техникалық қажеттіліктеріне төлей алмайды. Сондықтан 300-дей тұрғыны бар елді мекендерге жергілікті қайнарларды есепке ала отырып, тек су тазалау станцияларын орнату керек,
- деді Павлодар облысының әкімі.

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz