Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов
16 азаматқа партия билеттерін табыс етті. Олардың қатарында Инновациялық Еуразия университетінің проректоры Владимир Шнайдер, Павлодар ауданы Заңғар ауылының әкімі Руслан Сманов, Павлодар мемлекеттік педагогикалық инсти-тутының проректоры Әсем Ілиясова, облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Саят Жүсіпбаев және тағы басқалар бар. Ұйымның қатарына жастардың да алынғанын атап өткен жөн. Мәселен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Дмитрий Ли мен Әкежан Қатеев те партия билетіне ие болды.

- ҚР Тұңғыш Президенті күні - еліміз үшін маңызды мереке. Елбасының сындарлы саясатының арқасында мемлекетімізде тұрақтылық пен береке орнады. Ұлы жолда баршамыз жұдырықтай жұмылып, ел дамуына қызмет етуді мақсат етіп отырмыз. «Нұр Отан» партиясының қатарына қосылуға білдірген ниеттеріңізді маңызды қадам деп бағалаймыз. Бұл Елбасының атқарып отырған саясатына деген тікелей қолдауларыңыз деп білген жөн. Ел болашағына бейжай қарамайтындықтарыңызға қуаныштымыз. Партия құрамы жалынды жастармен де толығып отыр. Еліміздің ертеңі үшін адал еңбек ететіндеріңізге сенім білдіремін. Қадамдарың құтты болсын, - деді Болат Жұмабекұлы.

Мүшелікке қабылданғандардың бірі – Айжан Қасанова. Ол бүгінде Качир ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында еңбек етуде.

- Партия қатарына қабыл-данғаныма қуаныштымын. Енді маған үлкен жауапкершілік жүктелгенін сезініп отырмын. Елбасы өз сөзінде: «Біздің буын мемлекетті құру үшін көп күш салып, халқымызды дүние жүзіне паш етті. Жастар Тәуелсіздігімізбен ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, мемлекетіміздің болашағын жарқын етуі тиіс», - деген болатын. Партия көшбасшысы ұстанған саясатты қолдап, туған елім үшін аянбай еңбек етуге дайынмын! - деді Айжан Теміртасқызы.

Салтанатты шарада Елбасының саясатымен партияның қоғамдық өміріне араласып, адал еңбек еткені үшін бірқатар азаматқа Алғыс хат жолданды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz