Хатта Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізгені үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, қатысушы елдер ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалағанын атап өтті.

- Қатысушы елдер ЭКСПО көрмесі елеулі іс-шара және тарихтағы ең табысты мамандандырылған көрме болғандығы туралы пікірлерін білдіруде. Бұл мамандандырылған ЭКСПО көрмелерін алдағы уақытта дамытуға ықпал ететініне сенімдімін. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуі сіздің жеке қолдауыңыз және аталған тамаша жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысуыңыздың нәтижесінде қол жеткізілді, - делінген хатта.

Висенте Лоссерталес ҚР Үкіметі, Ахметжан Есімов басшылық ететін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы көрме инфрақұрылымының дайын болуын қамтамасыз ету үшін барынша күш салғанын, сондай-ақ барлық халықаралық қатысушы қазақ халқының ерекше қонақжайлығын сезінгенін де тілге тиек етті.

- Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының «Достық» орденімен марапаттап, көрсеткен құрметіңіз үшін алғыс білдіремін. Мұндай шешімнің қабылданғанын білгенде ерекше сезімде болдым. Қазақстанмен бірге
6 жыл тығыз байланыста қызмет еткен уақыт – еңбек жолымдағы ең құнды тәжірибе. Қазақстан халқына және бүкіл әлемге арналған ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасымен танысу және Көрме аумағын көру үшін Астана қаласына бару мүмкіндігі болады деп сенемін, - деді Висенте Лоссерталес.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті.

saryarka-samaly.kz