Бұған дейін қазақстандық тарап «Қазақ дәстүрлі асық ойынын» аталған тізімге қосу туралы ұйымға өтінім білдірген. ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау үкіметаралық комитетінің 12-ші сессиясында бұл ұсыныс құпталып, асықты халықаралық деңгейде насихаттауға жол ашылды.

«Асық ойыны адамның ой өрісінің және дене бітімінің дамуына ықпал етеді, әрі ұлтына қарамастан өскелең ұрпақ өзара арасында жақындасуға жол ашады. Балалық шақ символы ретінде асық ойыны Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда, сондай-ақ бірлік пен ұлттық сана-сезімін дамытуда маңызды рөл атқаруда. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, балалар бұл мұраны сақтап қалудың негізгі буыны болып табылады»,-делінген хабарламада. Номинацияны дайындау жұмысын ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Хатшылығы, Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің сарапшылары, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі, Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе атқарған.

Министрліктің мәліметінше, Мате-риалдық емес мәдени мұраны қорғау конвенциясын Қазақстан (2011 жылғы желтоқсанда) ратификациялағаннан бері материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне елімізден
7 номинация енгізіліпті. Атап айтқанда, «Домбырамен күй орындау өнері», «Қазақ күресі», Қырғызстанмен бірлескен номинациялар ретінде «Киіз үй жасау машықтары» және «Айтыс/Aйтыш, суырып салма өнері», сондай-ақ көп ұлттық өтінімдер ретінде «Наурыз» (12 ел), «Құс салу» (18 ел) және «Түрік пәтір наны»
(5 ел). Соңғы үшеуі 2016 жылы енгізілді. Алдағы уақытта бұл тізімге «қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі салты» ұлттық және «Қорқыт-Ата мұрасы» (Түркия, Әзербайжан, Қырғызстанмен бірлескен) көпұлтты өтінімдерді енгізу жоспарланып отыр.

ӘзірлегенМұрат ҚАПАНҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz