Қойылымның басты тақырыбы жаңадан отау құрған жас жұбайлардың қарым-қатынасына негізделген. Мұнда ажырасу, ерлі-зайыптылардың бір-бірін сыйламауы, отбасындағы мәселелерді шешу жолдары кеңінен қамтылады.

Спектакльдің қоюшы режиссері - театр ұжымына өткен маусымның соңында келген жас режиссер Жанкелді Садықов. Ол бұған дейін балаларға арналған «Қожа мен спорт» ертегісін қойған болатын.

- Бұл - менің осы театрға келгеннен бергі ең алғашқы үлкен жұмысымның бастамасы. Мұндағы басты тақырыптың бірі - ажырасу кеңінен көтеріледі. Сонымен қатар, жас жұбайлар арасында жиі кездесетін орынсыз қызғаныш пен жөнсіз айыптаулар да осында көрініс табады, - дейді режиссер.

Небары 8 актер ғана сомдайтын шығарма шытырман оқиғаға толы. Кейіпкерлердің өміріне қанығып, әртіс-тердің өнерін тамашалаймын десеңіз,
13-14 желтоқсан күндері театрға асығыңыз!

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz