Жақында Ақсу қаласындағы №2 орта мектебіндегі 5 «Ә»-сыныбының ең үздік оқушылары «Жас Ұлан» қатарына қабылданды. Олар – Алан Байлаубай, Ислам Нұрпейісов, Әлішер Болатханов, Дамиржан, Қайыр Мейірхан, Әмина Ержанова, Алидат Тілектесова.

Бұл күн бәріміздің есімізде қалатын болды. Әнұран басталғанда сапқа тұрған оқушылардың жүрегінде Отан, Атамекен – Қазақстан, осынау ұлы елдің ұланы болғанымыз мақтаныш сезіммен асқақтады. Біз енді жай ғана оқушы емеспіз, еліміздің Жас Ұланымыз. Ант қабылдадық. Отан, отбасы, достар, сыныптастар алдында қандай болуымыз керек? Тәтіпті, құрбыларының алды, айтқан сөзде тұру, адал болу, жақсы оқу, тәрбиелі, ақылды болуы – бұл өмірге берілген бағдар. Жасұландықтар қарттарға көмек беріп, табиғатты қорғаулары тиіс.

Иә, біз - егемен елдің ұланымыз. Сондықтан бәріміз соған лайық болуға тиіспіз.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, жас достар! Ел ертеңі – біз, сондықтан туған еліміз бен жерімізді ардақтап, болашақта Отанымызға еңбек сіңіретін нағыз азамат болуға тырысуымыз керек.

Әлішер БОЛАТХАНОВ, 5 «Ә»-сынып оқушысы, Ақсу қаласы.

saryarka-samaly.kz