«Қайта құрудың» зардабы аз болмады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

«Қайта құрудың» зардабы  аз болмады 22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады

Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарын қалай жасадық? Қазақстанды дербес мемлекет ретінде қалыптастыру жолында сол кезде қызмет етіп, ел басқарған адамдардың еңбегі ерен. Дәл сол уақытта Аққулы ауданын Қадыр Әжімұратов ағамыз басқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында тер төкті.

- Қадыр Әжімұратұлы, 1992-1993 жылдары аудан әкімі қызметін атқарып, өңір тұрғындарының тәуелсіз өмірге оңай бейімделіп кетуіне зор ықпал еттіңіз. Сол кезде ауданымыздың экономикалық және саяси жүйесі қалай еді?

- Егемендігімізді алғаш алған жылдары ауданымызды дамыту үшін қызмет ету оңайға түскен жоқ. Себебі жеке дара тәуелсіз мемлекет болып бөлінген соң, қолымызда дәйекті заңнамалар болған жоқ. Ел басқару стратегиясы мен жұмыс жасау жолдары күрт өзгерді. Шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік бағыттағы жұмыстар Кеңес одағының жүйесімен қалыптасып қалған еді. Оның үстіне халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, бәрі оңайлықпен келген жоқ. Алға қойған мақсатымыз байырғыдан қалған жолды бұзып, өзіміз ауыл шаруашылығын дамудың жолын құрау болды. Колхоздар мен совхоздарды жекешелендіріп, жүйелі түрде қызмет атқару үшін қолымызда заңды түрдегі нұсқаулықтар болмады. Еліміз алғаш Тәуелсіздік алып жатқан кезде өзім туып-өскен ауданымды басқару мен үшін зор бақыт, үлкен абырой еді. Әрине, кімге болса да, өз елінде қызмет істеу, оның ішінде ел басқару белгілі бір артықшылықтармен қатар, өте күрделі әрі жауапты міндет. Сондықтан, аудан басшысы ретінде, менің алдымда тұрған басты міндет – экономикалық реформаларды қалыптасқан жағдайларға байланысты тиімді жүргізу. Кезінде, «қайта құру» деген атпен белгілі болған экономикалық реформалардың аясында құрылған әр түрлі кооперативтер, шаруа қожалықтары нарықтық экономикаға алғашқы қадамдарын бастаған болатын.

- Ол кезде ауданда қанша шаруашылық болды?

- Бастапқы еңбек жолымды өңірдегі 9 шаруашылықтың, 2 орман шаруашылығының және 2 құрылыс ұйымының жұмыс нәтижелерін арттырудан бастадым. Мысалы, Қарақаладағы 23-ші совхозды дамытумен айналыстық және «Мерей» қоғамдық кәсіпорнын іске қостық. Оны білікті әрі тәжірибесі мол маман Арынов Мұхтар Қажыбайұлы басқарып тұрды. Ол кезде «Бесқарағай» асыл тұқымды қой шаруашылығы мемлекеттің қарауында болды. Қалған шаруашылықтарды ұжымдық қызметке ауыстырдық. Басшыларын жиналыстарда сайладық. Әр шаруашылыққа, ұйымға өзін-өзі басқару тетігін енгізе келіп, жекешелендіру қызметін іске қоса бастадық. Шаруашылықтарды таратпауға, мал басын азайтпауға тырысып, техникалық формасын сақтап қалдық. Алайда, бүкіл елімізде жүргізілген жекешелендіру кезінде жіберілген «солақай» саясаттың, «науқаншылдықтың» салдарынан, ойланбай істелген әрекеттермен орны толмас қателіктерге жол берілді. Міне, осының бірі аудан экономикасы мен халықтың тұрмыс жағдайына кері әсерін тигізді. Соған қарамастан, 1992 жылы аудан шаруашылықтарындағы қой саны 130 мыңға жуық еді, оның ішінде 54 мыңнан астамы саулық қой болатын. 32 мыңдай ірі қара мал болды, оның 10 мыңнан астамы - сауын сиыр. Сондай-ақ, 3 мыңның ішінде жылқы болды. Ал егіс алқабының көлемі 80 мың гектардан асты. Оның 50 мың гектарына дәнді дақылдар себілді. Одан қала берді, қолдағы бар қоғамдық және жекеменшік малдарға да қыруар жем-шөп дайындауға тура келді. Ақша жағынан қысылғандықтан, халықпен бартер арқылы қызмет жасадық. Ол қызметте көп қателіктер жіберілді, себебі баға саясаты түсініксіз болды. Қырқылған жүндерді Семей қаласындағы фабрикаға өткізетін. Басшылықпен келісімшарт жүргізіп, бағасын көтеру үшін жүнді жуып, тазалап сатуға тура келді. Бірақ оң нәтижесін бермеді. Шикізаттың бағасы құнсызданып кетті. Наубайхана, май, ет шығаратын кәсіпорындар ашу жолында осы баға саясаты көп кедергі келтірді. Кәсіпорынға керекті құрал-саймандардың бағасы қымбат. Ал өзіміз шығаратын шикізаттың бағалары арзан, сондықтан кіріс өте төмен болды. Яғни, кірісіміз шығынымызды жаппағандықтан, тоқтатуды ұйғардық. Бізде баланс болмады. Біздің тарапымыздан ұсынылған заңнамалар қабылданбады, ал баға кестесі күннен-күнге өсе берді. Үйлестік болмағандықтан, осындай үлкен мәселелерге душар болдық. Айналып келіп, ол мәселенің түпкі басы кадрлардың дайын болмауы, жұмыс жасау жүйесінің толық аяққа тұрмауында еді. Сол жылдары Қызылқоғам совхозында тұратын Бон Альберт деген неміс азаматы электр сымдарын өңдейтін қожалық ашты. Бұл біз үшін үлкен жаңалық еді. Сондықтан, оған аудан әкімшілігі тарапынан қолдауға әзір екенімізді жеткіздік. Содан кейін аудандық депутаттар сессиясында Бон Альбертті бір жылдық салық салудан босатып, жеңілдік жасадық. Ол кезде Мукин Айқошқар деген еңбекқор, жаңашыл азаматпен бірге жұмыс жүргіздік. Ол 30 құнажынды жалға алып, 2 жыл ішінде «Алтай» шаруа қожалығын құрып тастады. Осы екі азаматты бастапқы ауданымыздағы нарық экономикасының қарлығаштары, ең алғашқы кооператив-тердің бірі деп есептеймін.

- Ол кезде шаруашылықтар мемлекет тарапынан қолдау тапты ма?

- Шаруашылықтардың дамуына көп қолдау көрсетілмеді. Біздің де дайындығымыз болмады.Сондай-ақ, өздерінің бастамашылығымен жұмыс жасайтын азаматтар аз болды, бәрі жаңа қалыптаса бастады. Совхоздар тарап, жекеге айналғаннан кейін ауданда көп адам жұмыссыз қалды да, басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Мұны да бізден кеткен қателіктер деп есептеймін. Біздің аудан ғана емес, бүкіл Қазақстан бұл күнді бастан кешті. Сонда да қолымыздан келгенше көмек бердік. Біздің бастапқы қиыншылықтарымыз осы болды. Қазіргі таңда ауданымыздағы шаруашылық өте жоғары деңгейде. Саны мен сапасы да алдыңғы қатарларда. Оған әрине қуанамыз. 1992-1993 жылдары «Полигон» бағдарламасы бойынша аудан орталығына 50 орындық туберкулез ауруханасы ашылды. Тақыр, Мерғалым ауылдарында әрқайсысы 180 оқушыға арналған мектептер, «Жаңатаң» елді мекенінде 50 орындық балабақша пайдалануға берілді. Бұлармен қатар, Аққулы ауылында дәріхана, балабақша, Қарақала, Ямышев ауылдарында учаскелік аурухана ғимараттарын салу қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізіле бастады. Аудан орталығында тұңғыш мешіт үйі бой көтеріп, имандылыққа деген алғашқы қадамдар жасалған еді. Оның алғашқы имамы марқұм Қайыркен Ермұқанұлы бекітілді. Ол өз қаражатымен діни сауатын ашып, имандылық жолына ниет қойған өте жігерлі, қайсар азамат еді. Табиғатынан өжет, тура сөйлеп, санамызға сіңіп қалған атеистік көзқарасты өзгертуде тың жол салған азаматты ұмытпауымыз керек. Әкімдік қызметімді атқарып жүріп Моңғолия еліне барып, қандастарымыздың елге қайтуларына септік тигіздім. Даржұманов Қанат, Оралбек Қожанов атты азаматтармен Қытай еліне барып, экономикалық келісімшартқа отырдық. Өкінішке қарай, ол келісім жүзеге аспай қалды. Кемшілігіміз – экономиканы түсініп, қабылдай алмадық. Ауданымызда 15000 гектардан астам суармалы жер болды. Бірақ оны игеріп алып кететін шаруашылық болмады, себебі судың бағасы мен электр жүйесінің бағасы шарықтап тұрды. Жамбыл совхозында 4000 гектар, Бесқарағай совхозында 3500 гектар, Қарақалада 1800 гектар, Лебяжі совхозында 1500 гектар, Қызылқоғамда 1000 гектар суармалы жер болды. Қазақстан Республикасының 14-ші съезінде біздің аудан суармалы аудан болып есепке ілінді. Материалдық және техникалық базамыздың негізі болды. Қой шаруашылығы бойынша облыс көлемінде біздің аудан бірінші қатарда тұрды, ауданымыздан 5 бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан, Республикалық Қызыл Туды ауданымыз 2 мәрте алған. Облыс көлемінде осындай жетістігі бар жалғыз аудан болдық. Міне, осы айтылған және басқа да ағымдағы келелі мәселелерді орынды шешіп, жүзеге асыруда, әрине басшы кадрлардың алатын орындары бөлек екені айқын. Осы еңбек жолында қасымда Арынов Мұхтар, Алкеев Балташ, Тұрлыбаев Қайрат, Жоламанов Қуан, Нұрғалиев Аман, Әмірғалиев Сатыбалды сынды біртуар тұлғалар қызмет етті. Аталған азаматтардың еңбегі зор екені сөзсіз.

- Бұрын аудан атауы Лебяжі болғаны баршаға аян. Жалпы, Аққулы атауын ұсынған кім еді?

- Ауданның және аудандық газеттің атын ауыстыру мәселесін алғаш болып газет редакторы Садық Нұрғалиев деген азамат көтеріп еді. Яғни, «газетіміз қашанғы Лениннің жолымен жүреді? «Аққу үні» деген атқа ауыстырайық. Ал аудан атауын «Аққулы» деп атайық деп жазды. Яғни, ономастикалық өзгерістің басында Нұрғалиев Садық ағамыз болды. Осы орайда, ауданда қалыптасқан кейбір мәселелерді шешудің жолдарын өзімше сараптап, одан туындаған ойларымды облыс басшысына жеткізіп, ақылдастым. Қолдау көрсетті. Ауданды басқару жүйелерін ықшамдап, жаңа бағыттағы құрылымдарды ойластырдық. Кадрларды нарықтық экономикаға үйретіп, шикізаттарды өңдеу жолдарын және дайын өнімдерді нарыққа шығару жолдарын қарастырдық. Германияның бір топ бизнесмендерімен кездесіп, сүт өнімдерін, шұжық дайындайтын мини қондырғылар орнату жөніндегі келісімдер жасадық. Алайда, 1993 жылдың басында облыс басшысы А.Жабағин Вице-Премьер қызметіне ауысып, менің ұсыныстарым жүзеге аспай қалды. Оның үстіне, денсаулығым сыр бере бастады. Өзімнің өтінішім бойынша және облыс әкімі Даниял Ахметовтің қолдауымен облыстық «Агробанк» төрағасының орынбасары қызметіне ауыстым. Облыс орталығынан бес бөлмелі пәтер де берді. Осылайша, 1994 жылы тамыз айында Павлодарға көшіп келдік.

- Кейінгі жастарға қандай ақыл-кеңес бересіз?

- Аудан жастары заманға сай білім алып, елінің дамуына өз үлестерін қосса деймін. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды, бірақ толғандыратын тұстар аз емес. Жастарға жағдай жасалса, олар екі қолға бір күрек алып, ауылды болсын, қаланы болсын дамытарына сенемін. «Медицина – адамды, ал мал шаруашылығы адамзатты емдейді» - дейді. Сондықтан, кадр керек, маман керек. Бесқарағай Республика көлемінде болмаған көрсеткіш көрсетті. Бір қойдан 6 кг 600 грамм жүн алды. Жүйелі түрде қой шаруашылығын дамытты, қалай ұрықтандыру керектігін зерттеді. 25 кг жүн берген қошқарлар болды, Мәскеу қаласындағы көрмелерге апардық. Осы көрсеткіштің бәрі мамандардың арқасы, осы жағдайды үлгі тұта отырып, тек қана мұғалімдік пен дәрігерлікке жүгірмей, технологиялық мамандықтарды алып, оқып, зерттеу қажет. Сапалы білім алу керек, ерінбеу керек. Қазақтың қолынан бәрі келеді, қазақ - космонавт, ғарышқа ұшқан, қазақ өнерде де, білімде де, спортта да, әлемді мойындатып отыр. Белін бекем буып кірісетін болса, әр адамның қолынан барлық іс келеді. Ерінбеу керек.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбатты жүргізген - Құдайберген БЕРДІМҰРАТҰЛЫ.


Количество показов: 226

Возврат к списку