«Қазөнер» қолдаусыз қалмады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

«Қазөнер»  қолдаусыз қалмады 16.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады

Биыл облыста кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Business Ertis» өңірлік бағдарламасы бастау алды. Аталмыш бағдарламаның аясында тегін өндірістік цех алып, ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі – «Қазөнер» жеке кәсіпкерлігі. Бұл кәсіпорынның шеберлері облыс тұрғындарының талғамына сай келетін ұлттық нақыштағы дүниелерді дайындап, жергілікті нарықты өзіміздің өніммен қамтып отыр. 


Осыдан төрт жыл бұрын павлодарлық Гүлназ Қадыр мен Мейіргүл Абзалова облыс орталығында «Қазөнер» дүкенін ашып, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, қыз-келіншектерге арналған орамалдарды сатуды қолға алды. Бірнеше жыл бойы ұлттық нақыштағы дүниелерді саудалап, тәжірибе жинаған соң «Неге өз өнімімізді дүкен сөрелеріне қоймасқа?» деген ой келген екен. Сөйтіп, екі кәсіпкер былғарыдан әмияндарды, ағаштан сандықтарды жасауға кірісті. 
DSC_1655.JPG

- Шыны керек, осыдан біраз жыл бұрын көпшілік арасында «Ұлттық үлгідегі өнімдерге қызығушылық аз», «Сапалы дүниелерді шығаратын жергілікті кәсіпорындар жоқ» деген пікір болды. Біз бұл ойды жоққа шығарып, көздің жауын алатын, сапасы шетелдік тауарлардан кем түспейтін өнімдерді дайындай алатынымызды дәлелдегіміз келді. Сөйтіп, әлі дами қоймаған былғары аксессуарлар нарығына қарай қадам бастық. Тұрғындардың тапсырыстары бойынша оюлы әмияндар жасауды ұйғардық. Бұрын-соңды жергілікті нарықта болмаған, тұтынушыларға таңсық бұл өнімдер аз уақыт аралығында жоғары сұранысқа ие болды. Жақын-жұрағатына, туған-туысына сыйға тарту үшін есімдерін оюлатып жазуды қалайтындардың қатары көбейді. Бүгінгі күні былғары әмияндарға сұраныс артпаса, төмендеген жоқ, - дейді Гүлназ Қадыр. 
«Қазөнер» жеке кәсіпкерлігі ағаштан сандықтарды дайындау ісімен де айналысады. Павлодарлық шеберлердің қолынан шыққан оюлы сандықтарға да сұраныс жоғары көрінеді. Тіпті, Нұр-Сұлтан, Өскемен қалаларынан тапсырыс берушілер баршылық. Көп жағдайда ұлттық нақышта заманауи үлгіде жасалған тұрмыстық затты әжелерге, аналарға сыйлық ретінде әрі қыз жасауының бөлшегі ретінде сатып алады екен. 

DSC_1563.JPG
  Әмияндарды дайындауға қажет басты шикізат – былғары Алматы қаласындағы тері зауытында өндіріледі. Қосымша фурнитуралар Қытайдан жеткізіледі. Ал сандық жасауға қажет ағашты Ресейдің Новосібір облысындағы кәсіпорыннан сатып алады. Бұл ретте Мейіргүл Абзалова пандемияға байланысты шикізатты, құрал-жабдықтарды жеткізуде біраз қиындықтың туындағанын алға тартты. Өнімнің сапасын одан әрі арттырып, санын көбейтуге мүмкіндік беретін кейбір құрылғылар әлі елге жетпеген көрінеді. Бұл мәселе бір ай аралығында шешілуі тиіс. 
- «Қазөнердің» өнімдері облыс орталығындағы екі дүкенде сатылады. Сондай-ақ, интернет желісі арқылы тапсырыстарды қабылдап, қаладағы тұтынушыларға тегін жеткізіп береміз. Карантин шаралары күшейтіліп, сауда орталықтарының жұмысы шектелген тұста Instagram парақшасы арқылы сауданы оң жолға қоюымыз көп көмегін тигізді. Соның нәтижесінде ісімізде іркіліс болған жоқ. Тек шикізатпен қамту, құралдарды жеткізу ісінде бірқатар кедергі кесе-көлденең шықты. Бірақ оларды да еңсеріп, бірінші кезекте қажет құрылғыларды жеткізіп алдық. Бастысы, өндірістік цех мәселесіне бас қатырмайтын болдық, - дейді Мейіргүл Абзалова. 
Бұған дейін әмияндарды да, сандықтарды да көлікжайларда жасаған кәсіпорын енді «Іскер» шағын индустриялық аймағынан өндірістік орынды тегін алды. Ай сайын коммуналдық ақыларды уақытылы төлесе болғаны. Гүлназ Қадырдың айтуынша, бұл – кәсіпкерге көп көмек. 
- Көктем-жаз кезінде көлікжайларда жұмыс істеу аса қиын бола қойған жоқ. Ал қыстың күні жылуы жоқ нысандарда сапалы өнім дайындау оңай емес. Абырой болғанда, «Іскер» шағын индустриялық аймағынан орын бұйырып, кәсібіміздің тасы өрге домалады. Жылуы, жарығы, суы – барлығы бар ғимаратта жұмыс істеу бір ғанибет! Жалдау ақысының жоқтығы тіпті жақсы. Мемлекеттік қолдау болмаған жағдайда, дәл осындай шағын цехты жалдау үшін айына кем дегенде 50-60 мың теңге төлейтін едік. Ал «Business Ertis» өңірлік бағдарламасының аясында тегін ғимарат берілуінің нәтижесінде жалдау ақысына жоспарланған қаржыны өндіріске жұмсап, аяққа нық тұрып кетуге болады, - дейді Г.Қадыр. 
Бұл – ұлттық нақыштағы өнімдерді шығаратын кәсіпорынға көрсетілген мемлекеттік көмектің бір парасы ғана. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары да әркез кеңес беруге әзір. 
- Жеке есепшілердің көмегіне жүгінер болсаңыз, бір қабылдау үшін кемінде 5 мың теңге сұрайды. Сондықтан есеп-қисапқа қатысты сұрақтар туындаса, бизнес-жоспар жасау қажет болса бірден Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінеміз. Білікті мамандар барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Ол үшін ақы да алмайды. Ісін жаңа бастаған біз сияқты кәсіпкерлер үшін бұл – зор қолдау. Жалпы, облысымызда бизнес бастап, кәсіп кеңейтуге ниетті жандарға көп көмек көрсетіледі. Мемлекеттік гранттар, жеңілдетілген несие- лер беріледі. Қаржылай емес қолдау тағы бар. Осындай мол мүмкіндіктер жасалған тұста оларды тиімді пайдаланып, шағын және орта бизнестің дамуына үлесімізді қоссақ дейміз, - деп атап өтті Г.Қадыр. 
 «Қазөнер» жеке кәсіпкерлігі алдағы уақытта оюлы сөмкелер, үй жиһаздарын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы түрлі идеяны іске асыру мақсатында мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ойда бар. Ал әзірше «Іскер» шағын индустриялық аймағынан тегін берілген шағын цехта тұтынушылардың тапсырыстарын сапалы әрі уақытылы орындау үшін еңбек етпек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА 

Количество показов: 97

Возврат к списку

Раздел не найден.