«Қазақ поэзиясына құштармын»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын» 31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»

Ұлты өзге болса да, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеріп, халқымыздың салты мен дәстүрін жан дүниесіне сіңірген жерлес-теріміз бар. Солардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Инга Гросс. Ол орыс сыныптарында оқитын оқушылар үшін қазақ тілінде тез әрі жеңіл сөйлеудің ең тиімді әдістемелерін қолдана отырып, педагогикалық шеберлігін танытуда. Міне, сол еңбекқорлығының нәтижесінде өзі де, оқушылары да жетістік шыңынан көрініп келеді.

Тілеуберді САХАБА

Инга Гросс – неміс ұлтының қызы. Бірақ онымен бір кездесіп, әңімелескен адам өзге ұлттың өкілі дегенге сене қоймайды. Себебі, қазақ тілінде сөйлеп қана қоймайды, ұлтымыздың құндылықтарын жадына сіңіріп, салты мен дәстүрін де берік ұстанған жан. Ол - сонау соғыс жылдарында Қырымнан жер аударылып, қазақ жерінен пана тапқан аз ұлттың ұрпағы. Атасы Отто Райнгольдович бұл жаққа небары 13 жасында ғана келген екен. Май ауданына қарасты Саты ауылының Абай бөлімшесіне келгенде сол жердің тұрғылықты халқы құшақ жая қарсы алып, бауырларына басыпты. Сол ауылда тұрып, үйленіп, шаңырақ көтерген, балалы-шағалы болып, олардан немере-жиен сүйді. Ұлдары қазақтан келін әкелсе, қыздары қазақ отбасыларына ұзатылды. Осылайша, қазақ халқымен төс қағысқан құда болды. Инга - сол Отто ақсақалдың немересі.

- Атам мен әжем қазақтар жайлы көп естелік айтатын: «Күні бойы қазақ балаларымен ойнаймыз, содан қазақша жап-жақсы сөйлеп кеттік» дейтін атам марқұм. Әжем болса: «Қазақтың балажандығы мен малжандылығынан үлгі алдым» деп отырады. Атам Отто да, әжем Эрика да өмір бойы өздерін «қазақпыз» деп, қазақтың салт-дәстүрін, ырым-тыйымдарын әспеттеп өтті. Үлкендердің бұл құрметі менің қазақтың салт-дәстүрін сүйіп өсуіме және тілін еркін меңгеруіме үлкен септігін тигізді. Менің қазақ тілі мұғалімі болуыма ықпал еткен тағы бір жағдай – қазақ поэзиясына деген құштарлығым. Яғни, оқушы кезімнен бастап қазақ әдебиетін жата-жастана оқитын едім. Сол кездің өзінде түрлі көркемсөз оқу байқауларына қатысып, орын алып жүрдім. Осы күнге дейін талай қызық жағдайларға тап болдым. Мысалы, аты-жөнім өзгеше бола тұра, таза қазақша сөйлейтінімді көріп таңырқаған адамдар да болды. «Қалай үйрендің?» деп сұрап жатады. Мен өзімнің отбасымның тарихын баяндап беремін, - дейді ол. Инга Май ауданына қарасты Саты орта мектебінде оқыды. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Торайғыров универ-ситетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алды. Кейін ИнЕУ-дің магистранты атанды. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Тіл мәселесіне қатысты іс-шараларға белсене қатысып, өзінің тәжірибесі мен шеберлігін шыңдаудан жалыққан емес. Әсіресе, орыс мектебінде қазақ тілін үйретудің машақаты мол екені баршаға аян. Сондықтан, өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, әрдайым ізденіс үстінде жүретін жаңашыл ұстаз.

- Бүгінгі таңда орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сабақ берудемін. Әрине, мұндағы білім методикасының қазақ сыныптарына оқытудан айырмашылығы шамалы. Дей тұрғанмен сыныптағы оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің жұмыс жүргізу шеберлігіне байланысты. Біздің мақсатымыз – алдымыздағы оқушыларға қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін саналарына сіңіру. Сонда ол бала үйренген әрбір сөзінің мәні мен мағынасын тереңнен түсінеді. Аталған міндеттерге қол жетікізу үшін мұғалім әрқашан ізденісте болып, білім жүйесіндегі жаңалықтардан құлағдар болып отыруы керек деп ойлаймын. Жалпы, қазақ тілі мұғалімі болу – қызығынан гөрі қиындығы басым шаруа. Бізге қойылатын талап та, артылатын сенім де мол. Өйткені, біздің алдымыздан еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар өтеді. Біз елдің болашағын тәрбиелеп жатырмыз. Ал еліміздің болашағы - біз тәрбиелеген білімді ұрпақтың қолында. Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов бір жазбасында: «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан, жаңа технологиялық әдістемелерді меңгере отырып, оқушыларға сапалы білім беруге тырысу қажет. Егер, оған өздігімен қол жеткізе алмағандар сол жаңашылдықты тәжірибе жүзінде қолданып жүрген ұстаздардан үйренудің еш сөгеттігі жоқ. Біз, ұстаздар қауымы, әрдайым дамып, жетіліп отыруы-
мыз керек, - дейді Инга мұғалім. Ол белсенді тіл волонтері ретінде де көп жұмыс атқарып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала», «Тіл мектебі» сияқты республикалық жобаларына қатысып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне атсалысуда. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі ұстаздармен де жиі тәжірибе алмасып, өзінің іскерлігін арттыруда. Мысалы, 2012 жылы Стамбул университетінің профессоры, PhD докторы Х.Тюфекчиоглудың «Әлемдегі маңызды мәселелер: тіл, журналистика, мәдениет және әлеуметтану мәселелері» атты семинарына қатысса, 2014 жылы Моңғолия ғылым Академиясының және Халықаралық Шыңғысхан Академиясының академигі Қаржаубай Сартқожаұлының «Түркі руханияты: түркі тілі, тарихы мен мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарында болды. Сондай-ақ, академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Моңғолияның Ховда университетінің Баян Өлгей аймағындағы филиалында ғылыми тағылымдамадан өтті. Инга мұғалім облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда, білім сайыстарында бақ сынады. Солардың біразынан жүлделі орындар еншілеп, өз мектебінің намысын абыроймен қорғап келеді. Өткен жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері арасында өткен республикалық олимпиаданың ІІ орын иегері, «Daryn.online» білім беру платформасы мен «Qaztest.kz» олимпиада сайты ұйымдастырған республикалық пән олимпиадасының І орын, қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадасының ІІ орын иегері болды. Бұл оның жетістіктерінің бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта да талай биік белестерді бағындырып, мемлекеттік тілдің дамуына өз үлесін қоса береріне сенімдіміз.

 


Количество показов: 253

Возврат к списку