Құбырлардың 80 пайызы тозған

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған

- Олег Владимирович, соңғы екі аптада жылу құбырларында бірнеше апатты жағдай орын алды. Алда аяз тағы қайталанса оқыс оқиғалар жалғасуы мүмкін бе?
- Қысқы маусымға дейін жоспар-ланған жөндеу жұмыстарының барлығы жүргізілді. Тіпті, асыра орындадық. Облыс орталығындағы жылу желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Әсіресе, кварталішілік желілердің жағдайы мәз емес. Жыл сайын қаржылық жағдайымызға байланысты құбырларды жаңарту жұмыстары атқарылуда. Барлық құбырды бірден ауыстыру мүмкін болмай тұр. Қатты аяздарда жылу мөлшеріне қатысты шағымдар көп түсті. Сол себепті температура беру көрсеткішін арттыруға мәжбүр болдық. Бұл өз кезегінде қысымның көтерілуіне әсер етіп, тозған желілер істен шығуда. Температураны арттырмасақ, тұрғындар тоңып қалады. Қысқасы, «не өгіз өледі, не арба сынадының» кебін киіп отырмыз.
- Құбырлардың тозған бөлігін толық айырбастап шығу үшін не қажет? 
- Барлық мәселе қаржыға тіреледі. Павлодар облысында республика бойынша ең төмен жылу тарифі тіркелген. Әрине, жөндеу жұмыстарын жоспарламас- тан бұрын қалтамызға қараймыз. Қазіргі тарифтің бағасымен жаң-
ғырту шараларын жүргізу мүмкін емес. Десе де, қол қусырып отырмай, инвестбағдарламалар шеңберінде құбырларды ауыстырып жатырмыз.
- Жылу мөлшерін тексеру бойынша көпқабатты үйлерді аралап жүрсіздер. Нәтижесі қандай?
- Жылумен жабдықтау сапасы жөнінде проблема туындаса, тұрғындар пәтер иелері коопера-тивіне хабарласуы керек. Оны тегіннен-тегін айтып отырғаным жоқ. Көптеген азаматтар «жылу мөлшері аз» деп бізге тікелей хабарласады. ПИК болмаса ғана хабарласуға болады. Ережеге сай, ПИК өкілдері пәтердегі жылу мөлшерін тексереді. Егер шағым расталған жағдайда «Павлодар жылу желілері» ЖШС және қалалық тұрғын үй инспекциясы үйлерге барып, зерттеу жүргізеді. 
Өткен аптада 192 көпқабатты тұрғын үй тексеріліп, 30-ға жуық үйде жылу мөлшерінің аз екені анықталды. Талапқа сай, жатын бөлмелерде ауа температурасы +20 градустан төмен болмауы тиіс. Ал ас бөлмесі, дәліз, дәретхана және жуынатын бөлмедегі көрсеткіш +18 градусқа тең. Өтініштердің көбі ЖЭО-1 қызмет көрсететін қаланың оңтүстік бөлігінің тұрғындарынан түскендігін атап өткен жөн. Біз жылуды үйге дейін жеткізуге міндеттіміз. Егер үйге дейін жылу қалыпты бөлініп, пәтерде жылу мөлшері аз болса, кінәні тұрғындардан іздеу керек. Тексеріс жұмыстарының барысында кейбір тұрғындардың рұқсатсыз жылытқыш еден орнатқаны анықталды. Салдарынан көрші пәтерлерге жылу аз мөлшерде таралуда. Көп жағдайда тұрғын үйлер қысқы маусымға ішінара ғана дайындалады. Бұл да өз кезегінде пәтердегі жылу мөлшеріне әсер етеді. Біздің кінәмізден тіркелетін фактілер де бар. Яғни, жылу құбырларының бітелуі сияқты ақауларға байланысты ғимаратқа жылу дұрыс мөлшерде таралмауы мүмкін.
- Шағымдар расталған пәтер иелеріне жылу төлемі қайта есептелетінін хабарладыңыздар. Осы жөнінде айтып берсеңіз...
- Иә, тұрғындар жылудың қызығын көрмесе, ақша төлеуі дұрыс емес. Қайта есептеу дегеніміз ақша қайтадан қайтарылады деген сөз емес. Қайта есептелген қаражат келесі айдың төлеміне аударылады. Бұл туралы ақпарат түбіртек-тегі «қайта есептеу» бағанында көрсетілетін болады. Яғни, жылу мөлшері қайта есептелген пәтер иелері келесі айда аз шығындалады. Жалпы, қысқы маусым басталғаннан бері тұрғындарға 4,8 миллион теңге қаражат қайта есептелді. Атап айтсақ, қазан айында 2,7 миллион, қараша айында 2,1 миллион теңге қаржы қайтарылды.
- Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан – 
Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 38

Возврат к списку

Раздел не найден.