Тәрбие - адамгершілік бастауы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

  Тәрбие - адамгершілік бастауы 03.04.2021

Тәрбие - адамгершілік бастауы

Қазіргі кезде жас ұрпаққа білім беру ғана емес, ұлттық тәрбие беру мәселесі де ерекше маңызға ие. Бұл ретте облыстық деңгейде өзара тәжірибе алмасу шаралары өтуде. Жуырда сондай шарада өз жетістіктерімен бөліскен «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының тәрбие ісінің меңгерушісі Райгүл Нұрбаеваны сөзге тартқан едік.

- Райгүл Қайратқызы, сіз еңбек ететін білім ордасында тәрбие беру ісінде біршама сәтті жобалар барын білеміз. Ол туралы облыстық  семинарда арнайы баяндап, табыстармен бөліскен едіңіз. Солар жайында кеңірек айтып өтсеңіз?...
- Лицейімізде оқушылардың ұлттық, адамгершілік бағытта дамуына барынша мән беріледі. Балалардың әдепті, өнегелі болып тәрбиеленуі аса маңызды. Осы орайда біз «Құндылықтар негізінде тәрбие беру»  деген жүйемен жұмыс істейміз. Яғни әр айда бір құндылықты таңдап, оқушыларды сол қасиетке баулу, тақырыпты түсіндіру бағытында әртүрлі іс-шаралар өткіземіз. Бір айда жауапкершілік туралы сөз өрбітсек, келесіде құрмет, одан кейін қанағат, отансүйгіштік, табандылық, кішіпейілділік сүйіспеншілік, әділдік деген сынды тақырыптарда іс-шаралар өткізіледі. Соңғы уақыттағы эпиде-миологиялық жағдайға байланысты шаралар онлайн түрде өткізілді. «Бізбен бірге таңғы жаттығу жаса», «Карантиндік кешкі концерт» сынды тақырыптар меңгертілді. Сондай-ақ, оқушыларымыз елімізге белгілі өнер қайраткерлерімен, білім саласының майталман мамандарымен кездесе алды. Мысалы, онлайн кездесулерде Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызымен, Тіл жанашыры, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Оразгүл Асанғазықызымен жүздесіп, тәлімді әңгімелерін тыңдап, көкейіндегі сауалдарын қойды. Танымал тұлғалармен онлайн кездесу оқушыларымызға ұмытылмас әсер берді деп ойлаймыз. Сондай-ақ оқушыларымызға, ата-аналарға қаржы сауаттылығы, цифрлық қызмет, карантиндегі сауықты ұйымдастыру турасында белгілі  мамандармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Семинарда осындай іс-шаралардың пайдалы тұстарымен бөлістік.
- Лицей-интернатта отба-сылық тәрбиені дамытуға баса мән беріледі екен. Әкелер кеңесін құру идеясы нені көздейді? Аналар клубы туралы да айтсаңыз...
- Иә, оқу орнымызда мұндай сәтті бастама бар. Оқушы-мұғалім-ата-ана атты үштік одақ құрылса ғана жетістіктер болатыны айқын. 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Әкелер кеңесі жұмыс істейді. Оның мақсаты - бала тәрбиесінде әкелердің рөлін арттыру, қайырымдылық жасау, олардың қатысуымен оқушылар арасында әртүрлі танымдық шаралар ұйымдастыру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Семинарда  әкелер кеңесінің жұмысының негізгі бағыттары, мақсаты, атқарылған шаралар мен алға қойылған жоспарлар бойынша әкелер кеңесінің төрағасы  Нұркен Жарылқапұлы Асанов сөз сөйледі. Кеңестің мүшелері «киелі жерлер географиясы» бағдарламасының шеңберінде тарихи орындарға саяхаттауға қатысады, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге атсалысады. Спорттық сайыстарды да ұйымдастырады. Сонымен бірге бізде «Айналайын» аналар клубы жұмыс істейді. Оның тақырыбын лицейіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Жазира Құсайынқызы Уахиева ұсынған болатын. Қыздарымыздың ибалы, әдепті болып өсуі анасынан бастау алатыны белгілі. Қазақ халқында «Қыз өссе елдің көркі», «Қыз - ұлттың анасы» деп бекер айтпаған. Сондай-ақ бізде әртүрлі марафондар өткізіледі. Мысалы, «Q-АDАМ» деген марафонның мақсаты – оқушылардың бойында күнделікті кітап оқу, спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Қазір өздеріңіз білетіндей, жасөспірімдердің кітап оқуға деген құлшынысы төмен. Көбінесе телефонда отырады, спортпен айналысуға да ықыластары аз. Бұл олардың адам болып қалыптасуына үлкен әсер ететін жайт. Оның орнын толтыруымыз керек. Яғни белгілі бір дағдыны дамытуды қажет етеді. Сол себепті лицей әкімшілігі мен әкелер кеңесімен келісе отырып, осындай марафонды іске асыруда. Ол негізі үш бағыт бойынша жүргізіледі. Яғни кітап оқу, денсаулықты жақсарту, дағды. Қатысушылар казақ әдебиетін, ағылшын тілін және жеке тұлғаны дамыту туралы кітаптар оқып, кейіпкері, мазмұны, ой түйіні туралы апта сайын бейнежазба түсіріп жібереді. Екінші бағытта әкелер мен балалар спортпен айналысуды насихаттап, өздері жасаған жүру, жүгіру, жаттығу қадамдары санын телефон арқылы көрсетеді. Мұғалім нәтижесін ұпай бойынша есепке алады. Үшінші бағытта би билеу, өнер көрсету, аспапта ойнау дағдысын біртіндеп үйренгенін бейнетүсірілім арқылы көрсетіп отырады. Олардың қорытындысы бойынша марафонға қатысушылардың 5 үздігі әр 2-3 апта сайын анықталып отырады.  Марафон 18 сәуірге дейін жалғасады. Жүлдегерлерге арнайы тағайындалған бағалы  сыйлықтарымыз бар. Лицейімізде іске асырылып жатқан тәрбиелік жобалар өзінің оң нәтижесін береді деп сенеміз.
- Әңгімеңізге рақмет! Жемісті еңбек тілейміз!

 Әңгімелескен - Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 58

Возврат к списку