Ақылы тест басталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

23.01.2021

Ақылы тест басталды

Облыстық білім беру басқармасының бас маманы Нұргүл Азанбаеваның сөзінше, жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне арналған тестілеу шарасы да ақылы. Яғни, бір бала 2242 теңге төлеп кіреді. Алғашқы ҰБТ 20-31 қаңтар аралығында Павлодар және Екібастұз қаласындағы жоғары оқу орындары мен Ақсу қаласындағы және Баянауыл, Ақтоғай аудандарындағы мектептерде өтеді. 
- Ақылы тестіге қатысушыларды тіркеу шарасы желтоқсан айында онлайн режимде жүргізілген. Біздің облыс бойынша, алғашқы ақылы тестіге 3348 оқушы қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл аймақтағы мектеп бітірушілердің 75,4 пайызын құрайды. Аудиторияда оқушылардың қандай да бір көмекші құрал қолдануына қатаң тыйым салынған, түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Мысалы, өз орнына басқа адам кіргізуге әрекеттену, тексеру аймағында тыйым салынған зат алып кіру секілді жағдайлар тіркелсе, ол оқушы тестілеуге жіберілмейді, - дейді бас маман.
Жалпы, мұндай ақылы тестіге қатысу немесе қатыспау таңдауын оқушы өзі жасайды. Яғни, маусым айында болатын ҰБТ-ның ақтық сынында оқу грантын жеңіп алуына сенімді болған оқушыға міндетті емес. Егер өзіне сеніп, осы жолғы сынақты тапсырудан бас тартты делік. Алда-жалда негізгі сынақтан сүрініп, таңдаған мамандығына түсе алмай қалып жатса, ақылы бөлімге де бара алмай қалуы мүмкін. Сондықтан, ақылы бөлімнің сертификатын алдын ала алып қою артық етпейді. 
Биылғы түлектер ҰБТ-ны үш міндетті және екі бейінді пән бойынша тапсырады. Міндетті пәндер қатарында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бар. Ал бейінді пәндер болашақта оқитын мамандықтары бойынша таңдалады. Биыл енгізілген тағы бір өзгеріс – 
тест сұрақтарының саны өзгеруі.  Мысалы, міндетті саналған Қазақстан тарихында - 
15, математикалық сауаттылықта - 15, оқу сауаттылығында 20 сұрақтан келеді. Ал әрбір бейінді пән бойынша 35 тапсырмадан беріледі.  
Биылғы ҰБТ науқанына ауыл мектеп-
терінің оқушылары да қызу дайындық жасауда. Ақсу қаласына қарасты Үштерек орта мектебінің директоры Ғалия Әмірханованың сөзінше, биыл бұл мектепті 11 оқушы бітіреді. 
- Біздің өткен жылғы түлектеріміз-
дің барлығы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, таңдаған оқу орындарына түскен. Сол көрсеткішті биыл да қайталауға тырысып жатырмыз. Бітіруші сыныптар дәстүрлі форматқа көшкелі дайындық қызу. Оқушылар аптасына екі рет Ақсу қаласындағы «Достық» орталығына барып, білікті мұғалімдермен дайындық жасауда. Сонымен қатар, математика, физика, химия саласын таңдаған балалар Павлодардағы «Лидер» оқу орталығының ақылы курсынан өтуде. Қыркүйек айынан бері Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық тестілеу орталы-
ғында құрастырылған 92 тест жинағын алып орындадық. Ал әлеуметтік педагог пен психолог мамандар әр оқушымен және ата-анамен жеке жұмыс жүргізіп жатыр, - дейді Ғалия Ноғайшақызы. 
ҚР Білім және ғылым министрі 
Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның өзінде оқушылардың басын айналдыратын қажетсіз сұрақтар кездесіп жатады. Сондықтан, бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты көтеру мәселесі қарастырылуда. 
- Себебі, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады. Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді, алдымызда тестің базасын SAT, PISA секілді тестердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл - 
мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тестілеуде жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. Талапкерлер тапсыратын пәндер бойынша да нақты шешім қабылдау қажет», - деді министр. 
Айта кету керек, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына төрт рет: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіліп келеді. Маусым айындағы тестілеуге қатысқан талапкерлер ғана білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады. 

Тілеуберді САХАБА


Количество показов: 81

Возврат к списку