Абызбай атыңа сай ең...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Абызбай атыңа сай ең... 22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...

- Кеткен жоқ әлі күнге тарап қайғы,

Кешегі ұмытқанды жаратпайды.

Күн сайын естеліктің мұң парағын,

Көңілім өз қолымен парақтайды...

Демі суық ажал ұрланып келіп, қапияда қимасыңнан айырып, ет жүрегіңді езіп, қан жылатып кетеді. Биылғы жылдың 18 маусымы күні Адамовтар әулеті қайғы жұтып, қара жамылды. Әулеттің тірегі, ақылшысы, асыл жар, ардақты әке, мейірімді ата Абызбай Адамов мезгілсіз көз жұмды. Сөйтіп, өмірге ынтызар, арман-мұраты көп, ел-жұртын сүйген біртуар азаматтың жүрегі соғуын тоқтатты.

- Пай, пай, өмір!

Өтесің-ау бір күні,

Тыясың-ау қуанышты күлкіні.

Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген - көк аспанның күркірі.

Пай, пай өмір,

Өтесің-ау бір күні, - демекші, Абызбай ағаның жер үстіндегі өмірі аяқталды. Құдіреті шексіз Алла Тағала өзі жаратқан пендесін өзі қалаған уақытында алады, өлімге көну мен сабыр етуден басқа амал жоқ. Абызбай Адамұлымен тіршілігінде сыйласқан біз үшін, туған-туысқандары үшін, асыл азаматтың орны ерекше, жарқын бейнесі енді көңілімізге көшті, жадымызда өшпек емес. «Жоғалтып алған асылың, Айырылғанда білінер» демекші, ендеше Абызбай марқұмды еске алып, өмір жолын парақтайықшы... Абызбай Адамұлы 1951 жылы 23 қыркүйекте Қожамжар ауылында өмірге келді. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәбидің өмірге келуі де тылсымға толы. Бір-екі баласы шетінеп кеткен Адам әке мен Шәрбан ана Қангелдіден ат-арбамен жолға шығып, Исабек ишан қабіріне тәу ете барып, Алладан бір перзент тілейді. Зарыққан әке-шешенің тілеуі қабыл болады. Ел ішін аралап жүргенінде Адам ата шаңырағына бас сұққан Исабек ишан немересі Солтан қожа бесікте балбырап жатқан нәрестені көріп, «балам баламдай-ақ екен» деп сүйсініп, есімін Абызбай атайды. «Адамның бір қызығы - бала» демекші, әке-шешесінің мейіріміне бөленіп ер жетіп, орта мектепті бітірген соң, бозбала Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1975 жылы қолына «Ғалым. Агроном-экономист» дипломын алды. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеген» жігіт институт қабырғасында оқып жүрген шағында болашақ жарын кезіктіреді. Тағдыры Алматының төрінде ару қыз Анармен табыстырып, жігіт пен қыз сөз байласып, отау тігеді. 1975 жылы жоғары білімді жас жұбайлар қол ұстасып елге қайтып, Абызбай Адамұлы Ертіс ауданының «Новоивановский» совхозына бас экономист болып тағайындалды.

- Бұл заманда ер жайлы түсінік кем,

Ерлік пе екен білекке күш іріккен.

Азаматтың деңгейі өлшенеді,

Кесек туар мінезбен, кісілікпен...

Абызбай Адамұлы мінезі кесек, кісілігі мол, ақыл-парасатқа бай адам еді. Құдай бойына берген қабілет, ата-анасы санасына сіңірген тәлім-тәрбие НАР АЗАМАТТЫ қызмет баспалдағымен биікке көтерді. Ер жігіттің қызмет жолы, негізінен, өзіне ыстық Ертіс ауданында өрілді. Абызбай Адамұлы Ертіс ауданында 18 жыл бойы жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Абызбай ағаның қайраткерлігі, әсіресе, алмағайып заман туып, ел-жұрт есеңгіреп қалған шақта көрінді. Тау тұлғалы азамат 2002-2007 жылдар аралығында Ертіс ауданында әкім болып, қажыр-қайраты, мақсаткерлігімен өңір азаматтарын жігерлендіріп, жасампаз істерге жұмылдырды. Ертіс кентінің көшесінде автобус жүргіздіріп, су құбырын іске қосқызды. Жаңа үйлер, әлеуметтік нысандар салынып, елді мекендерде 8 мешіт жамағатқа есігін ашты. «Рухың төрде болмаса, иманың кенде болар, Тілің төрде болмаса, намысың жерде болар» деген тәмсілді ту еткен қазақтың абадан ұлы қай қызметте істеп жүрсе де, Алаштың мұратын бір сәт естен шығарған емес. Күш-жігерін, білімі мен білігін қазақтың рухын оятуға, намысын қайрауға жұмсап, елдікті ұран етті. Қазақ елі Тәуелсіздік алған соң тарихымызды түгендеуге, бабаларымыздың есіл есімдерін жаңғыртуға мүмкіндік туды. Алпыс екі тамырында ата-бабасы Қанжығалы Абыз-Шомақтың қаны тулаған Абызбай аға елдің игі жақсыларымен тізе біріктіріп, Баянауылдағы Сабындыкөл жағасында Абылайды хан көтерген жерге белгітас орнатуға ұйытқы болды. Ертіс ауданы... Боқты атасына да белгітас қойып, Ақкөл-Жайылмада Исабек ишан тарихи-мәдени кешенін абаттандырудың басы-қасында болды. Қасиетті хадисте: «Адамның жақсысы – өзгелерге шарапаты тигені» дейді ғой. Абызбай Адамұлы 69 жыл ғұмырында үлкен-кішіге шарапатын тигізіп, ел-жұртының алғысын арқалап, соңына өшпес із қалдырды. Адамның тағы бір бақыты – адал жар сүю, саналы ұрпақ көру. Мейірімі шексіз Жаратқан иеміз пендесі Абызбайға мұндай бақытты да үйіп-төгіп берді. Асыл жары Анар Асылбекқызымен 50 жылдай отасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп, алтын асықтай үш перзент сүйді. Ерлі-зайыптылар тұңғышы Шынарды, қос ұлы Марат пен Берікті мәпелеп өсіріп, қанатын қатайтып, бұлтағы мен бұралаңы көп өмір жолында өз соқпағын, өз орнын адаспай табуға қамқор болды. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, құда-құдағиларымен шәй деспей сыйласып, жиен-немерелерін айналып-толғанды. Мағыналы өмір сүру - әр адамның пешенесіне жазыла бермейтін бақыт. Алда-жалда біреу: «Абызбай қандай адам еді?» деп сұрай қалса, көзі көрген замандастары, жора-жолдастары: «Жақсы адам, Бақытты адам» деуі кәміл. Абызбай аға көзі тірісінде қасына жақсы мен жайсаңды жиып, дастарханынан дәм татқызып, ғибрат алды, ұлан-ғайыр қазақ даласын көңілі шалқып аралап, ел таныды, жер таныды, дос тапты. Қызметте абыройлы болып, ерен еңбегі бағаланды. «Ертіс ауданының Құрметті азаматы» атанып, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін өңіріне тақты. Мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ең абзалы – халқының сүйікті перзенті бола білді.

- Жалған-ай,

Жалғаннан көңіл қалған-ай,

Көгеріп келіп өмірге,

Көміліп кеткен арман-ай! - дейміз асыл азаматты жоқтағанда қабырғамыз қайысып, көңіліміз қамығып. Асыл азаматтың өмірі кенеттен үзіліп, арысымыздан қапияда айырылып қалдық. Өнегелі жанның ішінде айтылмаған әңгіме, жазылмаған сөз, жүрегінде жасырылған арман кетті. Ажал шіркін уағында жетсе өкінішті емес, өкініштісі – мезгілсіз жеткендігі. Амал нешік, Алланың әміріне ешкім қарсы тұра алмайды, көнеміз, сабыр етеміз. Абызбай марқұмның иманы кәміл, топырағы жеңіл болғай!

Жассерік Жәлелұлы.


Количество показов: 217

Возврат к списку