«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...» 03.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»

Біздің аймақта педагогикалық жұмыстары мен әдістемелік еңбектері әлемдік деңгейде жоғары бағаланған мұғалімдер баршылық. Соның бірі - Павлодар қаласындағы №21 орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Гүлмира Есмақаева. 

Ол облыста алғаш болып, Біріккен Ұлттар Ұйымының UNODC ұсынған «Тату Отбасы» атты халықаралық бағдарламасын мемлекеттік тілде жүргізді. Сонымен қатар, «География пәнінен ашық және жабық тапсырмалар жинағы» авторлық оқу-әдістемелік құралы республикаға таралды. Абай атамыздың: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады» - деген бір ауыз сөзінің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Яғни, бүгінгі жас буынның ертең жақсы адам, мықты маман болып шығуы – ұстазына байланысты. Гүлмира Болатқызы да осы мақсат жолында аянбай тер төгіп жүрген білікті ұстаз. Оның табиғаты мен тәжірибесінде заманауи мұғалімге тән барлық қасиеттер мен қабілеттер бар. Ол өзінің білімі мен тәжірибесін ұлт алдындағы жауапкершілікпен ұштастырған ұстаз. Ол алдына келген әрбір оқушыға мұғалімі ғана емес, жанашыр жақыны ретінде қарайтын маман. Міне, соның арқасында оның шәкірттері де өзімен тез тіл табысып, үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Ол еңбек жолын 1996 жылы Баянауыл ауданының Б.Хайдаров орта мектебінде тарих және география пәні мұғалімі болып бастаған. 2003-2007 жылдары аралығында Павлодар қаласындағы №26 орта мектепте, 2007 жылдан бері №21 орта мектепте мұғалім болып келеді. Білім саласындағы осы 22 жыл уақыттың ішінде «Жыл мұғалімі», «Үздік педагог», «Заманауи сабақ», «Педагогикалық шеберлік», «Педагогикалық идеялар» және т.б. сайыстардың қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінің барлығына қатысып, кейбірінің жеңімпазы, кейбірінің жүлдегері атанды. Бүгінде республикалық педа-гогикалық шеберлік  орталығының (ПШО) штаттан тыс тренері ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Тату отбасы» БҰҰ Халықаралық бағдарламасының А деңгейлі тренері. Ұлттық тестілеу орталығының сарапшысы әрі тест тапсырмаларын әзірлеуші. Одан бөлек, соңғы  жылы «Global САПА» білім беру орталығында республикалық «Аттила – Еуропа және Дала халықтарының көшбасшысы»  еріктілер клубының жетекшісі болып саналады. 2016 жылдан бастап мұғалімдерге жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша дәріс оқып жүр.
- Мен алдыма келген оқушыға білім берумен ғана шектелмеймін. Өмірлік және қызметтік тәжірибеммен бөлісіп, ақыл-кеңесімді беремін. Оқушыны дұрыс жолға бағыттау үшін мұғалімнің де терең білімі және айтар ойы болуы керек. Сондықтан, өзімді өзім жетілдіруге, білімімді толықтыруға көп уақытымды арнаймын. Онсыз белгілі бір нәтижеге жету қиын. Айтары жоқ ұстаздан абыройлы шәкірт шықпайды. Яғни, біздің өмірімізге қатысы бар барлық ақпараттар мен жаңалықтарды біліп отыруға тырысамын. Менің түсінігімдегі әр мұғалімнің бойында білімге деген тойымсыздық болуы керек.  Сонымен қатар, өткенмен ғана өмір сүрмей қазіргі өркениетке де сай болу шарт. Өз басым ұстаз болсам да бос уақытымда заманауи әндерді тыңдап, әлемдік мәдениет көшінен қалмауға тырысамын. Сондықтан, әр 3 сағат сайын ел және әлем жаңалықтарын қараймын. Және оны өз пайымымша сараптаймын. Ал бір күн жаңалық оқып, хабар тыңдамай қалсам өзімді сауатсыз адамдай сезінемін, - дейді Гүлмира Болатқызы. Гүлмира мұғалімнің еңбек жолындағы жетістіктері мен білім сайыстарындағы жеңіс-терін түгендеп бітіре алмайсыз. Дегенмен ең негізгілеріне тоқталуды жөн санадық. Өткен жылы «Қазақстан мұғалімі-2020» ұлттық сыйлығы бойынша үздік 50 ұстаздың қатарына енген. Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталы-ғының «Педстарт» қашықтық олимпиадасының ІІІ орын, республикалық «Qaztest.kz» ұстаздар олимпиадасының ІІ орын және қалалық «Үздік педагог-2020»  байқауының бас жүлде иегері.
- Менің мұғалім болуыма өзімнің отбасым, соның ішінде ата-анам себеп болды. Ол кісілер кезінде бөтен болса да әкесіз қалған екі баланы асырап алып, өз балаларындаq өсіріп жеткізді. Міне, осындай жағдайлар менің балаға деген сүйіспеншілігімді арттырды. Кішкентай кезімнен бастап, мұғалім болып балалармен жұмыс істеуді армандадым. Мен әр сабағымда қазақ халқының ұлттық болмыс бітімі, ұлттық ерекшелігі туралы айтпай кетпеймін. Әсіресе, ұлтымыздың мемлекет болып қалыптасу және рухани өркендеуі жолында ұланғайыр еңбек еткен тарихи тұлғалар – Әл-Фараби, Абылай хан, Қасым хан, Абай, Жамбыл, Жүсіпбек және басқа да ұлы адамдар өмірін көп мысалға келтіремін. Сонымен қатар, бүгінгі бейбіт күннің батырларын, қоғамға пайдалы әрекет қылып жүрген қайырымды жандаhды да үлгі етуді ұмытқан емеспін, - дейді Гүлмира Болатқызы. Г.Есмақаеваның жобалары мен оқыту әдістемесін респу,ликалық, тіпті халықаралық білім сарапшылары жоғары бағалаған. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының  UNDOC  департаментінің Алғыс хатымен марапатталған. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері. 

 Т.САХАБА.


Количество показов: 138

Возврат к списку