Ахаңның мерейтойы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ахаңның мерейтойы 25.02.2021

Ахаңның мерейтойы

ЮНЕСКО көлемінде аталуы керек 

Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы бастаған бірқатар сенаторлар ҚР Премьер-Министрінің атына Ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін салушы қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, сондай-ақ іс-шаралар бағдарламасын терең идеялық мазмұнмен байыту туралы ұсыныстар жолдады. Депутаттық сауал қоғамда қызу талқыланып, жұртшылық ұсынысты жаппай қолдауда.

Депутаттық сауалды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен жиында Алтынбек Нухұлы оқып берді. Ұсыныстар оң қабылданады деген сеніммен мәтінді толықтай беруді жөн көрдік:
«Биыл - тәу етер Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Осы ұлық мерекені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағылымдық мәні бар шараларға баса назар аударып, Ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғалардың еңбегін насихаттаудың аса маңыздылығына да тоқталды. Міне, осы қатарда Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы, Алаш қозғалысының рухани көсемі, қазақ әліпбиінің тұңғыш реформаторы, ғұлама, ел тарихында өшпес із қалдырған Ұлт ұстазы, халқымыздың ең көрнекті тарихи тұлғаларының бірі әрі бірегейі ардақты Ахаң - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы тұр.
Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы, білімі толық мыңды жығады деген қағидатты темірқазық қылып алған Ахмет Байтұрсынұлы осыдан тура 100 жыл бұрын Оқу министрі болып, сан буын қазақтың сауатын ашты. Әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-25 жылдар аралығында 7 рет қайта басылып, ұлтты ағартуға үздіксіз қызмет етті.
Ахаңның өз сөзі: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» - деді. «Тіл-құрал» атты оқулығы арқылы қазақ тілінің табиғаты мен құрылымын айқындап, ғылыми жүйесін жасап, «Қазақ тіл білімінің атасы» атанды.
1913 жылы Орынбор қаласында Алаш қозғалысының басты басылымы «Қазақ» газетінің ұйым-дастырушысы және тұңғыш редакторы болып, ұлттық баспасөз мәдениетін қалыптастырды.
Алаш қозғалысының саяси көсемі Әлихан Бөкейхан болса, рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Алаш автономиясын құру жолындағы жанкешті еңбектері арқылы саналы ғұмырын ұлттық мүдде жолына арнады.
Осыншама ұшан-теңіз еңбегі ұлт жүрегінің төрінен орын алып, туған халқы «Ұлт ұстазы», «Ұлттың рухани көсемі» деп ардақтап ат берді. Ұстаз есімін ұлықтау - тұғырлы Тәуелсіздігіміздің, ұлттық құндылықтар мен ұлт мұратының жүзеге асып жатқандығының белгісі. Сондықтан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде тойлау Еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырады.

Ұлт ұстазының ізбасарлары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың 100 жылдық мерейтой-лары, кеше ғана серіктесі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. Осыған байланысты және жоғары да айтылғандарды ескере отырып, мынадай ұсыныстарға тоқталмақшымыз:
1. 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту үшін Үкімет арнайы хатты дайындап, тиісті жерге жіберілуін қамтамасыз ету;
2. Рухани көсем тұлғасын айшықтау үшін Ахаңа Елорда көше-сінің бойынан еңселі ескерткіш тұрғызу. Мұндай сәулетті ескерт-кіштер өзі қызмет жасаған Қызыл-орда, Семей, Алматы қалаларынан да орын алуы керек.
3. Кіндік қаны тамған қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ауылға баратын жолдың жөнделуі және әкесі Байтұрсын мен ағасы Қали жатқан бейітте кесене көтеру мәселесін, ауылды абаттандыру арқылы музей-үйін заманауи қалыпқа келтіруді Қостанай облысының әкімдігіне тапсырып, нақты міндеттер қою;
4. Алаш ардақтысы туралы деректі фильмдерді толықтырып жаңарту және Ұлт ұстазына арнап көркем фильм түсіру;
5. Ахметтану саласында Ахаңның көпқырлы еңбектерін алыс-жақын шетелдік мұрағаттардан жинап, жаңадан көптомдық шығармаларын шығару және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар арқылы ғұламаның ғұмырбаяны мен шығармаларын кеңінен насихаттауды қолға алу.
Сөз орайына қарай құлағдар ретінде: Наурыз айының соңында Сенат қабырғасында Ұлттық құндылықтар тақырыбында кең көлемде Парламенттік тыңдау өтпекші. Бұл Ахаң аманатына адал ұрпақтың тағылым алар шарасы болмақшы.
Бұл аталған шаралар бүгінгі Қазақ Елінің Ұлт Ұстазының алдын-дағы азаматтық ары, қазақтық қарызы, пайымды парызы.

Депутаттар 
А.НУХҰЛЫ, Н.ӘБДІРОВ, 
М.БАҚТИЯРҰЛЫ,
С.АЙТПАЕВА, Б.ЖҰМАҒҰЛОВ, Н.ЖҮСІП, С.КАРПЛЮК,
А.КҮРІШБАЕВ. Д.НӨКЕТАЕВА, Ж.НҰРҒАЛИЕВ.
Нұр-Сұлтан қаласы.


Количество показов: 79

Возврат к списку