Ахаңның тойы – елімізге абырой

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой 08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой

Естеріңізде болса, бұдан біраз уақыт бұрын ұлт ұстазы, лингвист, ақын Ахаңның - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілсе деген ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сауалын жариялаған болатынбыз. Айта кетелік, аталмыш бастама ел бойынша үлкен қолдауға, талқылауға ие болды.


Қазақстан.jpg

Алтынбек Нухұлы бастаған халық қалаулылары ұлт ұстазының еңбегін ескере отырып, оның мерейтойын кең ауқымда атап өтудің заңдылық екенін айтып Үкімет басшысы Асқар Маминге арнайы сөз арнаған болатын. Арада бір ай өткенде Премьер-Министрден жауап та келді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алаш қозғалысының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын 2022 жылы мемлекеттік деңгейде атап өту мақсатында Үкімет тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда», делінген хабарламада. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын ұйымдастыру үшін Премьер-Министрдің өкімімен арнайы комиссия құрылды. Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін комиссия құрамына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін зерттеп, мұраларын жинақтап жүрген ғалымдар, зиялы қауым өкілдері енгізілді. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар жобасы (бұдан әрі – Жоспар) әзірленді. Жоспарда қамтылған 42 іс-шараны іске асыруға қажетті 55,9 млн. теңге көлеміндегі қаржы республикалық бюджет комиссия-сында қаралып, мақұлданды. Жоспарға сәйкес мерейтой жылы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясын, ғалымның еңбектерінің толық жинағының көптомдығын әзірлеу және баспадан шығарып тарату;

- А.Байтұрсынұлының қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы қойылымдық-деректі фильм түсіру;

- Қазақ әліпбиінің тұңғыш реформаторы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық Түркиялогиялық конгресс өткізу;

- Қазақ тілі мен әдебиетін үйретуге арналған «Тіл – құрал» атты арнайы танымдық, зияткерлік телебағдарлама ұйымдастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, жоспарда Алматы қаласындағы «Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін» жеке меншіктен қала меншігіне өткізу мәселесі қарастырылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы қарсаңында оның еңселі ескерткішін Елордада орнату мәселесін қарастыруда. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ахмет Байтұрсынұлының
150 жылдығына арналған мерейтойлық монеталар, «Қазпошта» акционерлік қоғамы мерейтойлық маркалар шығарады. Аталған мерейтойды ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы даталар күнтізбесіне енгізу туралы өтінім Ұйым Хатшылығына 2020 жылы 25 қарашада ресми түрде (Беларусь, Тәжікстан, Түркия және Иранның қолдауымен) енгізілді. Ұйым тәртібіне сәйкес мүше мемлекеттердің өтінімдері ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің отырыстарында қарастырылып, биылғы қараша айында өтетін Бас конференция барысында бекітіледі. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы өмірге келген Сарытүбек қоныс орны «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында аймақтық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген. Киелі жердің аумағына Байтұрсынұлы әулетінің қорымы мен тұлғаның өмірге келген үйі кіреді. 2010 жылы тұлғаның туған үйінің орнына сол кездегі үлгіде «қоржын үй» қайта тұрғызылған. Бүгінгі күні бұл үйді қазіргі заман талаптарына сай етіп қайта салу оның тарихи мазмұнын төмендететіні ескеріліп, үйді осы күйінде сақтай отырып аумағын абаттандыру жүргізіледі. Аталған объектінің аумағын абаттандыру (тас төсеніштер төсеу, ағаш отырғызу, сыртқы қоршау орнату), сонымен қатар нысанды күтіп ұстаушы отбасы тұратын және келушілер орналасатын үйлер салу жобасы әзірленуде. Киелі нысанның аумағындағы Байтұрсынұлы ұрпақтары қорымының сыртқы қоршауы 2019 жылы толық ауыстырылып жаңадан орнатылған. Үкімет басшысының жауап хатында сонымен қатар Қостанай облысының Жангелдин ауданында орналасқан А.Байтұрсынұлы атындағы ауылға баратын жолдың жөнделетіні қарастырылуда деп көрсетілген. «Ұлы тұлғаның мерейтойын атап өтуге арналған өңірлік іс-шаралар жоспарлары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстар әкімдіктерімен қабылданатын болады. Жалпы ұлт мүддесі жолында қызмет еткен біртуар тұлғалар есімін ардақтау, олардың мерейтойлық даталарын атап өту бағытындағы жұмыстар Үкіметтің тұрақты бақылауында», делінген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің хабарламасында. Сенатор А.Нухұлының айтуынша, депу-таттық сауалда айтылған мәселелердің көбі қамтылғандығы, ұлттың рухани көсемі, ұлт ұстазы деген аса мәртебелі даңқты аттың иесі Ахмет Байтұрсынұлының тарихи орнын жоғары дәрежеде аталып өтетіндігі қуантады. «Әрине, айтылу мен жазылу бар да, оның орындалу барысы, яғни нақты нәтижелігі бір басқа. Сондықтан бұл іске де кірісіп кеттік десем артық айтпаған болармын деп ойлаймын. Себебі, Сенат басшылығының осы депутаттық сауалдың орындалу барысын қадағалау мойныңызға жүктеледі деген сөзі - жауапкершілікті қосымша күшейткені мен үшін парызды міндет», деп түйіндеді сөзін сенатор.

Өз тілшіміз.


Количество показов: 36

Возврат к списку