Алғашқы ұпай

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Алғашқы ұпай 03.04.2021

Алғашқы ұпай

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі екінші кездесуін сырт алаңда Украинаға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Біздің топта украиналықтар Франциядан кейінгі мықты құрама саналатындықтан, тең есеп жеңіске пара-пар, деп есептейді спорт сарапшылары.

Оралхан ҚОЖАНОВ

1617220755-5972.jpg

Кездесуге дейін

Қос команда бұл кездесуге көтеріңкі көңіл күйде дайындалды деп айта алмаспыз. Отандастарымыз оған дейін Францияға, яғни әлем чемпиондарына қарсы лайықты өнер көрсетсе де, жеңі-лістің аты - жеңіліс. Ал Украина болса Финляндиямен болған кездесудің соңғы минуттарында жоқ жерден қақпасына пенальти соққыздырып, маңызды 3 ұпайдан қағылды. Сөйтіп, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталып, қос команда бір ұпайдан еншілеген болатын. Ашулы Украина құрамасы қазақстандық футболшыларды «қалпақпен ұрып алады» деп шулады білгіштер. Жасыратыны жоқ, отандық жанкүйерлердің өздері де құраманы жамандыққа қимаса да, сырт алаңда ірі есеппен ұтылатынын болжаған еді. Шынымен де, жаңа ойыншылардан жасақталған командадан аз уақыттың ішінде нәтиже күту  -  ақымақтық. Ұлттық құраманың жұлдызы саналатын ресейлік «ЦСКА» командасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің де жарақатына байланысты әріптестеріне көмектесе алмайтыны жеңіске деген ұмтылысты ұмыттырғандай еді... Кездесуге санаулы сәттер қалғанда Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов алғашқы минуттан бастап ойынға араласатын футболшылардың тізімін жариялады. Франциямен болған кездесумен салыстырғанда айырмашылық жер мен көктей. Тіпті, тұрақты саналатын қақпашының өзі ауысқан. Мокиннің орнын Покатилов басыпты. Жалпы, бұл тізімге қарап қазақ-стандық спорт мамандары бір-бірімен тіл табысу былай тұрсын, доп алмасуды түсінісіп үлгермеген футболшылардан үміт үзе бастаған еді. Жалпы, қос команданың УЕФА аясындағы алғашқы кездесуі 2004 жылы 8 қыркүйекте тіркелген екен. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі құрама бір топқа түскен болатын. Алғашқы ойын елімізде өтіп, отандастарымыз 1:2 есебімен жол берсе, қарымта кездесуде де 2:0 есебімен украиналықтар басым түскен.

Кездесу барысы


Кез келген халықаралық кездесу екі елдің әнұранымен басталатыны белгілі. Осы ретте, Киев қаласындағы «Олимпийский» стадионында ұйымдастырылған матчта Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалатыны туралы ақпарат қазақ тілінде хабарланды. Міне, құрмет! Кездесудің алғашқы минуттары күтпеген жерден қазақстандық аяқдопшылардың шабуылдарымен өрбіді. 15 минуттың ішінде қақпаға 2 соққы (тура болмаса да) бағыттап үлгерген отандастарымыз оңайлықпен берілмейтіндерін аңғартты. Бірақ, алаң иелері уақыт өте келе өз ойындарын тауып, қарсыластарын қателесуге мәжбүрледі. Осы орайда азулы «Манчестер Сити»-дің ойыншысы Зинченко «дирижерлік» қабілетін паш етіп, ұтымды пастарды шығарғанын атап өткен жөн. Зинченконың мәнері Бауыржан Исламханды еске салды. Спорттық жазалау шарасына байланысты Ұлттық құрамаға шақыртылмаған Бауыржанның орны ойсырап тұрғандай көрінді.Кездесудің есебі 20-минутта ашылды. Алаң иелері Яремчуктың шеберлігінің арқасында алға шықты. Украиналықтарға есепті еселеуге мүмкіндік болды. Кейде футболшыларға сәттілік серік болмай, көп жағдайда Покатилов соққыларды қайтара білді. Осылайша, қос команда үзіліске тарқасты. Ал екінші тайм бастала сала бас бапкер Талғат Байсуфинов үш бірдей ойыншыны алмастырды. Алаңға Ян Вороговский, Марат Быстров, Рамазан Оразов шығып, біздің команданың ойынына қан жүгіре бастады. Өзара пас алмасып, алаң иелерінің қақпасына лап қойған отандастарымыз дегеніне жетті. Кездесудің 59-минутында Серікжан Мұжықов қақпашыдан айласын асырып, есепті теңестірді (1:1). Бұдан кейін Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко қосалқы құрамада отырған кіл мықтыларын ойынға қосып, жеңісті жұлып әкетуге тырысқан. Бірақ, қазақстандық футболшылар сауатты қорғана білді. Тіпті қарымта шабуылдарға шығуға мүмкіндік болды. Бірақ, шабуылшыларға пас дұрыс жетпей жатты. Осылайша, кездесу тең нәтижемен аяқталып, қос команда бір-бір ұпайдан  қоржынға салды.

1617220759-9374.jpg

Кездесуден кейін

Әрине, матч аяқталғаннан кейін Қазақстан Ұлттық құрамасына мақтау сөздер көп айтылды. Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко: «Маған қазақстандық ойыншылардың соңына дейін күрескені ұнады. Олар қолдарынан не келеді, бәрін көрсете білді. Маңызды ұпайға қол жеткізді. Біз болсақ, ұрымтал сәттерді мүлт жібердік. Сол үшін жазамызды алдық. Қазақстан құрамасын құттықтаймын!», деп өз пікірін білдірді. Талғат Маруаұлы болса: «Кездесуге жеңіске жету үшіншықсақ, тең нәтижеге қол жеткізуіміз мүмкін. Тең нәтижеге үшін күрессек, ұтылып қалуымыз ғажап емес. Бұл – біздің ұранға айналды. Кездесудің екінші кезеңінде жігіттер жинақы ойын өрнегін көрсетті. Әрине, шабуылда әлсізбіз. Әлі де үйренеріміз көп. Тынбай жұмыс істеу керек», деп өз ойын ортаға салды. Әзірге біздің топта Франция құрамасы 7 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында  - Украина (3 ұпай). Екеуі де 3 кездесу өткізіп үлгерді. Ал екі кездесуде бақ сынаған Финляндияда 2 ұпай, Босния және Қазақстан құрамаларының еншісінде 1 ұпайдан бар. Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңінің кезекті кезде-суін осы жылдың
1 қыркүйегінде Украинамен өз алаңында өткізеді.



Количество показов: 139

Возврат к списку