Алғашқы сессия

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

16.01.2021

Алғашқы сессия

10 қаңтар күнгі сайлау қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа үш партия өткен болатын. Дауыс беру нәтижесіне сәйкес, «Nur Otan» партиясына 27, «Ауылға» 3 және «Ақжол» партиясына 2 депутаттық мандат берілді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, жаңадан сайланған 32 депутаттың алтауы - облыстық мәслихаттың VI шақырылымында қызмет еткен азаматтар. Мандатқа ие болғандардың қатарында 
10 әйел адам бар. 
Бұл ретте облыстық мәслихаттың хатшысы қызметіне Ернұр Әйткеновтің кандидатурасы ұсынылды. Жаңадан сайланған депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, мәслихат хатшысының нәтижелі еңбек етеріне сенім білдірді. Ернұр Нұрмұханұлының мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару саласында тәжірибесі мол. Соңғы 15 жыл аралығында Май, Баянауыл, Аққулы және Тереңкөл аудандарын басқарды.  
Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың экономика, әлеуметтік мәселелер, құқық, аграрлық даму және экология салалары бойынша тұрақты комиссияларының құрамы жасақталды. Мейрам Бегентаев, Динара Айтжанова, Илья Теренченко, Сайлау Оразбаев және Серік Сәдуақасов аталмыш комиссия-ларға жетекшілік ететін болды. 
Облыстық мәслихаттың алғашқы сессиясы барысында депутаттар назарына 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы ұсынылды. Облыстық экономика және бюлджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук алдағы бес жылда атқарылуы тиіс жұмыс ауқымын атап өтті. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жылына 30 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. 23 мың гектар жерге инженерлік желілерді тартып, 2025 жылға дейін суармалы алқап көлемін 39 мың гектарға дейін арттыру жоспарда бар. Жыл сайын 350 кәсіпкерлік нысанына мемлекеттік қолдау көрсетіліп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 
40 жобаға қаржы қарастырылмақ. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында қызмет ететін облыс тұрғындарының саны 150 мыңға жетеді. Осы орайда туризмді дамытуға да көп көңіл бөлінеді. Егер биыл карантин шаралары жеңілдесе, жазда Баянауыл, Маралды мен Тұзқалаға 162 мың турист келуі мүмкін. Ал 2025 жылға қарай облысқа келетін демалушылар саны 213 мыңға дейін өседі деп жоспарланған. Алдағы бес жылда цифрландыруды дамыту үшін 
27 жоба жүзеге асады. 
- Бес жыл аралығында 370-тен астам тұрғын үй салынып, 2 млн. шаршы метр пәтер қолданысқа тапсырылады. Нәтижесінде тұрғын үй кезегінде тұрған 9 мың адам баспаналы болады. Ауыл халқының жағдайы да жақсара түсуі тиіс. Мәселен, биыл елді мекендерде орталықтандырылған су жүйесін салуға қатысты 28 жоба қолға алынады. Бұл - 13 мың тұрғын таза ауызсуды пайдалана алады деген сөз. Ауылдарда жыл сайын 
340 шақырым жол жөнделіп, 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 90 пайызға жетеді. Биыл «Ауыл - ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша 12 елді мекенде 34 жоба іске асырылады. Осылайша, алдағы бес жылда ауылдардың әлеуметтік жағдайының көрсеткіші 65 пайыздан 97 пайызға дейін артады, - деді И.Назарчук. 
Өз кезегінде жиынға қатысқан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жергілікті билік пен депутаттар бірлесіп, елеулі еңбек етеріне сенім білдірді. 
- Күрделі кезеңде өткен сайлау кезінде облыс тұрғындарының қолдауына ие болып, депутат атанған азаматтарды құттықтаймын. Жаңа шақырылымның құрамы жаңарып, әйелдер мен жастардың саны айтарлықтай көбейді. Депутаттық корпус пен жергілікті билік тұрғындарды жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалардың барысын бақылау, жұртшылықпен кері байланыс орнату сияқты әлеуметтік-экономикалық бағыт-тардағы жұмыстарды бірлесе атқарады деп ойлаймын. Қолға алған ауқымды істер нәтижелі болып, облыстың дамуы үшін тиімді шешімдердің қабылданарына күмәнім жоқ, - деді аймақ басшысы. 
Айта кетелік, облыстық мәсли-хаттың VII шақырылымындағы депутаттардың орташа жасы 45-ті құрады. Ең жас депутат - 30 жаста.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 96

Возврат к списку