Қаламгер һәм ұстаз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз

Социал Әйтенов - Ақсу қаласына қарасты Құркөл ауылының тумасы. Алғашқы мақалалары мен өлеңдері республикалық «Қазақстан пионері» газетіне оқушы кезінде жариялана бастаған. Сонымен қатар, мектептің қабырға газетіне шығармалары басылып, журналист боламын деген арманына қарай алғашқы қадамын аттады. 
- Ол кезде мектепте «Тікенек», «Айна», «Білім жолында» деген қабырға газеттері болған. Мені журналистикаға алып келген осы шағын басылымдар. Мектеп директоры Шапағат Шүленбаев деген ақсақалдың өзі де әдебиетші болатын. Жас тілшілерге деген көзқарасы мен қамқорлығы зор-тұғын. Кейін Павлодар педучилищесін бітірген Байжұман Смағұл, Ульян Мақұл сынды аға ұстаздардан сабақ алып, шығармашылығымызды шыңдадық.  Жалпы, біздің ауылдастар шетінен шығармашыл әрі өнерпаз болып келеді. Аядай ауылдан жеті-сегіз журналист шыққан. Қазақтың демократ ақындарының бірі, журналист Сәбит Дөнентаев - біздің елдің тумасы. Семей облыстық газетінде істеген Қорабай Жапанов пен «Қызыл туда» істеген Ғаппас Әміров те біздің ауылдікі. Міне, менің жазу-сызуға жақын болуыма осы адамдардың да әсері болған шығар, - дейді Социал Әйтенов.
Социал ағалардың тұсында журналистика саласы екінің бірінің тісі батпайтын, «аспандағы» мамандық болды. Оны сол кезді көздері көрген үлкендердің естелігінен оқып, әңгімелерінен жиі тыңдаймыз. Ол кезде журналист мамандығын Қазақстан бойынша Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інде ғана оқытқан екен. Тіпті, оның өзіне іріктеуден өткен ең таңдаулы түлектер ғана қабылданады дейді. Сонымен қоса, журналистика кафедрасына оқуға түсуге келген талапкерлерге «екі жылдық еңбек өтілі болу керек» деген шарт қойған.  
- Бұл талапты мен де орындадым. Мектеп бітірген соң Май ауданына қарасты Қызылқұрама кеңшарында құрылыс учаскесінде жұмыс істедім. Одан кейін өзімнің туған ауылым – Құркөлге келіп, мұғалім болдым. Бір жылдай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ бердім. Содан бір күні Май аудандық «Шамшырақ» газетінен ұсыныс түсті. Бірден келістім. Осылайша қызығы мен қиындығы қатар өрілген журналистикадағы заңды еңбек жолым басталып кетті. Кейіннен Төлеубек Қоңыров, Мұхамеджан Дәуренбеков сынды ағаларымыз жұмыс істейтін аймақтық «Тың өлкесі» газетінің жолдамасымен Алматыға жол тартып, ҚазҰУ-дің конкурсына қатыстым. Сол кезде белгілі жазушы Рымғали Нұрғалиев, Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінің негізін қалаған Бейсенбай Кенжебаев сынды ағаларымыз емтихан қабылдады. Екі жыл мұғалім болғанымның пайдасы сол жерде тиді. Жоғары баға алып, оқуға түстім. Оқу орны қабырғасында да белсенділік таныттым. Көрнекті жазушы Дулат Исабековтің қарамағында университет газетінде жұмыс істедім. Ол кісі жоғарғы курста оқитын, біздің редакторымыз болды, - деп еске алады ағамыз.
Социал Әйтенов - журналис-тика саласының барлық бағытына маманданып, өзінің қолтаңбасын қалдырған адам. Жалпы, БАҚ саласына арнаған 50 жылға жуық уақыт дересінде газетте, телеарнада және радиода жұмыс істеп, өзін әр қырынан танытқан журналист. 1971 жылдан бастап, 
15 жылдай уақыт облыстық «Қызыл ту» газетінде жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде мерзімді басылымның барлық мүмкіндіктерін меңгеріп, көзі қарақты оқырманның сенімді серігі һәм адал досы бола білді. Облыстық газеттің барлық бөлімінің «қазанында қайнап», жас маманнан майталман журналиске айналды. Әсіресе, «Өнеркәсіп, транспорт және құрылыс» бөлімінде ұзақ жыл істеп, аймақтың экономика және құрылыс саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды оқырманға объективті түрде ұсынып отырды. Одан кейін облыстық радиода біраз уақыт еңбек етіп, 1985 жылы облыстық телерадиохабар тарату комитетіне ауысты. Онда көп жыл ақпараттық бөлімін басқарды. Одан соң, ауыл шаруашылығы бөліміне келіп, облыстағы шаруа қожалықтардың жай-күйінен хабар таратты. Сонымен қатар, үлгілі еңбек адамдарының жұмысын елге насихаттады. Ол сол кездегі халықтың ауыр жағдайын да нысанаға алып, елдің көкейінде қоздаған үлкен проблемаларды көтерді. Мысалы, Май және Аққулы аудандарынан полигонның ел мен жерге келтірген кесапаты мен зардабы жөнінде өткір хабарлар ұйымдастырды. Бүкіл Кеңес Одағы екпін берген Екібастұз электр станцияларының құрылысы да сол тұста салынып жатты. Социал аға бұл тақырыпты да көп қаузағанын айтады. Жалпы, телеарна қызметіне арнаған ширек ғасыр уақыттың ішінде редактор, аға редактор, бас редактор және директордың орынбасары қызмет-
терін абыроймен атқарды. Осы қызметпен қатар Торайғыров Универ-ситетінің журналистика кафедрасында сабақ беріп, аймағымыздағы журналистика мектебінің қалыптасуына өз еңбегін сіңірді.
Социал ағаның зейнетке шыққаннан кейінгі бар уақыты қоғамдық жұмыстармен өтіп жатыр. Бүгінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы. Мемлекеттік тілдің мүддесі жолында талай игі істерге бастама болып, батыл сөйлеп жүр. Қоғамдық ұйым арқылы облыстағы мектептер мен балабақшалардың қазақшалануына ықпал етті. Қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде көлеңкеде қалған ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту жолында талай мәселе көтерді. Осының өтеуі ретінде «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталып, жақында Май ауданының Құрметті азаматы атанды.
Бүгінде қаламгер шыққан шаңырағы – облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясына, облыстық «Ertis» телеарнасына  жиі ат басын бұрып, мұндағы әріптес іні-қарындастарына ақыл-кеңесін айтып жүреді. Өңірлік журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы айқын ағаны биылғы мерейлі шағымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық тілейміз. 

Тілеуберді САХАБА


Количество показов: 43

Возврат к списку

Раздел не найден.