Алаяқтар айылын жимай тұр

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Алаяқтар айылын жимай тұр 01.04.2021

Алаяқтар айылын жимай тұр

Аймағымызда жыл басынан бері 357 алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл статистика арқылы оңай пайданы көздеген әккілердің дәурені жүріп тұрғанын анық көруге болады. Сорақысы, қаскүнемдер тұрғындардың қаржысын интернет арқылы жымқыруда. Полицейлер күн сайын ескерткенімен, алаяқтардың арбауына түсетіндердің саны азаймай отыр. Оған жоғарыдағы факті дәлел бола алады. 

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Облыстық полиция департаменті  криминалистік полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаровтың айтуынша, өңірде тіркелген алаяқтық фактілердің басым көпшілігі алдау арқылы жүзеге асқан. Қаскүнемдер әлдебіреулерге жақын адамының жол апатына ұшырап, полиция бөлімшесінде отырғанын айтып, қоңырау шалады екен. Туысқанының басына іс түспес үшін, қомақты көлемде ақша аударуын талап етеді.
- Мұндай әдіс талай жылдан бері қолданылып келеді. Өкініштісі, адамдар тез сеніп, мәселенің мәнісін анықтамай, ақша аударады. Сан соғып қалғанын білгенде ғана, полициядан көмек сұрайды. Сонымен қатар, пәтер жалдау кезінде де алданып қалатындар көп. Баспананы көрмей жатып, алдын ала төлем жібереді. Сосын үй де жоқ, ақша да жоқ. Интернет дүкеннен тауар алу үшін де алдын ала ақша жолдайтындар  азаймай тұр. Сатып алатын затты көрмей, алдын ала төлем жасауға болмайды. Пәтерді жалға алғанда да сол үйді көріп, келісімшарт жасағаннан кейін ғана айлық төлемді беру қажет, - дейді Б.Қапаров. Балғабай Қапаровтың айтуынша, жуырда Қостанай қаласында 30 жастағы ер адам қолға түскен. Ол «Колеса kz» сайты арқылы автокөлік құралдарын арзан бағамен сатылымға шығарған. Оның құрығына Ертіс ауданының тұрғыны ілінген. Сонымен қатар, Екібастұз қаласының әккілері де жоқ тауарды арзан бағаға ұсынып, шаһар тұрғындарының ақшаларын жымқырған. Қазір қаскүнемдер құрықталған, жазасын өтеуде. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желі арқылы шындыққа сәйкес келмейтін оқиға құрастырып, ақшалай көмек сұрайтын алаяқтар да бар. Қоғамда өзін қаржы ұйымының қауіпсіздік бөлімінің қызметкері деп таныстырып, банк картасындағы ақшаны оңай жымқыратын әккілер де көбейген. Қоңырау шалған бойда, жеке мәліметтерді сұрап, ұялы телефонға смс-хабарлама жолданғанын айтады. Ондағы құпия сөзді айтқан адам картадағы ақшадан айырылады немесе несиеге тап болады. Полицейлер алаяқтардың арбауына түспеу үшін төмендегі ескертпелерге құлақ асуды сұрайды:
1. Егер интернет дүкен арқылы қажетті затқа тапсырыс берсеңіз, алдын ала төлем жасамаңыз. «Whats App» желісіндегі бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, әлгі заттың бар, не жоғына көз жеткізу қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік парақшаны толық зерттеп, тұтынушылардың  пікірлерін оқу керек. Күмән туындамаған 
жағдайда ғана төлем жасауға болады. 
2. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке мәліметтерді сұраған адамға жауап беруден бас тартыңыз. Өйткені банк базасында сізге қатысты толық мәлімет бар. Қаржы ұйымының мамандары мұндай мақсатпен ешқашан қоңырау шалмайтынын есте ұстау керек. Сіздің құпия сөзіңізді білген адам оп-оңай несие рәсімдеп, картадағы ақшаңызды алып қояды. Мұндай әрекет кезінде несиені рәсімдемегеніңізді дәлелдей алмайсыз.
3. Ғаламторда жалға беретін пәтерді көріп, хабарласқанда тұтқанын ар жағындағы адамға алдын ала төлем жіберуден сақ болыңыз. Бірден сіз таңдаған пәтердің мекенжайын сұрап, үйге кіріп, құжаттардың дұрыстығына, жарнама берген адамның үйдің иесі екеніне көз жеткізу қажет. Пәтерді көрмей, алдын ала төлем жасауға болмайды. 
4. Әлдебіреу қоңырау шалып, жақындарыңыздың жол апатына ұшырағанын айтса, уайымға берілмеңіз. Телефонды қойған бойда, алаяқ айтқан туысыңызға хабарласып, жағдайын біліңіз. Дәл осылай  әрекет етпей, ешкімге ақша аудармаңыз!
Алаяққа алданып қалған адамдар уақытты көп жоғалтпай, бірден 102 қызметіне қоңырау шалуы тиіс. Жылдам әрекет ету арқылы қаскүнемді тез табуға болады. 


Количество показов: 61

Возврат к списку