Антиденені тексеру неге тиімсіз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз? 29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?

Эпидемиялық ахуал қайта нашарлап, бойын үрей билеген жұрт вирусологтардың кеңесі мен пайымдарына зәру. Өйткені елді күмәнді ойларға қалдыратын дақпырт пен адастыратын ақпарат жетіп артылады. Бұл жолы Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман «Дельта» штамына қатысты өз білгенін бөлісті.

 

Вирусологтың айтуынша, бүкіл әлем коронавируспен күресудің жауапты кезеңіне аяқ басты, өйткені пайдасы жоғары әрі тиімді вакциналар жасалды. Өкінішке қарай, індетке шалдыққандар күн сайын көбейіп, антирекорд жаңартылып жатыр. Бүгінде Қазақстан халқының тек 16%-дан астамы ғана екпенің екі компонентін алған. Демек, халықтың әлі 85%-ы вакцина алмаған. Бұл –
жаңа мутацияланған «Дельта» корона-вирусының таралуы үшін қолайлы орта. «Әрбір ауырған адам инфекцияны 5-6 адамға жұқтырады. Вакцина алмағандар қатерлі жағдайда жүреді. Коронавирустың қазіргі нұсқасы жұқпалы екенін есте ұстаған жөн. Бірақ Қазақстанда вакцина алған адамдардың пайызы төмен. Біз індеттің өте қауіпті кезеңіне аяқ бастық. Жағдайды вакцина алу арқылы өзгертуге болады», дейді А.Шарман. Ол елдегі эпидемиологтердің тапшылығын жоққа шығармайды. Алайда ғалымның айтуынша, қазіргі кезде ғылым мен медицина бағытын қалпына келтірудің мүмкіндігі бар. Расында жаһандық пандемия елдегі эпидемиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетті. Қазіргі таңдағы кадр тапшылығына байланысты эпидемиялық бақылау мәселелерін шешу күрделі екені жасырудың қажеті жоқ. «Мен 40 жылдық тәжірибесі бар иммунологпін және өз кезеңінде жұмыс істеген эпидемиолог, вирусологтардың қандай екенін білемін. Өкініштісі сол, қазір көбі қызметте емес. Қызметтің бұл саласы өте маңызды. Сондықтан біз жарты жыл бұрын дәрігерлер тобымен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, бұрын болған гигиена және эпидемиология мектебін қайта құру туралы үндеу тастадық. Бұл болашақта эпидемия жағдайында эпидемиолог пен вирусологтардың мықты кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін қажет. Алайда біз үшін бұл сала бүгін қажет. Сондықтан қазіргі уақытта індет таралуын жақсы қадағалап, кәсіби мамандармен вирусты жеңе алатын эпидемиологтар даярлануда», деді А.Шарман. Ғалым ел аумағында бұрын болған әлеуеттің жоғалғанын өкінішпен еске алды. Бірақ қазір оны қалпына келтірудің ерекше мүмкіндігі бар. Бұл үшін адам ресурстарына қомақты инвестициялар керек. Танымал вирусологтің айтуынша, медициналық университеттерде эпидемиология және профилактикалық медицина мәселелерімен тікелей айналысатын қоғамдық денсаулық сақтау мектептерін қайта құру қажет. Бұл өте маңызды: аурулардың алдын алуға неғұрлым көп инвестиция салсақ, адамдар соғұрлым аз ауырады және емдеуге аз қаржы жұмсалмақ. Брифинг барысында Алмаз Шарман бірқатар мәселеге тоқтала келе, ел ағзадағы антиденелердің болуы немесе болмауы туралы алаңдамауы керек екенін айтты. Өйткені коронавирустан қорғауға мүлдем басқа иммундық жасушалар жауап береді. Ғалым инфекциядан кейін жасушалық иммунитеттің қарқындылығын тексеру қиын деп есептейді. «Біз иммундық жасушаларды «жады жасушалары» деп атаймыз. Бұл – Т лимфоциті мен В лимфоциттері, негізінен сүйек кемігінде шоғырланған, оған жету үшін маңызды медициналық процедураны өткізу қажет. Дегенмен мұндай зерттеулер салыстырмалы түрде жақында жүргізілді. Осыдан екі ай бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған, содан кейін вакцина алған 70-тен аса адамға зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеулер жасушалық деңгейде мүмкін болатын иммундық қорғаныс 12 айға дейін немесе өмір бойы жеткілікті екенін көрсететін қызықты нәтижелер береді», деді вирусолог. Ғалымның пікірінше, антиденелерді анықтау көбінесе тиімсіз. Өйткені негізгі иммундық қорғаныс жасушалық деңгейде. Вакцина жасушалық иммунитетті он есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұрын бақылау қиын болған, бірақ зерттеулердің арқасында отандық ғалымдар осындай маңызды тұжырымдарға келді. А.Шарманның айтуынша, вакцинадан бұрын вирусқа қарсы антиденелерге талдау жасаудың мағынасы жоқ. Негізінен аурудан кейін және вакцинадан кейін иммундық жауап жасушалық деңгейде дамиды. «Антиденелер белгілі бір рөл атқарады, олар иммундық жүйенің «әскері» ретінде сіздің ауырып қалуыңыздың немесе вакцинаның көрсеткіші болуы мүмкін. Бірақ шынын- да нақты қорғаныс жасушалық деңгейде өтеді. Коронавируспен ауырып, вакцина алған адамдарда жасушалық деңгейде иммундық қорғаныс он есе артады. Бұл – өте тиімді қорғаныс әдісі», деді маман. Қазақстанда 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды Pfizer препаратымен вакциналау мәселесі қарастырылып жатқаны аян. Алайда вирусологтың айтуынша, қазіргі уақытта балаларды вакциналау мәселесі маңызды емес. «Меніңше, қазір Спутникті әзірлеушілер 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға клиникалық зерттеулер жүргізіп отыр. Moderna компаниясы да осындай сынақтар жүргізеді. Халықтың жартысы вакцинаның екі дозасын алған елдер үшін бұл мәселе өзекті болуы мүмкін. Ал Қазақстанда ересектердің тек 16%-ы ғана екпе алды. Сол үшін балаларды вакциналау туралы айтуға әлі ерте. Ең бастысы, ересек тұрғындарды 50%-ға дейін вакцинамен қамту керек», деді А.Шарман. Ғалымның айтуынша, вирус мутациясы жалғасып жатыр. Егер бір жыл бұрын КВИ негізінен қарттар мен әртүрлі созылмалы аурулары бар адамдарға әсер етсе, қазір коронавирус 30 жастың ар жақ, бер жағындағыларға да әсер етіп, жағдайды ушықтырып отыр.

Өз тілшіміз

 


Количество показов: 241

Возврат к списку