«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?

Көпшілік ресейлік «Детектор лжи» телебағдарламасын ұмыт-паған болар. Арнайы құрылғы  көп жағдайда ерлі-зайыптылар арасындағы опасыздықтың бетін ашуда қолданылатын. Дәл осы  технология павлодарлық полицейлерге қылмыскерді анықтауға көмектесуде.  
Жергілікті тәртіп сақшылары отандық «AQIQAT» компьютерлік полиграфы арқылы 60-қа жуық зерттеу жүргізіп үлгерген. Тер-
геушілер күдіктілердің барлығын полиграфияға сүйремейді. Құрыл-ғыны пайдаланудың өз тәртібі, талабы бар. 
- Тергеу басқармасының мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Мамандар полиграф арқылы жауап алуға қатысатын адамдардың тізімін бекітеді. Олардың ішінде күдікті, жапа шегуші, куәгерлер де бар. Қан қысымымен ауыратын адамдар «AQIQAT» арқылы тексерілмейді. Жауап берушілер алдын ала дайындалады. Қобалжымас үшін ұйқылары қанық, шаршамаған болуы қажет. Осы зерттеуден өтетін адам арнайы жабдықталған орындыққа отырады. Егер күдіктінің пікірі шындыққа сай келмесе,  детектордың дыбыс сымдарының дауысы өзгереді. Қандай да бір сауал кезінде шынайы не өтірік сөйлегені нақты анықталмаса, қорытындыға «жауап күмәнді» деп жазылады. Зерттеу аяқталған соң, нәтиже тергеушілерге жолданады, - дейді облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының криминалисі Юрий Духновский.
«AQIQAT» компьютерлік полиграфы арқылы криминалистердің барлығы жұмыс істей алмайды. Басқармада детектордың тілін Юрий Духновскиймен қатар тағы 2 маман жақсы меңгерген. Үшеуі де Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында арнайы оқуға қатысып, 2 айға жуық уақыт технологиямен зерттеу жүргізу тәсілін толық үйренген. 
Криминалистің айтуынша, тергеушілер «AQIQAT» полиграфының көмегімен қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерді анықтауға мүмкіндік алды. Жүргізілген 54 зерттеудің тең жартысы тергеушілердің күдігін растап, қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіліп, шешім шыққан. 
Полиграф дененің әртүрлі бөліктеріне бекітілген датчиктердің сигналдарын қабылдауға қауқарлы. Заманауи құрылғы алақанның 
терлеуі, қан қысымы мен тыныс алу кезіндегі өзгерістерді өте дәл тани алады. Адамның тыныс алу жылдамдығының өзгеруін бақылау үшін кеудеге және асқазанға пневматикалық түтіктер орнатылады. Қан қысымының өзгеруі иыққа оралатын арнайы манжеттің көмегімен тексерілсе, алақанның терлеу жылдамдығы саусақтарға бекітілген металл электродтардың көмегімен жазылып алынады. Детектор адам бойындағы 50 физиологиялық параметрді тіркеуге қабілетті. Яғни, беттің қызаруы, еріннің қысылуы, көз қарашық-тарының кеңеюі  немесе тарылуы, жылдам жыпылықтау арқылы өтірік сөйлегені анықталады. Егер күдіктінің пікірі шындыққа сай келмесе, детектордың дыбыс сымдарының дауысы өзгереді. 
- Қылмыстық істі тергеумен айналысатын мамандар  күдіктінің қылмысқа қатысы барын не жоғын алдын ала сезеді. Себебі олар куәгерлермен, жапа шегу-шімен тілдесіп, мән-жайды анық-тауға қатысты барлық мәліметтерді қажетті органдардан сұратады. Ал полиграфтың көмегімен тергеуші, криминалистердің күдігі расталады. Детектор 99,9 пайыз шындықты көрсетеді. Құрылғымен жұмыс істеу өте ыңғайлы, - дейді Ю.Духновский.


Количество показов: 84

Возврат к списку