Қар мен мұздың әлегі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

13.02.2021

Қар мен мұздың әлегі

Жеке секторға көмек жетті

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Игорь Рыбастың айтуынша, күн сайын көктайғаққа қарсы 14 құмшашқыш техника шығады екен. Жаяу жүргіншілерге арналған жол кестеге сай реттеліп жатқан көрінеді. Техника кіре алмайтын тар жүргіншілер жолға адамдардың көмегімен құм шашылуда.
- Соңғы апталарда коммуналшылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, қар тазалау жұмыстарына белсенді кірісуде. Бұл іске тәулігіне 160 адам, 130 техника, оның ішінде 37 тиегіш, 85 жүк көліктері, көктайғаққа қарсы 14 құмшашқыш техника жұмылдырылады. Ең алдымен қоғамдық көлік жүретін көшелер тазаланады. Кейін екінші деңгейлі көшелерге көшеміз. Сыпырушы техника жолдарды тазалайды. Жол бойында пайда болған үйінділерді іле жүк көліктері алып кетеді. Ал көктайғаққа қарсы автожолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға құм шашылады, - дейді Игорь Рыбас.
Соңғы деректерге сүйенсек, 10 ақпан күні қала сыртына 6000 тоннадан астам қар шығарылған. Жалпы, қыс маусымы басталғаннан бері 300 мың тоннадан астам қар полигонға тасымалданған. Айтпақшы, коммуналшылар жеке секторға да ат басын бұрып, барынша қол ұшын созуда. Атап айтсақ, Екінші Павлодар және Зеленстрой шағын аудандарындағы көшелер қардан тазартылып, сәйкесінше көктемгі уақытта үйлерді су басу қаупі төмендегенін атап өткен жөн.
Ал қар тазалау ісіне ПИК және бизнес нысандарының иелері қаншалықты үлес қосуда? Өкінішке қарай, өз міндетіне атүсті қарап, қарды уақытылы тазаламайтын кәсіпкерлер жетерлік. «Қара тізімде» кейбір ПИК өкілдері де бар. Жақында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 42-үйдің тұрғындары қызмет көрсетуші ПИК-тің ауладағы қарды шығармай жатқаны туралы шағым түсірген болатын. Бұл іске құқық қорғау органдары араласып, ПИК басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы, тәртіп сақшылары ұйымдастырған соңғы рейдтің барысында қар тазалау ісіне салғырт қараған 23 кәсіпкер пен бір ПИК өкілі анықталыпты. Олардың барлығы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 505-бапқа сәйкес, яғни, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша жауапқа тартылған. Өткен қаңтар айында облыс бойынша абаттандыру ережесін (оның ішінде қар тазалау да бар) бұзған 540 азамат тіркеліпті. Айыппұлдың жалпы көлемі 263 мың теңгені құрап отыр.
Естеріңізге салсақ, ПИК және бизнес нысандары ғимараттан 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығына жауапты. Яғни, бұл аумақта қар үйінділері, мұз және қоқыс болмауы керек. Осы ретте, тұрғындар көктайғаққа қарсы ешқандай шара қолданбай отырған кәсіпкерлер пен ПИК өкілдерін жазалау керектігін алға тартып отыр.

Күре жолдың күтімі қалай?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде республикалық маңызы бар жолдардың кейбір бөліктері қар астында қалғаны туралы бейнежазбалар жиілеп кетті. Әсіресе, Шідерті кентінен Бозшакөл кен орнына дейінгі тас жолдың ақ ұлпадан көз ашпайтыны белгілі болып отыр. Көктайғаққа айналған жол бөлігі аз емес.
Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалына хабарласып, мәселенің мән-жайына үңілдік.
- Қар басып қалатын учаскелер әрдайым назарда. Техникалар таңнан кешке дейін жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тазаланған аумақты қар қайтадан басып қалып жатады. Мәселені түпкілікті шешу үшін қар ұстайтын қоршаулардың салынуы маңызды. Әзірге автобанның 2-3 учаскесінде ғана қоршаулар бар. Алдағы уақытта қар ұстайтын қоршаулардың саны артып, сәйкесінше жолдағы жағдайдың реттелетініне сенімдімін.
Көктайғаққа келсек, Нұр-Сұлтан-Павлодар автобанының қолданысқа берілгеніне көп уақыт өткен жоқ. Бетон берік орнықпайынша, тұз және химиялық қоспаларды себуге болмайды. Тұзды мүлдем қолданбаса тіпті жақсы. Әйтпесе, жолдың сапасы бұзылады. Көктайғақ орын алған жағдайда 20 пайыз тұз, 80 пайыз құм қосып, жолға себеміз. Мұз еріген уақытта арнайы техника жолы бір тазалап өтуі тиіс. Бірақ, үлгермейміз. Техника жеткенше қайтадан қатып қалады, - дейді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Ерлан Рыспеков.
Кәсіпорын басшылығы техниканың жеткіліксіздігін жасырмайды. Белгілі болғандай, қысқы маусымға дейін 4 жаңа техника сатып алынған. Кейбірін жалдауға мәжбүр. Келісімшарт бойынша жолды тазалауға жауапты – «Қазақавтожол» ЖШС-нің кейде техникалары істен шығып, 1-2 күн жөндеуде тұрып қалатын көрінеді. Бұл да қар тазалау жұмыстарына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Қысқы маусымға дейін техника паркінің дайындығы 85 пайызды құрағанын атап өткен жөн.
Жалпы, Павлодар облысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1 662,28 шақырымды құрайды. Қала берді, 29 көпір және жол айналмаларының, 610 су өтетін құбырлардың жағдайына «ҚазАвтоЖол» мекемесі жауапты. Биыл қысқы маусымда жолдарды күтіп-ұстауға 1 миллиард 700 миллион теңге қаражат бөлінген.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 65

Возврат к списку