Қар құрсауынан қашан арыламыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?

Жақында автобанның Екібастұз қаласы аумағында жол тазалап жүрген ауыр техниканың қатысуымен жол апаты орын алды. Салдарынан бір әйел көз жұмды. Қайғылы жағдай тал түсте болған. Көлік иелері бұл жағдай жолдардың уақытылы талазанбауының салдары дейді. Көлік қозғалысына жол аршитын үлкен машиналар жиі кедергі келтіреді. 
Осы мәселе бойынша республикалық маңызға ие жолдарды күтіп-ұстауға жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалына хабарластық. 
- Қар басып қалатын учаскелер әрдайым назарда. Байқағанымыз, біздің техникалар тазалап өткен аумақты 10 минуттан кейін қайтадан қар басып қалады. Сол себепті техникалар таңнан кешке дейін жағдайды бақылауда ұстап отыр. Мәселені түпкілікті шешу үшін қар ұстайтын қоршаулардың салынуы маңызды. Әзірге автобанның 2-3 учас-кесінде ғана қоршаулар бар. Алдағы уақытта қар ұстайтын қоршаулардың саны артып, сәйкесінше жолдағы жағдайдың реттелетініне сенімдімін. Жасыратыны жоқ, техниканың жетіспеушілігі де байқа-лады. Қысқы маусымға дейін компания басшылығы 4 жаңа техника берген еді. Бірақ ол жеткіліксіз. Жетпегенін жалдауға мәжбүрміз. Келісімшарт бойынша жолды тазалауға жауапты  «Қазақавтожол» ЖШС-нің кейде техникалары істен шығып, 1-2 күн жөндеуде тұрып қалады. Бұл да қар тазалау жұмыстарына кері әсерін тигізетіні сөсзіз, - дейді ұлттық компанияның облыстық филиалы директорының орынбасары Ерлан Рыспеков.
Бұл салада мол тәжірибесі бар, жол саласының құрметті ардагері Амангелді Табаевтың айтуынша, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының барлық облыс-тарды техникамен жарылқауға шамасы жетеді. Десе де, барлық мәселе техникаға ғана тірелмейді.
- Былай қарасақ, техникамен қарды тазалау оңай шаруа сияқты. Десе де, жол тазалаудың арнайы технологиясы бар. Онда қай уақытта қандай техника қай жерді тазалайтыны көрсетілген. Боранды күндері жолдардың барлығын қар баспайды. Жиі қар құрсауында қалатын учаскелер болады. Оның сызбасы жолды күтіп-ұстауға жауапты мекеме өкілдерінің қолында бар шығар. Өкінішке қарай, бізде бұл істің қыр-сырына қанық білікті мамандар тапшы. Салдарынан жолды тазалау технологиясы дұрыс қолданылмайды. Біздің уақытта қазіргідей жаңа техникалар болған жоқ. Соның өзінде совхоздардағы техникасы бар азаматтармен келісімшартқа отырып, жолды уақытылы тазалайтын едік. Аяғымызға пима киіп алып, күні-түні жолдың жайын бақылауда ұстадық. Жасыратыны жоқ, қазір жолды күтіп-ұстауға жауапты мамандар жылы кабинеттерінен шықпайды. Жағдайды өз көзімен көріп, бақылауда ұстамағандықтан, мердігерлер өз жұмысын шала орындайды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың шағым түсіруіне алып келеді, - дейді А.Табаев.
Көлік иелерін алаңдатып отырған тағы бір мәселе – көктайғақпен күрестің әлсіздігі. Салдарынан көлік апаты жиі тіркеліп, баратын жеріне уақытылы жете алмайтындар көп. Түсінгеніміздей, боран болса да, көктайғақ орын алса да техниканың жеткіліксіздігі алдан шығады. Көрші Ресейде арнайы арақашықтық бекітіліп, әр учаскеде жолды тазалауға техникалар сақадай сай тұрады дейді ол жаққа жиі қатынайтын жүргізушілер. Бізге де осындай әдіс қолдану керек шығар. Әйтпесе, Шідертіден Қалқаман бағытына қарай шыққан техниканың жүктемесі көп екені жиі айтылып жүр.
- Көктайғақты жоюдың да өз әдісі бар. Біздің кезімізде тұзды пайдаландық. Қазір бетон жолға тұзды қолдануға рұқсат етілмейтін көрінеді. Десе де, тығырықтан шығатын жол болады. Бетон жол таңсық емес қой. Шетелдің тәжірибесіне иек артқан жөн шығар. Олар көктайғақпен қалай күреседі екен? Ол үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, - дейді А.Табаев.
Осылайша, «ҚазАвтоЖол» компаниясы өз дәрменсіздігін техникалардың жетіспеушілігімен, ауа райының жиі құбылуымен жасырғысы келетін сыңайлы. Үлкен жолдың аты - үлкен жол. Бұл жерде көлік ағыны уақыт өткен сайын көбеймесе, азаймасы анық. Тұрғындар жолға жауапты кәсіпорын өзінің алдағы жұмыс стратегиясын өзгертіп, жолдарды тұрақты түрде тазалап отырудың әдісін, жүйесін ойлап табуы тиіс деген пікірде. Алдағы уақытта мәселе оң шешімін табады деген сенім зор.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 39

Возврат к списку

Раздел не найден.