Қаратоғайлықтардың қалауы не?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?

Кеңес ауылдық округіне қарасты Қаратоғай ауылында 60-қа жуық үй түтін түтетіп отыр. Ертіс өзенінің жағасында орналасқан елді мекен тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Былтыр кешенді блок-модуль орнатылып, ауылдағы ағайын таза ауызсумен қамтылды. Көшелер жарықтандырылып, қоқыс полигоны тазартылды. Бастауыш мектепте жөндеу жүргізіліп, спорт залы ретке келтірілді. Бірақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан, «әттеген-ай!» дейтін жайттар да бар. Айталық, бұл ауылда ұялы байланыс пен интернет желісінің жылдамдығы нашар. Сондықтан тұрғындар қораның, моншаның, әйтеуір бір биіктіктің үстіне шығып, антенна ұстайтын орынды іздеуді әлі доғара қойған жоқ. Одан табылмаса, үйдің бұрыш-бұрышын телефонмен тексеріп, байланыс жақсы ұстайтын жерді табуға талпынады. Қызметтердің барлығы дерлік электронды форматқа көшкен, әсіресе оқу қашықтан ұйымдас-тырылған қазіргі кезде жаһандық желінің жетпеуі тіпті қиын. 
- Бұрын 5-11-сыныпта оқитын 10-ға жуық бала 15 шақырым жердегі Ямышев ауылына барып оқитын. Карантин шараларына байланысты олардың оқуы қашықтан білім беру режиміне көшті. Содан бері балалар үй тапсырмаларын жүктей алмай әлек болады. Іздеп жүріп әрең тапқан, желі жақсы ұстайтын «нүктенің» өзінде интернеттің жылдамдығы өте баяу. Ұялы байланыс та бірде жақсы, бірде нашар. Сондықтан жақын-жұрағатпен жиі хабарласып, тілдесе алмаймыз, - дейді ауыл тұрғыны Даржан Құсайынова. 
Кеңес ауылдық округінің әкімі Ақылбек Бердіхановтың айтуынша, Қаратоғай ауылына жақын аумақта ұялы байланыс операторларының төрт бірдей мұнарасы бар. Бірақ Қаратоғай ойлы жерде орналасқандықтан, бұл жаһандық желімен әрі ұялы байланыспен қамтитын мұнаралардың қуаты төменде жатқан елді мекенге жетпейтін көрінеді. 
- Қаратоғайдағы бастауыш мектепте интернет жылдамдығы жақсы. 
Ал үйлерде баяу екені рас. Ғаламторға қолжетімділікті арттыру үшін мектептің төбесіне спутниктік құрылғыны орнатып берер компанияны іздеп жатырмыз. Жаһандық желіні тарататын «нүкте» биікте орналасса, жылдамдық та жақсара түсуі тиіс, - дейді Ақылбек Түсіпбекұлы. 
Бұл мәселе осы жолмен шешіліп, байланыс машақаты артта қалса жақсы болар еді. Жол демекші, Қаратоғайға кіреберіс үш шақы-рымдық жолдың сапасы да сын көтермейді. Тұрғындардың айтуына қарағанда, қиыршық тас қана төселген жолмен жазда да жүру қиын, қыста да басып қалатын қалың қар қатынасты қиындата түседі. 
- Жол азабын тартып келе жатқанымызға 30 жылдың жүзі болды. Осыдан 4-5 жыл бұрын жолдың бір бөлігіне ғана асфальт төселді. Қалғаны - қиыршық тасты  жол. Қыс келсе болғаны, бұл кіреберіс жолды қар басып қалады. Жергілікті әкімдік жалдамалы техникамен бірнеше рет тазартады. Бірақ арнайы техниканы жиі жалға алу үшін қаржы қажет. Сондықтан ара-тұра өз тракторыммен жолды ашып, көлік қатынасын қалыпқа келтіруге тырысамын. Бұл - жыл сайын қайталанатын құбылыс, - дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Тайтаев. 
Жол мәселесі мұнымен бітпейді. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, ауылға келетін автобус жоқ. Павлодар-Ольгинка бағытында қаты-найтын қоғамдық көлік Қаратоғай тұрғындарын да тасымалдайды деген ресми деректер бар. Әйтсе де, іс жүзінде мүлде олай емес. 
- Кіреберіс жол сапасыз болған-дықтан, автобус түгілі таксидің де біздің ауылға келгісі жоқ. Кейде көлігі бар ауылдастармен жолшыбай облыс орталығына 500 теңгеге жетіп, шаруаларымызды ыңғайлап аламыз. Ал такси қызметі кей кездері 1000-1500 теңге сұрайды. Жол жөнделіп, автобус қатынасы жанданса жақсы болар еді, - дейді Д.Құсайынова. 
Тұрғындардың өтініші ескеріліп, биыл кіреберіс жол ретке келтірілуі тиіс. 
- 2016 жылы кіреберіс жолы орташа жөндеуден өтті. 980 метрге асфальт, қалған бөлігіне қиыршық тас төселді. Бүгінде аудандық нақты сектор бөлімі қалған екі шақырымды асфальттауға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Содан соң жол қалпына келтіріледі, - дейді ауыл әкімі. 

Бұл жоспардың барлығы іске асып, жақын уақытта мәселе шешілсе екен дейміз. Әйтпегенде, облыс орталығының іргесінде орналасқан елді мекен жұртшылығының байланыстан да, жолдан да әлі қиындық көретін түрі бар. 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 73

Возврат к списку