Қария жәрдемақыдан неге қағылды?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Токиоға кімдер барады?
26.01.2021

Өнерімен танымал
26.01.2021

Кемшіліктер бар
26.01.2021

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

29.12.2020

Қария жәрдемақыдан неге қағылды?

Жағдай түсінікті болуы үшін әңгімені сәл әріден қозғауды жөн санап отырмыз. Қайкен Айтуарова 1938 жылы Качир ауданында (қазіргі Тереңкөл) дүниеге келген. Жолдасының есімі – Сайдаш Айтуаров (ертеректе дүниеден өткен), 4 баласы бар. 1990 жылдары облыс орталығына қоныс аударып келіп, ел қатарлы тіршілік істеп жатқан отбасы күтпеген жерден ауыр қазаға тап болады. 1991 жылы Аягөз қаласында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген кіші ұлы Жанат мезгілсіз дүниеден өтеді. Бірақ, әскери міндетін атқару кезінде қайтыс болған азаматтың отбасына төленуі тиіс өтемақы дер кезінде тағайындалмаған. «Содан бері қаншама мекеменің есігін қағып, табалдырығын тоздырсам да, нәтижеге жете алмадым» деп налиды қарт ана. 
- Мезгілсіз келген ажал барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып, отбасымызды үлкен қайғыға батырғанын несін жасырайын...  Әскери бөлімнің жатақханасында демалып жатқан жерінде біреудің қастандығынан көз жұмды. Кейін күдіктінің қылмысы әшкереленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Содан бері 30 жыл уақыт өтсе де, жүректегі жара жазылар емес. Дегенмен, тірі адам тіршілігін істейді ғой. Мұндай жағдайда мемлекет оның отбасына немесе ата-анасына моральдық өтемақы төлеу міндетті екенін кейін білдік. Бірақ, бізге ондай төлем берілмеді. Біраз мекеменің табалдырығын аттадым. Павлодар қаласы әкімдігіне, құзырлы мекемелерге және қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментке кіріп, барлық дәлелдейтін құжаттар мен анықтамаларды көрсеттім. «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалынан жәрдем сұрадым. Бірақ, баланың әскери борышын өтеу кезінде қайтыс 
болғанын дәлелдей алмадым.Анығында менің жанайқайыма лауазымды тұлғалар құлақ аспады. Бұл – 
бір. Екіншіден, мен Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңестірілген адаммын. Мемлекеттен маған осы жағынан да берілетін көмектері бар еді. Бірақ, ондай санаттағы қарттардың қатарынан сызылып қалған секілдімін. Жылына бір рет бөлінетін көмектің өзіне іліне алмай келемін. Жауапты мекемелердің біреуі де менің сөзіме құлақ аспады, -  
дейді Қайкен Айтуарова.
Қарт ананың басындағы жағдай мен билікке бағыттаған базынасын құзырлы мекемелерге жеткіздік. Павлодар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Назкен Қадырқызының сөзінше,  тұрғынның аты-жөні соғысқа қатысушылармен теңестірілген тұлғалардың тізімінде жоқ екен. Тіпті, ол кісінің жасы да сәйкес келмейді деп отыр. Себебі, арнайы қаулы бойынша мұндай мәртебе 1937 жылы және одан бұрын туылған адамдарға ғана беріледі екен. Ал Қайкен Айтуарова «маған мұндай мәртебені әскери қызметте қайтыс болған азаматтың анасы ретінде берілді» деп отыр.
- Павлодар қаласында соғыс ардагерлеріне теңестірілген 700-ден астам зейнеткер бар. Мұндай мәртебе оларға әртүрлі жағдайда берілген. Егер осы мәртебелерін растайтын құжаттары түгел болса, 9 мамыр – 
Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 
30 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін бір реттік көтерме ақы алады. Сонымен қатар, 80 жастан асқан және ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын 97 адамға 2,9 АЕК көлемінде бір жолғы жәрдемақы төленеді. Қайкен Айтуарова мұндай санатқа да жатпайды, - 
дейді Нәскен Қадырқызы. 
Ал әскери борышын өтеу кезінде қайтыс болған сарбаздың отбасы заң бойынша ай сайын 12 мың теңгеге дейін өтемақы алып тұруы керек. Бұл сома Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тағайындалуы тиіс екен. Егер құзырлы мекеме сұратқан құжаттар қолда болған жағдайда көрінген мекеменің есігін тоздырып, жүруге еш негіз жоқ екенін айтады мамандар.
- Бұған бірнеше түрлі құжат талап етіледі. Атап айтқанда, сол сарбаздың қайтыс болғандығы туралы куәлігі, жергілікті қорғаныс департаментінің әскери қызмет барысында қайтыс болғаны туралы анықтама, жоқтаушы адамның марқұммен туыстық байланысын растайтын құжаты, жеке куәлігі және банк есепшоты. Осы құжаттардың барлығы толық болған жағдайда ешқандай қиындықсыз қызмет көрсетіледі, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалының PR менеджері Мейрамгүл Әбдрахманова.
Аталған мәселе бойынша құқық қорғаушылардың кеңесіне де жүгіндік. Білікті заңгер Серік Жолдасбаевтың сөзінше, құзырлы мекемелер аталған өтемақыны тағайындаудан бас тартқан  жағдайда әскери сотқа немесе жергілікті прокуратураға арыз түсіруге құқығы бар. 
Қ.Айтуарованың шағымын растау үшін Еңбек, әлеуметтік және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне хабарластық. Департамент басшысының орынбасары Алмагүл Мұхамедованың сөзінше, әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің ата-анасы ретінде жәрдемақы алмаймын деген шағымы негізсіз. 
- Қазіргі таңда Қ.Айтуарова 81 422 теңге көлемінде зейнетақы алады. Оның 43 188 теңгесі – ынтымақтық, 25 482 теңгесі – базалық зейнетақы. Бұлар Зейнетақымен қамсыздандыру Заңы бойынша бекітілген. Ал қалған 12 752 теңгені жоғарыда аталған статусы үшін, яғни әскерде қайтыс болған баласының өтемақысы ретінде алады. Бұл ҚР Арнайы мемлекеттік жәрдемақы Заңы бойынша тағайындалған. Тұрғын бұл төлемді өтініш берген сәттен бері алып келеді, - дейді А.Мұхамедова.
 Қайткенмен бір түсініспеушілік бар. Қайкен Айтуарова «табанымнан тозып талай мекеменің есігін қақтым, ешкім дұрыс жауап қатпады» деп зар болып отыр. Бұл жерде түсіндіру, жеткізу жұмыстары жетіспей тұрғаны байқалып тұр. Яғни, сол мекемелер бірден назар аударып, не үшін бұлай әрлі-берлі жүргізіп қойғанын анықтап беруі керек еді. Не болмаса, құзырлы органдарға қарай бағыттап, жол көрсетуі тиіс еді. Дер кезінде ондай жұмыс жүргізілмеуінің салдарынан қарияны уайымдатып қойған. Қазақ  -  қариясын қашан да құрмет тұтқан халық. Кейуананы бейнетінің зейнетін көрер шағында ары-бері жүргізіп қою – елдігімізге сын. Яғни, аталған шағым бойынша жауапты мамандар мәселенің ақ-қарасын анықтап, ресми түрде жауап береді деген сенімдеміз. 

Тілеуберді САХАБА

Количество показов: 71

Возврат к списку

Раздел не найден.