Қаруды сақтаудың тәртібі қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Қаруды сақтаудың  тәртібі қандай? 03.04.2021

Қаруды сақтаудың тәртібі қандай?

Азаматтық қаруларды үйде сақтаудың өз талап, ережелері бар. Жақында облыс орталығында «Қару» жеделпрофилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, үй жағдайында қару ұстайтын азаматтардың заңды қаншалықты дұрыс сақтайтыны тексерілді. Тиісінше түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, үйде қару сақтау кезінде нені ескеру керек, көпшілік оны қаншалықты жақсы біледі? Осы және өзге де сауалдарға Павлодар қаласы полиция басқармасына қарасты әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрлан Қарағожинов жауап берді.

- Нұрлан Мұратұлы, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында неше тұрғынға байланысты тексеріс жүргізілді?

- Полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде азаматтық қаруды және оның оқ-дәрілерін үй жағдайында сақтайтын 1000-ға жуық адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріс жүргізді. Соның нәтижесінде атыс қаруын және жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды сақтаудың ережесін бұзған 65 жағдай анықталып, ол азаматтарға әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, тіркеу құжаты жоқ 2 бірлік травматикалық қару және 9 дана патрон тәркіленді. Мысалы, 36 жастағы «А» есімді азаматтан құжаты жоқ электрошокер, 1972 жылы туған «И» есімді азаматтың сейфінен травматикалық патрондар табылды.

- Тіркелген қаруды үйде сақтау ережесін бұзған азаматтарға қатысты қандай шара қолданылады?

- Жалпы, тіркелген және барлық құжаттары рәсімделген қаруды үйде ұстауға болады. Бірақ оны сақтаудың арнайы ережесін ескермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көп азаматтар сол ережені сақтамай жатады. Соңғы тексеру нәтижесінде азаматтық қару мен оның оқ-дәрілерін сақтау ережелерін бұзғандар көптеп тіркелді. Мысалы 1962 жылы туған «Ш» есімді қала тұрғыны сейфте қарумен бірге ақшасын және алтын бұйымдарын сақтаған. Бұл қару сақтау ережесіне сәйкес келмейді. Сондықтан ол азамат ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы Кодекстің 484-бабы бойынша әкімшілік жауап-кершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бірақ біз айыппұл салумен ғана шектел-мейміз. Білмеген адамдарға түсіндіреміз. Яғни, мамандандырылған оқу орталығына қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша қайта даяр-лауға жібереміз. Мұндай жағдайда қаруды уақытша тапсырады да оқыту курстары аяқталғаннан кейін қайтарылады.

- Үйде қару сақтайтын азаматтар нендей ережелерді есте ұстауы керек?

- Азаматтық қаруды сақтаудың өз тәртіп, талабы бар. Міндетті түрде сейфке салу керек. Оның қабырғасының қалыңдығы 4 мм-ден кем болмауы шарт. Сонымен қатар, сейфке GSM дабыл беру құрылғысын орнатып, оны ұялы телефонға қосып қою керек. Не болмаса күзет мекемелерімен келісімшартқа отырып, дабыл беру құрылғысын үйге орнату керек. Ол арнайы мекемелердің бақылауында болады. Бір үйге тегіс ұңғылы қару үшін 500 патронға дейін, ал ойық ұңғылы қару үшін 100 патронға дейін ғана сақтауға болады.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен - Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 55

Возврат к списку