Ауылдағы ағайын ауызсуға алаңдаулы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Ауылдағы ағайын ауызсуға алаңдаулы 11.09.2021

Ауылдағы ағайын ауызсуға алаңдаулы

Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылының тұрғындары бірнеше жыл бойы таза ауызсуға жарымай отыр. Осыдан үш жыл бұрын басталған орталықтандырылған су құбырының құрылысы сиырқұйымшақтанып кетті. Сондықтан тұрғындарға кешенді блок-модуль жанында сағаттап кезек күтуге, кейді тіпті Ертіс өзенінен су алуға тура келеді.

Бір кездері дүркіреп тұрған Еңбек ауылы бүгінде көлеңкеде қалып қойған елді мекендердің біріне айналды. Олай демеске амал жоқ. Айталық, ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтуда қордаланған мәселе көп. Құдықтағы су тұзды болғандықтан, ішуге жарамайды. Ал кешенді блок-модульде ұзын-сонар кезек.

- Ақсу қаласынан бар-жоғы 10 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенге өркениет игіліктері әлі жеткен жоқ. Кешенді блок-модульден су алу үшін кейде үш сағат күтеміз. Оның өзі ара-тұра істен шығады. Сондай сәттерде қыста да, жазда да Ертіс өзенінен су алатын күндер болады. Ал орталықтандырылған су құбыры құрылысының аяқталар түрі жоқ, - дейді ауыл тұрғыны Орынбасар Нәбиева.

Еңбек ауылының тағы бір тұрғыны Асқар Ибраевтің сөзінше, су желілерін монтаждау жұмыстары дұрыс жүргізілген жоқ. Кейбір шұңқырларға салынған құбырлар бір-бірімен байланыстырылмаған көрінеді.

Ауыл ақсақалы Атшыбай Манай да технологиялық кемшіліктердің көзге ұрынып тұрғанын алға тартты.

- Біздің көшеде орталық су желісінің бірнеше құдығы қазылды. Бірақ сол құдықта тіршілік нәрін басқа желілерге таратуы тиіс құбырлар жоқ. Ол түгілі судың өзі жоқ. Сонда ауыл тұрғындарын таза ауызсуға қалай қарық қылмақ? Бұл – осы мәселеге жауапты билік өкілдері мен мердігерлердің жауапсыздығы, - дейді А.Манай.

Мәмәйіт Омаров ауылдық округінің әкімі Болатхан Сукердің айтуынша, жыр болған су құбырларының құрылысы биыл аяқталуы тиіс.

- Бұл жобаға Ақсу қалалық құрылыс бөлімі жауапты. Өкінішке қарай, 2018 жылы мемлекеттік конкурста жеңіске жетіп, су желілерін жүргізуге тиіс болған алматылық мердігер компания өз ісіне немқұрайлы қарап, екіжақты келісімшарт бұзылды. Бүгінде бұл істі «Ақсу су арнасы» коммуналдық мекемесі жалғастыруда. Қазіргі таңда магистральді құбырға су жіберілді. Осы уақытқа дейін Еңбек ауылындағы 170 үйге тиісті желілер тартылып, 39 үйдің тұрғындары игілігін көріп отыр, - дейді Б.Сукер.

Бұдан бөлек, ауыл тұрғындары төрт түлікті жаятын жердің жоқтығын айтып, базынасын білдірді.

- Ауылдың маңындағы жерлердің барлығы егістік алқаптарына берілген. Сондықтан табынға шығатын ірі қара ауыл ішінде жайылып жүреді. Одан басқа жер жоқ. Ал жылқылар күннің аптап ыстығында қорада тұрады. Жайылым жер болмаған соң ет, сүт өнімдері де аз, - дейді А.Манай.

Бұл мәселе ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген болатын. Мемлекет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін қадап айтты. Ал күні кеше өткен идеологиялық актив жиналысы барысында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде осындай жайылым жерлері аз елді мекендерді анықтап, тиімді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Сол тұста Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылындағы күрмеулі мәселе шешімін табады деген сенім мол.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 284

Возврат к списку