Ауылдарға таза ауызсу жетуде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде 08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде

Соңғы жылдары аймағымызда ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Жасыратыны жоқ, бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы - республикада көш соңында. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында жыл сайын республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінуде. Ендігі жерде қаржыны тиімді кәдеге жарату – басты міндет.
Естеріңізде болса, 2011 жылы елімізде «Ақбұлақ» бағдарламасы іске қосылып, осы уақытқа дейін әр өңірде ірі жобалар жүзеге асты. Павлодар облысында Беловод және Май топтық су құбырларының құрылысы қолға алынған болатын. Көптеген себептермен тиісті жұмыстар сан мәрте тұралап, сиырқұйымшақтанып кеткен жобаларға соңғы екі жылда ғана нүкте қойылды. Бүгінде тұрғындарды таза сумен қамту шаралары өзге бағдарламалар арқылы жалғасын табуда. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқар-масының басшысы Қадылжан Сәтиевтің мәліметінше, бүгінде сумен қамту жобалары 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аяққа тұрған жобалар да бар. Алдағы уақытта көптеген жобалар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы шеңберінде іске қосылмақ. Атап айтсақ, 2021 жылы – 27 жоба, 2022 жылы – 14 жоба, 2023 жылы – 22 жоба, 2024 жылы 4 жоба пайдалануға берілмек. Биыл облыс бойынша 22 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауызсуға қарық болмақ. Төрт жоба – ауыспалы, яғни құрылысы 2022 жылы аяқталады. Осылайша, 205,5 мың тұрғын таза судың дәмін татпақ. Атап айтсақ, Павлодар қаласының ауылдық аймағына қарасты Байдала, Долгое, Жетекші, Павлодар, Ақсу қаласы ауылдық аймағына қарасты Сарышығанақ, Достық, Екібастұз қаласының ауылдық аймағына қарасты Зеленая роща, Сарықамыс, Ә.Марғұлан, Ақтоғай ауданындағы Мүткенов, Харьков, Баянауыл ауданындағы Торайғыр, Күркелі, Железин ауданындағы Башмачное, Тереңкөл ауданындағы Қызылтаң, Ертіс ауданындағы Майқоңыр, Қоскөл, Амангелді, Павлодар ауданындағы Ефремовка, Ольгинка, Пресное, Рождественка, Заңғар, Сычевка, Кемеңгер, Успен ауданындағы Қозыкеткен, Ковалевка, Лозовое, Белоусовка ауылдарының тұрғын-дары зор қуанышқа кенеледі деп күтілуде. Сонымен қатар, жергілікті сумен жабдықтау көздерін (КБМ) орнату арқылы шағын ауылдарды (200 адамнан аз) сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасуда. Кестеге сай, биыл 32 ауылда облыстық бюджет есебінен кешенді блок-модульдер орнату жоспарланған. Атап айтсақ, Ақсу қаласы - Көктерек, Баянауыл ауданы - Жарылғап, Ақши, Александровка, Көкдомбақ, Қойтас, Ақмектеп, Мұрынтал, Белағаш, Бүркітті, Біржанкөл, Железин ауданы - Крупское, Екішоқ, Красновка, Раздельное, Кузьмино, Үрлітүб, Пятирыжск, Славяновка, Дүйсеке, Тереңкөл ауданы - Қызылдау, Ынталы, Жасқайрат, Первомайск, Жаңақұрылыс, Тегістік, Тілеубай, Покровка, Аққулы ауданы - Жабағылы, Шарбақты ауданы - Арбиген, Татьяновка, Шошқалы елді мекендерінде шағын жобалар (КБМ) іске қосылмақ. Жасыратыны жоқ, таза суға жарымай жүрген кейбір ауылдың тұрғындары әкімдердің есептік кездесуінде сапалы ауызсу мәселесін жиі көтереді. Белгілі болғандай, жобаны әзірлеу оңай шаруа емес. Бір ауылға су құбырын тартудың өзіне кем дегенде 4-5 жыл уақыт қажет екен. Атап айтсақ, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін іске қосу 3 кезеңнен тұрады. Ең әуелі жерасты су көздерін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіледі. Оған шамамен 3 жылдай уақыт жұмсалады. Мердігер ұйым жыл бойы судың деңгейін, сапасын анықтап, «Қазжер қойнауы» орталығына сараптамалық құжаттарды жібереді. Ол жақтан қолдау тапса ғана жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Одан кейін жобаға қаражат қарастыру, конкурс жариялау, қысқасы, су құбырын тарту жұмыстарының машақаты көп. Әзірге тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 48,9 пайызға тең. Осыдан 4 жыл бұрын көрсеткіш 19,4 пайызды құрағанын ескерсек, жобалардың тиімділігін аңғару қиын емес. Осылайша, алдағы 3-4 жылдың ішінде облыстағы барлық ауылдық елді мекендердің тұрғындары 100 пайыз таза судың дәмін татпақ.
VNB_5321.jpg
 О.ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 38

Возврат к списку