Ауылдың берекесіне қарық болды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды 06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды

Өткен сенбіде облыс орталығында ұйымдасты-рылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі көптің көңілінен шықты. Таңғы 7-ден бастап сауда қызып, павлодарлықтар арзан өнімді молынан сатып алды. Тауар өндірушілердің де қалтасы қампиып, қуанышпен тарқасты.

Оралхан ҚОЖАНОВ

DSC_3885.JPG

Иә, жұртшылық жәрмеңкені асыға күткені анық. Мұны сауда алаңына жиналған тұрғындардың санынан аңғаруға болады. Әсіресе, ала сөмкесін арқалаған зейнеткерлер мәз. Халық көп келетіні алдын ала болжанған еді. Сол себепті барлық санитарлық ережелердің сақталуы қатаң бақыланды. Сатушылар бетперде тағып, медициналық қолғаппен қаруланған. Әр дүңгіршектің жанына антисептиктер қойылыпты. Естеріңізге салсақ, облыс орталығындағы соңғы рет жәрмеңке биыл қаңтар айында ұйымдастырылған болатын. Аймағымызда эпидемиологиялық ахуал жақсарғаннан кейін жәрмеңкенің жұмысын қайта жандандыруға шешім қабылданды. Өткен сенбіде Павлодар, Ертіс, Ақтоғай және Успен аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкенің жұмысы бастала сала ұзын-сонар кезек сүт, картоп және жұмыртқа сатылып жатқан жерде пайда болды. Сүтті «Галицкое» және «Луганск» шаруашылықтары әкеліпті. Литрінің бағасы – 130 теңге. Тұрғындар бос ыдыстарын өздерімен бірге ала келіп, табиғи сүтті молынан сатып алды. «Андас» шаруа қожалығы картоптың әр келісін 80 теңгеден босатты. Дүкендерде «екінші нанның» бағасы одан екі есе қымбат бағада сатылатыны мәлім. Сондықтан бұл жерде де кезектің пайда болғаны – заңдылық. Айтпақшы, сәбіз де 80 теңгеден, яғни өте тиімді бағада ұсынылды. Жұмыртқаның жөні бөлек. Соңғы айларда бағасы күрт қымбаттаған өнімді алуға асыққандар көп болды. Тіпті, «жетпей қала ма» деген оймен сапырылысқан халық алға ұмтылумен болды. Жұмыртқаның ондығы 365 теңгеден сатылды. Тұтынушылар кезекті қысқарту үшін ендігі жолы сатушылардың жәрмеңкенің әр бұрышында орналасуын сұрады. «Картопты бір ғана шаруа-шылық сатып тұр. Екі-үш кәсіпкер өз өнімін ұсынса жақсы болар еді», дейді павлодарлықтар. Бұл күні ет өнімдерінің сапасын қадағалау үшін жылжымалы ветеринарлық зертхана жұмыс істегенін атап өткен жөн. Яғни, кез келген ет өнімдері сөреге қойылмас бұрын арнайы тексерістен өткізілді. Жәрмеңкенің жалғасуын асыға күткендердің бірі – қала тұрғыны Асыл Айғожина.

DSC_3926.JPG

- Нарықта азық-түліктің бағасы қымбаттаған сайын «Жәрмеңке өтеді» деген ақпарат жағымды естіледі екен. Біз сияқты зейнетақысын айдан айға жалғап отырған зейнеткерлер үшін жәрмеңкенің жиі өткізілуі маңызды. Енді жәрмеңке үздіксіз жалғасады деген сенімдемін, - дейді зейнеткер. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаевтың айтуынша, жәрмеңкеде 25 бас сиыр еті, 20 бас жылқы еті, 15 бас қой еті сатылған. Сондай-ақ, 50 мың дана жұмыртқаны тұрғындар аз уақыттың ішінде талап алған. Қала бер-ді, 6 тонна сүт, 3 тонна құс еті босатылған. Өнімдердің бағасы нарықтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайызға арзан болды. Аймағымызда аяқ астынан эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетпесе, алдағы сенбіде жәрмеңке жалғасын таппақ. Сатып алушылар мен сатушылардың тілегі бір


Количество показов: 48

Возврат к списку