Ауызсу тарифі неге әртүрлі?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Ауызсу тарифі  неге әртүрлі? 31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бері сапалы ауызсу мәселесін шешуге 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Десе де, әлі күнге дейін 1200 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауызсуға зар болып отыр. Павлодар облысында да жағдай мәз емес. Сумен қамтылу деңгейі 88,4 пайызға тең. Бұл – республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Аймағымыздағы ауызсу мәсе-лесі «Halyq radiosy»-нда өткен «Халық сөзі» бағдарламасында кеңінен сөз болды. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Мақпал Лепесованың айтуынша, соңғы 3 жылда өңірде сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

- Үш жылдың ішінде 103 жоба іске қосылып, 2 шақырымнан астам су құбыры тартылды. Бұл мақсатқа 54,9 млрд теңге қаражат жұмсалды. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, облыстағы 172 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. 71 ауылдың тұрғындары суды Кешенді блок модульден алып отыр. 107 елді мекенде жергілікті су көздері пайдаланылады. Ал 2 ауылға су тасымалданып жүр, - дейді М.Лепесова. Биыл аймағымыздағы сумен қамту жұмыстарын жалғастыруға «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңбе-рінде 11 млрд теңге, облыстық бюджеттен 314 млн теңге қаражат бөлініпті. Қомақты қаржыға 35 жоба іске қосылмақ. Бүгінде 33 жобаның құрылысы жалғасуда. 2 жобаны жүзеге асыру үшін конкурстық жұмыстар басталыпты. Облыстық қазынадан бөлінген қаражатқа 32 КБМ салынады деп күтілуде. Осылайша, тағы 3 мыңнан астам тұрғын сапалы сумен қамтылмақ. Бұл бағытағы жұмыстар Ақтоғай ауданында жүйелі қолға алынған. Ауданның нақты экономика секторы басшысының орынбасары Болатхан Қапсалямовтың мәлі-метінше, ондағы 31 ауылдың 20-сы суды КБМ арқылы пайдаланып отыр. Тұрғындар саны көп ауылдарда ғана орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бар. Бірден айту керек, орталық-тандырылған сумен жабдықтау жүйесінің жобасы ауылдағы халықтың санына байланысты іске асырылады. Атап айтсақ, тұрғындар саны 200-ден асса ғана ірі жоба қолға алынады. Ал 200-ден төмен болса, Кешенді блок модуль немесе жергілікті су көздері пайдаланылады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жобасын әзірлеу оңай шаруа емес. Бір ауылға су құбырын тартудың өзіне кем дегенде 4-5 жыл уақыт қажет екен. Атап айтсақ, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін іске қосу 3 кезеңнен тұрады. Ең әуелі жерасты су көздерін іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіледі. Оған шамамен 3 жылдай уақыт жұмсалады. Мердігер ұйым жыл бойы судың деңгейін, сапасын анықтап, «Қазжер қойнауы» орта-лығына сараптамалық құжаттарды жібереді. Ол жақтан қолдау тапса ғана жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Одан кейін жобаға қаражат қарастыру, конкурс жария-лау, тағы басқасы бар. Қысқасы, су құбырын тарту жұмыстарының машақаты көп. Иә, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін қазынадан қомақты қаражат бөлінуде. Өкінішке қарай, кейбір ауылдарда мердігердің салғырттығынан тиісті жұмыстар кешігуде. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аудандарға жасаған жұмыс сапары барысында әрдайым ауызсу мәселесін назарда ұстап, су жобасын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырған болатын. Сапалы ауызсу – тек зор денсаулықтың кепілі емес, ауылдағы ағайынның ата қонысында тұрақтап қалуына жасалған қуатты инфрақұрылым екенін естен шығармаған жөн. Тариф десе тұрғындардың елең ете қалатыны рас. Орта-лықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жобасын іске қосу бір бөлек, оны күтіп-ұстау – маңызды іс. Бұл шаруадан табыс түспейтіндіктен, кез келген кәсіпкер жауапкершілігі мол жұмысты алуға ынталы емес. Десе де, жергілікті әкімдер ретін тауып, тұрғындарға қолжетімді бағамен су босатып отыр. Бұл ретте, тікелей эфир барысында Май ауданының тұрғындары хабарласып, тариф бағасының қымбаттау екенін айтты. Әлеу-меттік әлсіз топтың өкілдеріне жеңілдіктер қарастырылса деген тілектерін де жасырмады. Бүгінде олар 1 текше метр су үшін 295 теңге төлейді екен. Мақпал Лепесованың айтуынша, облыс бойынша Железин ауданында ең төменгі тариф тіркелген. Ондағы баға 66,9 теңгеге тең. Ал жоғары тариф Ертіс ауданында тіркелген. Ертістіктер әр текше метр су үшін 380 теңге төлеуге міндеттелген. Десе де, биыл қаңтардан бастап Ертіс ауданындағы Беловод топтық су құбыры сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізіміне еніп, су босату қызметі бағасының 80 пайызы облыстық бюджеттен субсидиялануда. Май топтық су құбырын да тізімге енгізіп, алдағы уақытта тұрғындар шығынының бір бөлігі субсидияланбақ. Байқағандарыңыздай, әр ауданда тариф бағасы әртүрлі. Мәселен, Баянауыл ауданындағы жер қабатының ерекшелігіне байланысты су шығару жұмыста-рының жобалық-сметалық құжаттары қымбатқа түскендіктен, сәйке-сінше тариф бағасы өзге аудандармен салыстырғанда қымбаттау. Жалпы, тариф бағасы материалдық шығындар мен өндірістік персо-налдың еңбекақысын есептеу арқылы бекітіледі екен. Қорыта айтсақ, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін қазынадан қомақты қаражат бөлінуде. Өкінішке қарай, кейбір ауылдарда мердігердің салғырттығынан тиісті жұмыстар кешігуде. Бұл іске жауапты мамандар қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауда ұстағаны маңызды.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 189

Возврат к списку