Аязда сапарға шықпаңыз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

05.01.2021

Аязда сапарға шықпаңыз!

2-3 қаңтар күндері өңірде ауа температурасы -35-40 градусқа дейін төмендеп, кешкі сағат 18.00-ден бастап облыстық және республикалық маңыздағы жолдар арқылы қоғамдық көліктер мен дизельді техниканың барлық түріне жүруге шектеу қойылды. Кеше де қатты аяз көтеріліп, сынап бағанасы -40 градусты көрсетті. 
- Аязды күндер әлі де сақталады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман болады деп болжануда. Тұрғындардың аязды күндері жолға шықпауын сұраймыз, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Айдын Қажыбеков. 
Қазіргі уақытта республикалық, облыстық маңыздағы жолдарда полиция қызметкерлері тәртіпті бақылауда. Мамандар жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетуде. Бұл ретте сақшылардың көлігінен ыстық шай, жылы көрпе мен қалың киім де табылады. Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары  Жасқайрат Қайыров «ВАЗ» маркалы жеңіл көлікті тізгіндеген жүргізушінің құтқарылғанын айтады. Мамандар ер адамды дер уақытында құтқарған. 
- Көкшетау қаласынан Екібастұзға жолға шыққан болатынмын. Шаһарға жақындаған шақта көлігім от алмай қалды. Ақауды ретке келтіре алмадым. Тоңа бастаған соң, 102 қызметіне қоңырау шалдым. Жол сақшылары жылдам жетті. Мені үсіктен аман алып қалған қызметкерлерге алғысым шексіз, - дейді жүргізуші Абай Күлшатов. Полицейлер тұрғынның техникасын жөндеген соң, Екібастұз қаласына дейін ілесе отырып, шығарып салған. 
- Бұған қоса Павлодар-Нұрсұлтан бағыты бойынша жолға шыққан жүк көлігі Шідерті елді мекенінде тоқтап қалған. Ол ауа температурасына қарамастан Ресейден  Қырғызстанға жолға шығыпты. Мамандар оны жылы орынға жайғастырып, көлігін жөндеумен айналысты. Техникасы ретке келген соң, ол өз бағытын жалғастырды. Қызметкерлер онымен әр сағат сайын байланысқа шығып тұрды, -
дейді Ж.Қайыров. 
Қырғызстан елінің тұрғыны Ақтілек Арзыбеков жергілікті полицейлерге ризашылығын білдірді. 
Тәртіп сақшылары өмірге қауіп төндіретін мұндай оқиғаға тап болмас үшін тұрғындардың үйде отыруын сұрайды.
 Синоптиктер 10 қаңтарға дейін ауа райы температурасы түнде -29-36 градусқа дейін суытатынын ескертуде.

А.ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 53

Возврат к списку

Раздел не найден.