Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма? 08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?

Жаһандану заманында интернетсіз күн қараң. Әсіресе, пандемияға байланысты басқа түгілі оқудың өзі онлайн мен қашықтан білім беруге көшкен тұста ғаламтор желісінің үздіксіз жұмыс істеуі аса маңызды. Өкінішке қарай, облыстағы, жалпы елдегі көптеген елді мекендерде интернет сапасы нашар, жылдамдығы баяу. Сондықтан тұрғындар электронды қызметті алуға, онлайн оқуға қатысуда машақатқа ұрынып жатады. Бұл жағдайды реттеу үшін сапасыз интернет қызметін ұсынатын компанияларға салынатын айыппұл көлемін арттыру ұсынылды. Мұндай шара тиімді бола ма? Бұл мәселені «Алаңның» талқысына салып көрген едік.

 

Mussin_b_(cropped).jpg

Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (пікір интернеттен алынды):

- Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде интернет сапасына байланысты шағымдарды жиі жазып жатады. Бірақ Facebook, Instagram парақшаларындағы шағымдар есепке алынбайды. Тұрғындар ғаламтор желі-сінің сапасына қатысты мәселелерді министрліктің немесе телекоммуникациялар комитетінің ресми сайттарына жазып, жолдай алады. Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ресми шағымдарды ғана негізге алуымыз тиіс. Бұған дейін бүкіл республикада интернеттің сапасын өлшейтін небары 6 арнайы құрал болса, қазір 17 құрал бар. Яғни, әр облыста бір-бір құрылғыдан жұмыс істейді. Соның көмегімен компаниялардың белгіленген талаптарды сақтау барысын қадағалауға мол мүмкіндік жасалды. Биыл белгіленген сапа стандартына сәйкес, 4G секундына кемі 5 мегабит, 3G секундына 1,5 мегабит жылдамдықты көрсетуі керек. Одан төмен болса, тұрғындардың шағымдары негізінде шамамен 200 мың теңге айыппұл салынады. Әйтсе де, жауапкершілікке тартудың бұл жолы тиімсіз. Сондықтан бұл соманы 10 есеге арттыруды ұсындық. Яғни, сапасыз қызмет көрсетуші компаниялар 2 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп, екі ай аралығында кемшілікті жоюы тиіс деп санаймыз. Қазіргі уақытта бұл мәселе Парламент депутаттарының талқылауына жолданды.

2.jpg

Бақытбек БАТКЕЕВ, Павлодар аудандық мәслихатының депутаты:

- Интернетке қолжетімділік – бүгінгі күннің басты мәселесі. Өкінішке қарай, облыс орталығының іргесінде орналасса да Павлодар ауданындағы Жертұмсық, Бірлік, Қаратоғай ауылдарында ғаламтор желісінің жұмысы оң жолға қойылмаған. Бұдан ауылдықтар айтарлықтай қиындық көріп отыр. Мәселен, үйден шықпай-ақ алуға болатын мемлекеттік қызметтерді пайдалануға, оқушылардың сабақтарға дер кезінде қосылуына мүмкіндік жоқ. Бұл мәселені соңғы 2-3 жыл аралығында жүйелі түрде көтеріп келеміз. Ауылдағы ағайынның сөзіне монополист – «Қазақтелеком» компаниясы тек жақында құлақ түріп, мұнараларды орнатқанмен, оны кәдеге жарата алмай отыр. Себебі ғаламтор желісіне қосылудың технологиялық «тілін» білетін білікті мамандар жоқ көрінеді. Сондықтан басты жұмыс жасалса да абоненттерді желіге қосу әзірше мүмкін емес. Екі миллион теңгелік айыппұлмен міндетін сапалы орындауға қыстай алмайсыз. Олар үшін мардымсыз болып саналатын соманы төлеп, сапаны жақсарту мәселесіне бас қатырмауы мүмкін. Сондықтан айыппұл көлемін одан әрі арттырған дұрыс деп санаймын.

3.jpg

Ғалия ҚҰСАЙЫНОВА, Ақсу қаласына қарасты Алғабас ауылының тұрғыны:

- Өткен жылы пандемияға байланысты балалар қашықтан білім алуға көшкен соң үйге интернет тарту мәселесі бойынша «Қазақтелеком» компаниясына бірнеше рет өтініш жаздық. Арада жарты жылдан астам уақыт өтсе де ғаламтор желісіне қосыла алмай отырмыз. Таяуда компания өкілдері елді мекенге келіп, тағы бір ай күтуімізді сұрады. Айтуларынша, жер жұмыстары күн жылынған соң ғана басталады. Оған дейін мобильді интернетті пайдаланайық десек, оның да жылдамдығы баяу. Оқушы, студент балаларым тапсырмаларды уақытылы жүктей алмай қиналады. Тіпті, колледждердегі емтихандарды сол үшін уақытылы тапсырма алмаған кездер болды. Ал ай сайын оқушы балаларымның ұялы телефонына 1900 теңге, студент балаларыма 3400 теңге бірлік салып, тариф қосамыз. Көпбалалы отбасы үшін ай сайын 10 мың теңгеден астам қаржыны тек бірлік үшін жұмсау қалтаға кәдімгідей салмақ салады. Бұл – бір. Екіншіден, сол ақыға лайық қызмет көрсетілмейді. Кейде ай сайын абоненттік төлемге кеткен қаржы желге ұшқандай әсерде қаламыз.Мемлекет тарапынан интернетпен қамтушы компанияларға қатысты тексеріс күшейіп, айыппұл сомасы артса да жаһандық желінің сапасы жақсарады дегенге күмәнмен қараймын.

«Алаңды» үйлестірген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 41

Возврат к списку