Қазақтың Кәукені

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Қазақтың Кәукені 25.02.2021

Қазақтың Кәукені

ХХ ғасыр қазақ өнерінің жаңа тынысын ашып, жаңа бір белестерге шығарды. Қазақ өнері мен мәдениеті кәсіби өнерпаздармен толыға бастады. Жерлесіміз, белгілі кино және театр режиссері, опера әншісі, педагог-ұстаз Кәукен Кенжетаев та дәл сол  уақытта жарқ етіп шығып, қазақ өнері әлеміне өз қолтаңбасын қалдырды. 

Жас шағында Алматыға білім қуып, ауылдан келген қарадомалақ бала ешқандай дайындықсыз, оның үстіне орыс тілін жетік меңгермеген Кәукен Кенжетайұлы бірден техникумға, ауылшаруашылық және педагогикалық институттарына құжаттарын тапсырады. Өкінішке орай, ешбір оқу орнына өтпей қалады. Қыркүйек айы да келіп, туысқандарына ештеңе айтпай, ауылшаруашылық институтына бірінші күні сабаққа барады. Бірақ, дәріс оқып тұрған ұстазы бірден біліп, оның физика пәнінен екі алғанын және институтқа түспегенін айтқанда, ағамыз еш тайсалмастан:
- Иә, емтиханнан құлағаным шын, бірақ менің оқығым келеді. Тек сіздің пәндеріңізді тыңдағанды ұнатамын, шын сөзім, төрт пен беске оқимын, - деп ағынан жарылған соң, осы оқу орнында қалады.
Көп уақыт өтпей «Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ опера студиясына әртістер қабылдаймыз» деген хабарландыруды көре салысымен сол жаққа барып, комиссияға келеді. Комиссия құрамында төрағасы Қалибек Қуанышбаев. 
47.jpg
Олардың алдында тұрып, «Қараторғай» әнін орындағанда Е.Брусиловский «бізге әбден жарайды» деп Кәукен Кенжетаевты бірден қабылдайды. Үлкен қуанышпен пәтерге жүгіріп келіп, бар болғанды ағасы Қажымұратқа айтқанда, «әулетімізде жынды әртіс Шәкен бар, сол да жетеді, ешқайда бармайсың» деген. Содан ешкімге білдірмей Мәскеуге билет алып, алақандай хат жазып қалдырып, кете береді.
Міне, Кәукен Кенжетайұлының өнер әлеміне ең алғаш қадам басқан кезі.
Әлқисса. Білім алып жүргенде, Ұлы Отан соғысы басталып, Кәукендей өрімдей жас жігіттер халықтық жасақ қатырына жазылып, Мәскеуді неміс басқыншыларынан қорғау үшін жан аянбай еңбек етті, күні-түні жаудың танкілеріне қарсы окоп, түрлі қорғаныс, бөгеттер жасады. 
Офицерлер курсында оқып жүргенде Сталиннің тікелей бұйрығы шығып, барлық жастар жоғары оқу орындарына қайтарылды. Ағамыз оқуын Мәскеуде жалғастыра алмады, өйткені оның консерваториясын Саратов қаласына көшіргендіктен, елге оралады. Алматы опера театрында әртістердің тапшылығына қарай Кәукен аға жұмысқа қабылданады.
Соғысқа алынып, от пен оқтың ортасында елі үшін соғысып, елге тек 1946 жылы оралады да, театрға орналасып, еңбек жолын жалғастырады.
- Маған ең ауыр тигені - ол Бекежанның рөлі. «Қыз Жібек» операсында Жібектің рөлін бірде Күләш Байсейітова, енді бірде Шабал жеңгелерің ойнайтын. Сүйіктісін өлтірген Бекежанға қарап Күләш Аллаға жалбарынса, енді өздеріңіз ойлап көріңіздер. Өзіңнің өмірдегі жан жарың, Жібек рөлінде саған қарап лағнет айтып жатқанда, жанымды қоярға жер таба алмайтынмын, - дейді екен. Сөйте жүріп, театрдың тар гримеркасында 10 жыл тұрды, соны қанағат тұтты, өйткені өнерді жанындай жақсы көрді.

Ол тек ұлттық өнердің ауыр жүгін ғана арқалаған жоқ, қазақ халқының қайғы-қасіретін басынан өткерген, ауыр мұңын арқасына көтерген батыр еді. 
Өттім талай белестен,
Қатер заман қайғылы,
Өтіп кетті талай шақ.
Одан да қалдым мен аман.
Тірі жүрмін, мұным һақ, - деп блокнотына да жазып қойыпты, Кәукен аға. Сұрапыл соғыстан аман-есен өтіп, еліне адал қызмет етіп, өнер туын жықпай жүрген ағамыздың басына сонау 86-ның ызғары да тиді.

Ол кездері өнер академиясында кафедра меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген. Кәукен Кенжетайұлы кафедраға келсе, ешкім жоқ. Содан іле-шала алаңға шыққан жастардың барлығы «ұлтшыл»  деген айып тағылып жатқан соң, алаңға барып, студенттерін тоқтатпақшы да болады, бірақ, онысы еш нәтиже бермейді. Сөйтіп, алаңда қақтығыс болып, қан төгіледі.
Біраз уақыт өткеннен кейін өзінің әріптестері «ұлтшыл» деп айыптайды. «Кәукен Кенжетаев және Асқар Тоқпанов - нағыз ұлтшылдар, көздерін жою керек» деген домалақ арыз түсіреді. Ағамыз қамауға алынбаса да, бірнеше ай қатарымен таңертеңнен кешке дейін сот, прокуратураның босағасын тоздырды, тергелді, үйінің де, жұмысының да берекесі кетті.
 Ешқандай кінәрат таба алмайды, бірақ арызқойлар «ол - ұлтшыл, кафедраға тек қазақтарды қабылдайды» деп тағы арыз түсіреді. Тексере келе кафедрадағы 20 адамның екеуі ғана қазақ болып шығады, қалғаны - өзге ұлт өкілдері.
Барлық айыпталудан құтылғаннан кейін, Кәукен аға кафедраны жинап алып: «сендерге керегі менің орным болса, өздерің істеп көріңдер» деп арыз жазып, жұмыстан шығады.
Кәукен аға Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы-драма театрының алғашқы шымылдығын ашты. Өзі тәрбиелеп, дәріс берген шәкірттерін жіберіп, өзі де келіп, ақыл-кеңесін айтып, қолынан келер бар жағдайды жасады. Кәукен ағаның сол кездегі жас түлектері - қазір осы театрдың белді әртістері. 
Егер Шәкен Айманов ұлттық кинематографияның іргетасын қаласа, Кәукен қазақ опера театрының уығын қадасты. Жасы 92–ге келгенше өнерден қол үзген емес. Ағамыз дүниеден өткеннен кейін үйіне барып, бар мұрасын музейге әкелдік. Оның жағалы шапаны, аққу домбырасы, қамшысы, былғары торсығы сынды көптеген заттары - музейдің баға жетпес құнды жәдігерлері. Қолжазбаларын қарап отырып, бір блокноттың соңғы бетіне:
О, Аллам!
Бұл өмірді не деп бердің,
Не қызығын мен оның несін көрдім.
Алыс жолға аттанар жолаушыдай,
Жүгімді жинап, көлігімді күтіп тұрмын.
Туу барда адамда, өлу де бар,
Оны ойласам жүрегім от боп жанар.
Бүгін барсың, ертең жоқ...
О, Тәңірім! Неге сонша болдың құмар! - деп жазыпты. 
Кәукен Кенжетайұлының жүрегі таза, жаны жайсаң, шуақты еді. Өмірлік жары Шабал жеңгеміз өзінен он жыл бұрын өмірден өтті. Екеуі қазақ театр өнерінің өркендеуіне, қазақ әнінің әлемдік биікке шырқауына  үлкен еңбек сіңірді. 
Кәукен Кенжетайұлы артында өшпес із қалдырды, көп еңбек істеді. Оның үлкен өмірінің ізі – артындағы мұрасы. Сол мұрасы бүгіндері темірқазықтай кейінгі буын ұрпаққа жол көрсетіп тұр. 

Ербол ҚАЙЫРОВ.
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері.


Количество показов: 75

Возврат к списку