Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

21.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?

Динара АЙТЖАНОВА, 
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы:
- Өңірде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Президент тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы 661 миллион теңгені кәсіби спорттан бөлек, басқа да бағыттарға бөлу жоспарланып отыр. Спорт мектептерінде қосымша 25 жаттықтырушы жұмысқа қабылданады. Мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Сондай-ақ, бұқаралық спорт бойынша 300 шара ұйымдастырылмақ. Мемлекеттік тапсырыс аясында спорт ғимараттары салынып, спорт федерациялары тұрақты түрде жарыстар өткізеді. Мұндай шара спортпен шұғылданатын адам санын 1,1 мыңға, жарысқа қатысушылар санын 31,2 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Балалар арасындағы спортты дамыту бойынша ақысыз негіздегі сабақтар мен топтар санын 
кеңейту қажет. Пандемияға байланысты жаттықтырушыларға онлайн сабақ беру мүмкіндіктерін арттыру керек. Спорт ғимараттарының облыс тұрғындарына қолжетім-ділігін арттыруға көңіл бөлу керек. Жергілікті атқарушы орган алдағы 5 жылға спортты дамыту жоспарын талқылаған кезде қоғам мүшелерін қатыстыруы тиіс. Бұл жоба пандемия сияқты жаңа сын қатерге жауап бере алуы қажет. 

Нұрлан ӘБЕТЖАНОВ, 
облыстық жекпе-жек ұлттық спорты федерациясының вице-президенті:
- Елімізде кәсіпқой спорт клубтарына қыруар қаражат бөлінеді. Мысалы, «Astana» велоклубына жылына миллиардтаған қаржы жұмсалады. Ал оның құрамындағы вело-шабандоздарының 80 пайызы – шетелдің спортшылары. Дәл мұндай жағдай футбол клубтарына да қатысты. Бұл - қаражатты желге шашқанмен бірдей. Осы миллиардтарды бұқаралық спортты дамытуға жұмсасақ, еселеп пайдасын көрер едік. 
Қазір жастардың, балалардың спортқа деген қызығушылығы жоғары деп айтар едім. Аулаларда орналасқан футбол алаңдары ешқашан бос тұрмайды. Облысымызда 4-5 жылдың көлемінде дамып келе жатқан жекпе-жек спорт түріне жазылғандардың да саны көп. Студенттер және ересектер «Абылай» спорт клубында жаттықса, жасөспірімдер «Өркен» клубына барады. Өткен жылдың күзінде жекпе-жекті ұнататын жастар үшін «Баян батыр», «Бүркіт» спорт клубтары да ашылды. Жалпы, ересектердің де, жастардың да құлшынысы жақсы. Бұқаралық спортты дамыту үшін ұлттық спортқа ден қою керек дер едім. Әсіресе, асық ату, кір көтеру, арқан тартудан жарыстар ұйымдастырса, ұтылмас едік. Ауыл жастары арасындағы спортты дамытуға көңіл бөлсек.
Жансая БЕКЖҮНІСОВА, 
Павлодар қалалық №4 емханасының жалпы тәжірибе дәрігері:
- «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтылмаған. Қазіргі пандемия уақытында дене шынықтырумен айналысу ағзаға пайдалы. Бірақ спорттың түр-түрі бар болғандықтан, барлық адамның денсаулығына жағады деп айта алмаймыз. Кейбір тұрғындарға спортпен шұғылдануға болмайды. Мысалы, созылмалы аурумен ауыратындар және ЖРВИ, тұмау жұқтырғанда спортпен айналысуға тыйым салынады. Өйткені аталмыш сырқат түрлері балалар мен ересектердің де ағзасын әлсіретеді. Жүрек-қан айналым жүйесі зақымдалған, қан қысымы бар адамдар дене жаттығуын жасай алмайды. Көп жағдайда созылмалы дерт 50 жастан асқан адамдарда көп кезеседі. Мұндай жандарға кешкі уақытта жаяу серуендеудің маңызы зор. Бұл да олар үшін жаттығу. 
Қазір жастар фастфуд сынды дайын өнімдерді тұтынуға әуес. Осы тамақты жиі қолдану, аз қозғалу кез келген адамды жүрек-қан тамырлары ауруына әкеледі. Дерт жас ерекшелікті талғамайды. Сондықтан тұрғындарға диета ұстаудың  пайдасы зор дер едім. Жалпы, әр адам денсаулығына байланысты өзіне лайықты спорт түрін таңдауы тиіс. Денсаулығында кінәрат жоқ жандар кез келген сортпен шұғылданса, ауыратын адамдар жаяу жүру арқылы денсаулығын жақсарта алады. Ешкімді күштеп спортқа шақыра алмаймыз. Әр адам өз денсаулығын сақтау, жасын ұлғайту үшін дене жаттығуларын жасауы тиіс.

«Алаңды» үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 104

Возврат к списку