Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу

Өткен аптада жылу мәселесі жөнінде тәуелсіз комиссия құрылғанын жазған едік. Осы аптаның сейсенбісінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен комиссияның екінші отырысы өтіп, бір аптаның жұмысы қорытындыланды.
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның айтуынша, соңғы аптада 
4 мониторингтік топ өкілдері жылу бойынша шағым түскен көпқабатты 92 үйді тексеріп үлгерген. 88 үйдің мәселесі шешіліп, әзірге 4 үйде жылуды реттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Атап айтсақ, Донецкая көшесі, 4, Ак.Марғұлан көшесі 345/1, Бакинская көшесі, 8 және Ломов көшесі, 143 мекенжайларындағы үйлерде жылу параметрлері төмен. Проблема жақын күндері шешімін таппақ.
Комиссия мүшесі Олег Круктың айтуынша, аяздағы апаттардың салдарынан пәтерлер суып, тұрғындар әлі күнге дейін толыққанды жылуға қол жеткізе алмай отыр.
- Жылыту маусымы басталған уақытта жылу жүйелері қалыпты жұмыс істеді. Оны сол кезеңдегі тұрғындардан шағым түспеуінен аңғаруға болады. Десе де, ЖЭО-1 станциясында орын алған апат жылу тарату көрсеткіштеріне өзгеріс енгізгені белгілі. Яғни, «Павлодар жылу желілері» ЖШС-і жылу жүйелерінің қатып қалуына жол бермеу үшін апатты жою жоспарына сәйкес әрекет етті. Атап айтсақ, жылумен қамту параметрлері өзгертілді. Кейбір ПИК өкілдері жылуға қосылу үшін шүмектерді алып тастап, жылу тораптарындағы сорғыларды қосты. Сайып келгенде, аталған әрекеттер гидравликалық режимнің бұзылуына алып келді. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін кейбір үйлерде жылу көрсеткіші төмен. Алда аяздар күтіп тұр. Апатты жағдайлар орын алса, тұрғындар тағы жылусыз қала ма? Бұл мәселені шешу жолдарын жедел қарастыру керек, - деді О.Крук.
Белгілі болғандай, Усолка және Дачный шағын аудандарындағы жылу мәселесі жылу магистралінің құрылысы іске қосылғаннан кейін шешімін таппақ. Құрылысты жүргізу жұмыстарын «Фирма Ай-Су Мелиорация» серіктестігі жеңіп алған. 
- ТМ-42 жылу магистралі арқылы Усолка шағын ауданынан бөлек, Достық ауданындағы көпқабатты үйлерге жылу желілерін тарту керек. Қала берді, жаңа сорғы станциясын салу қажет. Бұл жұмыстарға әу баста 1 миллиард теңге қаражат бөлінген еді. Құрылысты аяқтауға тағы 1,7 миллиард теңге қажет етілуде, - дейді «Павлодарэнерго» АҚ-ның бас директоры Олег Перфилов.
Жиында қараусыз қалған және жеке меншік желілердің жағдайы сөз болды. Мамандардың айтуынша, оларды ешкім бақыламайды. Ұсыныс біреу-ақ. Желілерді  тексерістен өткізіп, құжаттарын реттеп, «Павлодар жылу желілері» сияқты мамандандырылған ұйымның сенімгерлік басқаруына беру қажет.

Жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы жылу мәселесін толыққанды шешу үшін арнайы бағдарлама қажет екенін атап өтті.
- Қазіргі уақытта басты міндетіміз – апаттарға жол бермей, ағымдағы жылыту маусымын сәтті аяқтау. Ол үшін барлық ресурстарды жұмылдыру, жылу желілерімен және ПИК-пен бірлескен жұмысты үйлестіру қажет, - деді Әбілқайыр Сқақов.
Тәуелсіз комиссия мүшелері жақын арада тағы да бас қосып, ұсыныстарымен бөлісуге уағдаласты.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 85

Возврат к списку