Бәсі биік бәсекелер

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

09.01.2021

Бәсі биік бәсекелер

Әу баста әлем чемпионаты Ресейде ұйымдастырылуы керек-тін. Бірақ допинг дауына байланысты ресейліктер жарысты қабылдау мүмкіндігінен айырылды. Отандық спортшылардың аяқ-алысына тоқталсақ, биатлоншы қыз-жігіттер әлем біріншіліктеріндегі жетістіктерімен мақтана алмайды. Есесіне, 2018 жылғы қысқы Олимпиадада Елена Хрусталева күміспен күптеліп, айды аспанға шығарғаны есімізде. Бұл – қазақстандық биатлоншылардың халықаралық аренадағы ең үлкен жетістігі.

23 ақпан - 7 наурыз. Оберсдорф (Германия). Шаңғы спортынан әлем біріншілігі.

Жарысқа жүрісінен жаңылмаған спортшылар қатысуға ниет білдіріп, шаңғыларын сайлап отырған көрінеді. Аталған спорт түрінен жасындай жарқылдаған Алексей Полторанинге бұл жолы сенім арта алмаймыз. Тәжірибелі шаңғышы допинг дауына байланысты 4 жылға спорттан шеттетілген болатын.
Жалпы, шаңғы спортынан қазақстан-дықтардың жетістігі аз емес. 1990 жылдары Владимир Смирнов әлем чемпионаттарынан 3 алтын, 2 күміс және 
2 қола еншілеген болатын. Ал А.Полторанин 2013 жылы 2 мәрте қолаға қол жеткізген еді.

22-28 наурыз. Стокгольм (Швеция). Мәнерлеп сырғанаудан әлем 
біріншілігі.

Қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлап жатқанда әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары Швецияда бас қосады. 1896 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әлем біріншіліктерінде қазақстандық спортшылар бірнеше медаль еншілеген. Екі жыл бұрын дүниеден өткен Денис Тен 2013 жылы Лондонда күміс, 2015 жылы Шанхайда қола жүлдеге қол жеткізген еді. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өткен жарыстың күміс жүлдегері атанған болатын. 

Футбол. 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі

Наурызда қазақстандық футбол жанкүйерлері әлем чемпионатының іріктеу кезеңі ойындарын тамашалай алады. Ұлттық құраманың алғашқы кездесуі 28 наурызға жоспарланған. Қазақстанға әлем чемпионы Франция келеді. Ал үш күннен кейін Қазақстан құрамасы Украинамен кездеседі. Бұл екі командадан бөлек, Қазақстанмен бір топта Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамалары ойнайды. Топтан бірінші орын алған құрама әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған командалар тағы да іріктеуден өтеді.

7-23 мамыр. Беларусь және Латвия. Шайбалы хоккейден әлем біріншілігі.

Әлем чемпионатына 16 құрама қатысады. Еуропадан 13, Солтүстік Америкадан 2, Азиядан бір құрама. Ол – Қазақстан! Отандастарымыздың тобында қазіргі әлем чемпионы Финляндия мен вице-чемпионы Канада бар. Одан бөлек, азулы АҚШ пен Швейцария құрамаларымен бір топта ойнаймыз. Сондай-ақ, Латвия, Норвегия және Италия құрамалары бар.
Бұл топтағы 8 құраманың төртеуі ширек финалға өтеді. Ал соңғы орын алған команда бірінші дивизионның А тобына түседі. Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы сол төменгі топтан көтерілген болатын.

11 маусым – 11 шілде. Футболдан Еуропа чемпионаты.

Футболдан Еуропа чемпионатына Қазақстан қатыспаса да, қазақстандық жанкүйерлер турнирді асыға күтіп отырғаны анық. Құрлықтық дода былтыр өтуі керек еді, алайда пандемияға байланысты 
2021 жылға шегерілді.
Жоспар бойынша Еуропа чемпионаты 
12 елде өтуі керек, оның ішінде Әзербайжан, Ресей, Венгрия секілді елдер бар. Пандемияға байланысты УЕФА турнирді бір ғана елде өткізуі ықтимал.
Естеріңізге салсақ, турнирдің іріктеу кезеңінде отандастарымыз 6 құрама бақ сынасқан топта 10 ұпаймен 5-орын алған еді.

23 шілде – 8 тамыз. Токио Олимпиадасы (Жапония).

Олимпиадада 33 спорт түрінен 
339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді - бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.
Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші Олимпиада. Бұған дейін ел спортышлары 15 алтын, 21 күміс және 64 қола медаль олжалаған болатын. Ең көп жүлде алғандар – боксшылар (22 медаль) және ауыр атлетшілер (15 медаль). Балуандар болса 17 медаль жеңіп алған.

2-10 қазан. Норвегия. Күрес түрлерінен әлем біріншілігі.

Бұл турнир жыл сайын ұйымдастырылады. Пандемияның салдарынан былтыр өткізілмеді. Естеріңізге салсақ, 2019 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионаты Нұр-Сұлтан қаласында жалауын желбіреткен еді. Сол кезде балуандарымыз 3 күміс және 
4 қола медаль еншілеген болатын.

Бокс. Белград (Сербия). Әлем біріншілігі.

Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Нью-Делиде өтуі керек болған. Бірақ үндістандықтар AIBA алдындағы қаржылық міндеттерін орындамай, турнир Сербияға ауысты. Енді жарыс келер жылы Белградта өтеді. Әлемдік дода өтетін нақты күн әзірге белгісіз. Бірақ кейінгі 15 жыл бойы турнир күзде ұйымдастырылып жүр. Биыл да Олимпиададан кейін өтуі мүмкін.
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Қазақстан боксшылары Олимпиада ойындарына 14 рет  қатысқан. Осы уақытқа дейін қоржынымызға 46 медаль түскен. Оның 12-і-алтын, 13-і-күміс және 21-і-қола. Медальдар көшін Куба, Ресей және АҚШ бастап тұр. Қазақстан 4-орында!

Бетті әзірлеген – 
Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 60

Возврат к списку

Раздел не найден.