Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың

«Баланы 
ата-анадан 
айырмасын!»

Жұртшылық арасында алаң-даушылық тудырған мәселенің мәнісі тереңде жатыр. Психолог мамандар жаңа заң жобасы отбасы ішінде бүлік тудырып, баланы ата-анадан айыруды көздейтінін айтады. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында бір топ әйелдің «баланы ата-анадан айырмасын!» деген ұранмен Әділет министрлігінің алдында жиналып, қарсылық көрсеткені де мәлім. Аналар қауымы заң жобасында отбасы арасына іріткі салатын 5-баптың 11-тармағы мен 9-баптың 10-тармағын алып тастауды талап етті. Бұл бөлімде: «Адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді болғызбау» деп жазылған. Бұл жаңашылдық баланы бесікке салу, ұлды сүндетке отырғызу сынды ғұрыптарды орындауға тыйым салады деп есептейді көпшілік. Ал 9-баптың 10-тармағы бойынша, егер ата-анасы баласын ұрып соқса, ұл-қызына керекті затты сатып әпере алмаса жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ал заң жобасын ұсынғандардың қатарында сенатор Мұрат Бақтиярұлы да бар. Ол бұл жаңашылдық отбасындағы жанжалды болдырмауды көздейтінін айтады. 
- Пандемия кезінде үйдегі әйелі мен баласын ұратын ер азаматтар көбейді. Бала әкеден таяқ жемеу үшін, қорлық көрмесін деп заңға өзгерту енгізуді ұсындық. Заң жобасын тек бір жақты қарауға болмайды. Пайдалы тұсы да барын естен шығармау керек. Бастысы, жасөспірімдерді зорлау, әйелдерді сабау мәселесін шешуге бағытталған. Заң жобасы әлі де жетелдіріліп, толықтырылады. Басты мақсат – үйдегі ұрыс-керіс пен зорлық-зомбылықты жою. Баланың болашағына балта шаппау, - дейді сенатор.

Заңгерлер не дейді?

Жобаны ұсынушы тарап жаңа заңның баптары зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланы қорғауға бағытталған деп сендіруде. Ал заңгерлер бұл пікірмен келіспейді. 
Заң ғылымдарының кандидаты Мадияр  Аймырзаұлы ҚР Конституциясына сәйкес, отбасы мемлекеттің қамқорлығында екенін айтады. Егер жаңа заң қабылданатын болса, отбасының ісіне үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік мекемелер де араласа бастауы мүмкін. 
- Заң жобасында зорлық-зомбылық әрекетінің 4 түрі көрсетілген. Оның ішінде психологиялық зорлық-зомбылықтың талабы ауыр. Ата-ана баласына: «Қой!» деп айта алмайды. Мектеп оқушыларына отбасында қысым көрген жағдайда «111» нөміріне қоңырау шалу керектігі де түсіндірілуде.  Қазіргі жасөспірімдер кез келген әрекетті миға тез сіңіреді. Санасына зорлық-зомбылық тақырыбын жиі  құйғандықтан, әке-шешеден ұрыс естіген бала хабарласуға бейім тұратыны анық. Заңдағы баптарға сүйенсек,  әр бала ұялы телефон немесе ойыншық сатып әпермегені үшін құзырлы органдарға қоңырау соғып, ата-анасына шағымдана алады. Құжаттағы баптар отбасылық құндылықтарды бұзуға жол бермеуі қажет деп санаймын, - дейді заңгер. 
Қазіргі қолданыстағы заң бойынша жанұяда жәбір көрген балалардың ата-аналары азаматтық, қылмыстық Кодекстер бойынша жауапқа тартылады. Бұл ретте жасөспірімдердің алған жарақатының деңгейі негізге алынған соң ғана шешім шығарылады. Ал қазіргі жобада бала алған соққының деңгейі мүлде көрсетілмеген. 
- Зорлық-зомбылық әрекеттері қоғамда өткір мәселе екенін жақсы білеміз. Онымен күресу қажет. Бірақ қазіргі заң жобасы табиғи болмысымызды бұзуға арналған. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өмір сүреді. Барлығының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Осы уақытқа дейін зорлық-зомбылыққа итермелеген жағдай тіркелген жоқ, - дейді Мадияр Аймырзаұлы. 
Иә, заң мақұлданса, ата-аналар өз балаларына сөзін өткізе алмайды. «Ұят болады!», «Үлкенді сыйла!», «Тыныш отыр!» деген бүкіл қазақы тәрбие құрдымға кетеді. Жоғарыда зорлық-зомбылықтың 4 түрі қарастырылғанын айттық. Бірақ оны заңгерлердің өздері де дұрыс түсіне алмай отыр. Атап айтатын болсақ, физикалық, жыныстық, психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық. Алғашқы екеуі түсінікті делік. Қалған екеуі көптеген сұрақты туындатады. Заң жобасын ұсынғандардың айтуынша,  психологиялық зорлық-зомбылық – қасақана психикалық азап шектіру, қорлау, бопсалау, адамның ерік білдіруін шектеу және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын басқа әрекеттер мен оларды қолданамын деп қорқыту. Ал экономикалық зорлық-зомбылық – тамақтануға, тұрғын үйге немесе адамның 
дамуы үшін қажетті басқа жағдайларға, меншікке, жұмыс істеуге, білім алуға, бірлесіп меншікті пайдалануға, сондай-ақ тиісті үлеске билік ету құқығын жүзеге асырудағы шектеулерге алып келген қасақана әрекет. Қалың көпшіліктің түсінуінше, егер ата-ана баласына: «Егер сен үй тапсырмасын орындамасаң, тамағыңды ішпесең, серуенге шықпайсың!» десе, бұл «бопсалау, психикаға қасақана әсер ету, ерік білдіруді шектеу және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын басқа әрекеттер» болып шығады.  Бала бағалы ұялы телефон немесе ойыншық сатып алғысы келсе, әке-шешесі рұқсат етпесе, жасөспірім психикалық азап шегеді. Осылай мысал келтіре берсек, таусылмайтыны сөзсіз. 

Шетелдің «шындығы»

Қоғам белсенділері қатты алаңдап отырған тағы бір мәселе бар. Жаңа заң жобасында  денсаулық сақтау жүйесіне кірмейтін кейбір ұйымдарда дәрі-дәрмектерді және басқа терапияны қолдана отырып, кінәлі отбасы мүшесіне психокоррекциялық бағдарламалар жүргізу міндеттемесін жүктеу туралы жазылған. Мұндай норма адамның денсаулығын қорғау құқықтарына қайшы.
Қоғам белсендісі Гүлмира Сембиеваның айтуынша, шетелде ата-анасынан тартып алынған бала жылап, көнбей, қарсылық білдірсе, оны қамқорлығына алған патронат отбасы психологты немесе психиатрды шақыруға құқылы. Маман ашу шақырған балаға диагноз қойып, психотропты препараттар тағайындайды. Бұл жағдайда патронат отбасының көздегені басқа нәрсе.  Олар сау бала үшін 4 мың АҚШ долларын алады, ал ауру бала үшін 6 мың доллар төленеді екен. Бұл жүйе елімізге енгізілсе не болмақ?
Қоғам белсенділері көтерген тағы бір мәселеге көз жүгіртейік. Ресми статистикаға сүйенетін болсақ, АҚШ-та жыл сайын 250-300 мың бала ата-анадан ажыратылады екен. Соңғы 18 жылдың ішінде 5 миллионға жуық бала тәркіленіпті. Қоғам белсенділері Джорджия штатының сенаторы Нэнси Шеффердің баяндамасындағы жағаұстатарлық деректі мысалға алады. Оның «Балаларды қорғау қызметтерінің сыбайлас жемқорлық бизнесі» тақырыбына жазылған еңбегінде АҚШ-тағы балаларды қорғау жүйесі бүлінген және түзетілмейтін, отбасыларды жоюға құрылған империя екені айтылады. Бұл жүйенің ата-аналары қателік жасау құқығынан айырылады. Ал баланы тартып алуға келген әлеуметтік қызметкерлер дәлелдемелерді бұрмалайды. Олар үшін баланы ата-анасынан ажырату тиімді. Өкініштісі, баланың отбасына қайтып оралуы маңызды мәселеге айналмайды. Патронат отбасыларда тәрбиеленген балалар арасында қайтыс болу көрсеткіші өте көп.  

Аналар 
не дейді?

Өткір мәселе төңірегінде «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы жанынан ашылған Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Максилованың да пікірін білген болатынбыз. Оның айтуынша, құжаттағы жаңа баптар салт-дәстүрімізге қайшы келіп отыр.
- Мұсылман халықтарындағы бала тәрбиесі әке-шешенің қас-
қабағына қараудан басталады. Барлығымыз кішкентайымыздан «Жоқ!», «Байқа!» деген сөзді естіп өстік. Қазіргі жасөспірімдер де солай тәрбиеленуде. Яғни, баланы 
жастайынан жаман әдеттен аулақ болып, жақсыға үйір болуға үйретеміз. Ата-әжесінің тәлімін алған балалар жаман болған емес. Әлеуметтік желіден жаңа заң жобасын оқып, жағамды ұстап отырған жайым бар. Мен де қалың көпшілік сияқты ұсыныстарға қарсымын. Зорлық-зомбылық мәселесі ұлттық 
тәрбиеге нұқсан келтірмеуі тиіс, - 
дейді Бақытжамал Шаханқызы. 
Көпбалалы ана Жазира Сәрсенова зорлық-зомбылықтың экономикалық түрі барлық отбасын ойран етеді дейді. 
- Жолдасым екеуіміз 5 баланы тәрбиелеп отырмыз. Оның 3-еуі мектепте оқиды. Пандемияға байланысты қашықтан білім алуға көшкенде 2 балама компьютер, заманауи ұялы телефон алып бере алмай қиналдық. Барлық отбасының әлеуметтік жағдайы бағалы техникаларды сатып алуға келмейді. Қазір азық-түліктің де бағасы шарықтап тұр. Жаңа баптар енгізілсе, балаға планшет тұрмақ, ойыншық, шоколад әпермесең де жазаға тартылатынымыз анық. Әр отбасының тұрмыстық жағдайына араласу дұрыс емес, - дейді                       көпбалалы ана.
 
  Түйін: 

Көпшілік шикі заң жобасын парламенттік талқы-лаудан алып тастауды талап етіп отыр. Парламент қарауына жіберілмес бұрын, баптарға алдын ала тиісті сараптама жасалып, әр тетігі түсіндіріліп, Конституциялық кеңестің  қорытындысы болуы керек. Бұл - заңгерлердің талабы. Мамандар отбасылық дәстүрді, этиканы әлсіретуге бағытталған заң нормаларын қабылдауға рұқсат бермейтінін айтып отыр. Заң жобасы қайта қаралғанда қоғам пікірі ескеріледі деген үміттеміз.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Количество показов: 84

Возврат к списку