Бар үміт - екпеде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

19.01.2021

Бар үміт - екпеде

18 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқас 294 адамның жағдайы ауыр, 60 пациенттің жағдайы өте ауыр болып  саналады. 
Талдап өтсек, әр тәулік сайын орташа алғанда 1000 адам жаңадан вирус жұқтырады. Сондай-ақ күн сайын 500-дей науқас емделіп шығуда. Жалпы ел бойынша СOVID-19 диагнозы қойылған тұрғындар саны 170 мыңға жетіп отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18 қаңтарда жариялаған мәліметінше, Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы аурудың таралауы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта. Ал «сары» аймақта Алматы, Қарағанды, БҚО мен СҚО бар. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.
Бұған дейін мәлімделгендей, Павлодар облысының мемлекеттік шекараларда орналасқан 4 автомобильдік өткізу пунктінде мониторинг жұмыстары жалғасуда. 15 қаңтардағы ақпарат бойынша, 14 014 ПТР-зерттеу нәтижесінде сырттан келгендерден 108 ауру оқиғасы тіркелген. Негізінен, науқастар екі ел арасында жүк тасымалдаушы тұлғалар екені анықталып отыр, 
Қазақстанда коронавируспен күрес, науқастарды емдеу мәселелері - Үкіметтің басты назарында. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, СОVID-19 инфекциясымен күреске мемлекет барлық күш-жігері мен қажетті құралдарды пайдаланды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қажетті медициналық жабдықтармен, жаңа модульдік инфекциялық стационарлар салу бойынша шаралар қабылданды, қаражат бөлінді. КВИ емдеу және диагнос-тикалау хаттамасы, іс-қимыл алгоритмі әзірленді және үнемі жетілдірілуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде КВИ-дің таралуы бойынша жағдай өткен жылдан бастап біршама тұрақтанды әрі төмендей бастады.
«Бүгінде халық арасында КВИ ауруының өсуін ескере отырып, жергілікті жерлердегі дәрігерлер тіркелген халықты, бірінші кезекте Д-есепте тұрғандарды тексеру бойынша жұмысты жалғастыру, жағдайы ауыр науқастарды дер кезінде анықтау қажет. Сонымен бірге, оларды ауруханаға жатқызу үшін коронавируспен ауырғандарға мониторинг жүргізу керек. Жергілікті жерлерде жұмысқа мобильді бригадаларды белсенді тартқан жөн. Олар өз бетінше диагноз қойып, ем тағайындауы тиіс. Денсаулық сақтау басқармаларына КВИ белгілері, вакцинациялаудың артықшылықтары бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет», - деді вице-министр.
Үйлестіру кеңестерінің ұсынымдары бойынша КВИ этимологиясы мен пато-генезін ескере отырып, қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттерге ерекше назар аудару, пациенттерді динамикалық бақылауды жолға қою, пациенттерді амбулаторлық деңгейде дәрі-
дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мамандандырылған орталықтарды мате-риалдық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту маңызды.
Бұл уақытта Ресейде екпе алуға тілек білдіруші халықтың барлық санатын жаппай вакциналау жұмысы басталды.  Ресейліктер тіркелген екі вакцинаның бірін – «Спутник V» немесе «Эпиваккоронаны» тегін салдыра алады. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жаппай вакциналау кезеңіне өтуді 13 қаңтарда тапсырған болатын. Сол кезде инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабты басқаратын вице-премьер Татьяна Голикова 18 қаңтардан бастап елде ауқымды вакциналаудан жаппай вакциналауға көшуге бәрі дайын екенін айтты. Ол Ресейде халықты коронавирусқа қарсы тегін вакциналау үшін ресурстар бар екенін атап өтті. Ең бастысы, Ресей азаматтары вакциналауға келуге, сондай-ақ «әсіресе қазіргі жағдайда өте маңызды болып табылатын қауіпсіздік шараларын сақтауға» ниет білдірді, деді Т.Голикова.
Қазіргі уақытта Қазақстанда үш мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтқанындай,  11 қаңтарда 3 мың еріктінің барлығына вакцина салынды. Қазір олар - зерттеушілердің тұрақты бақылауында. Н.Асылбековтің айтуынша, ақпан айының соңына қарай коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналар партиясы қолжетімді болуы мүмкін.
Дәл қазір бәрінен де әлем бойынша Еуропа мемлекеттері ерекше күрделі жағдайда. Бельгияда СOVID-19-дың британдық штаммы таралуда. Аталмыш штамм жұғу жағынан бұрынғысынан әлдеқайда қауіпті екені айтылуда.  
Кешегі күнге дейін әлем бойынша СOVID-19 вирусына 95 миллион адамның шалдыққаны белгілі болды. Дүниежүзі бұл дерттен құтқаратын бірегей жол ретінде екпеден зор үмітті болып отыр.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ


Количество показов: 91

Возврат к списку