Барлық қалдықты өлшейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Барлық қалдықты өлшейді 25.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді

Жаңа Экологиялық Кодекске сәйкес, өнеркәсіптік орындардың барлығында бірдей зиянды қалдықтар көлемін көрсетіп, орталықтандырылған деректер базасына автоматты түрде ақпарат жіберетін қондырғылар болуы тиіс. Мұндай құралдар жергілікті «Проманалит» кәсіпорнында құрастырылып, дайындалады. Осылайша, цифрландырудың жемісі саналатын электрондық өнеркәсіп пен ірі өндіріс орындары экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлесе әрекет етпек. 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Соңғы жылдары цифрландыру тетіктері мемлекеттік қызметтер көрсету саласына ғана емес, кәсіпорындарға да қарқынды еніп жатыр. Анығын айтқанда, экологиялық жағдайды бақылап, қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдау үшін мемлекет тарапынан өндіріс орындарына тиісті талап қойылып отыр. Аталмыш талап осы жылдан бастап қолданылатын Экологиялық Кодексте шегеленіп тұрып көрсетілді. Өндіріс орындары зиянды қалдықтарды саралайтын электронды қондырғыларды қолдануға міндеттелді. Сол арқылы құзырлы органдар бұрынғыдай кәсіпорындарға алдын ала ескертіп, сан алуан құралды апарып, әр қалдықтан сынама алу үшін бармайды. Осы жұмыстардың барлығын оңтайландыру көзделіп отыр. Бұл уақыт үнемдеуімен қатар, экологиялық қауіпсіздікті онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден, зауыт қалдықтары белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда кәсіпорынға барып, басшылықпен тілдесіп, ескерту не айыппұл жазудың қажеті болмайды. Жауапқа тарту шаралары да онлайн режимде жүзеге асады. 

Ол үшін кәсіпорындар автоматты түрде деректер базасына ақпараттар жіберетін құралдарды орнатса болғаны. Ал мұндай құралдардың түр-түрін павлодарлық «Проманалит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары ойлап тауып, құрастырып, сатылымға шығарады. 
Мәселен, бұл кәсіпорын инженерлері дайындаған ауа құрамын өлшейтін құрал отандық және шетелдік өндіріс орындары тарапынан зор сұранысқа ие. Компания басшысы Игорь Юсуповтың айтуынша, бұл құрал соңғы бес жылда жылу-энергетикалық орталықтар үшін таптырмас қондырғы болып тұр. Себебі сол арқылы ауаның құрамын қарап, соған сәйкес жағатын отын көлемін реттеуге болады. Сәйкесінше, отын көлемін айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік бар. Ал ылғал өлшейтін құрал жылу-энергетикалық орталықтардан шығатын түтіннің құрамындағы судың көлемін өлшеп береді. Әдетте, түтіннің құрамында 20-40 пайыз су болады. Экологияға кері әсер тигізбес үшін судың бұл көлемі сыртқа шығарылмай жатып-ақ жойылатын болды. Нәтижесінде сыртқа шығатын қалдықтардың көлемі айтарлықтай азаяды. 

Айта кету керек, мұндай құрылғыларды жасау көп уақытты қажет етеді. Мысалы, ауа өлшейтін құрал бес жыл, ал су көлемін реттейтін технология төрт жыл көлемінде жасалды. 
- Әр құрал тапсырыс берушіге лайықталып жеке дайындалады. Алдымен ғылыми институт қызметкерлері сараптама жұмыстарын жүргізіп, жобасын әзірлейді. Кейін инженерлер теорияны тәжірибеге айналдырып, дайын құралды құрастырып шығады. Компанияның құралдарын өндіріс орындарына өзіміз жеткізіп, құрастырып, белгілі бір уақыт мерзімінде сервистік қызмет көрсетеміз. Олардың бағасы өлшенетін құрамның көлеміне, технологияның қиындығына, кәсіпорынның орналасқан жеріне, тағы да басқа факторларға байланысты қалыптасады. Бір анығы – павлодарлық құралдардың бағасы шетелдік баламаларынан шамамен 30 пайызға арзан. Сондықтан болар, ресейлік компаниялар тарапынан қызығушылық жоғары. Бұл ретте мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестіктің барын да атап өткен жөн. Мәселен, пилоттық жоба ретінде кәсіпорындардағы құрылғылардан алынған ақпараттарды деректер базасы арқылы құзырлы органдарға ұсынамыз, - дейді И.Юсупов. 
Жергілікті билік сұраныс танытқан құралдардың бірі – қаладағы шаң-тозаң, ауа температурасы, қысымы, ылғалдылығын көрсететін қондырғы. Шағын ғана аппаратты автобустарға орнатып, қаланың әр бөлігіндегі ауа құрамын қарап, бақылауға әбден болады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда азот, күкірт, тіпті сынап құрамын есепке алатын арнайы функцияларды қосуға мүмкіндік бар. Мұндай құралдар -40 градусқа дейін шыдас береді. Алынған мәліметтер wi-fi желісі арқылы құзырлы мекемелерге бірден жолданады. Мұндай құрылғыны орнатуға Ақтөбе қаласының әкімдігі бейілді болып отырғанға ұқсайды. Павлодарлық әкімдік те жобаны жүзеге асыруға қатысты тетіктерді қарастырып жатқан көрінеді. Осылайша, тек кәсіпорындардағы емес, бүкіл қаладағы экологиялық жағдайды біліп отыруға мүмкіндік жасалады. 
Игорь Юсуповтың сөзіне қарағанда, қондырғыларға қажет бөлшектердің барлығы дерлік өз елімізде шығарылады. Тек пернетақта, есеп жүргізуге қажетті бір-екі бөлшек сырттан сатып алынады. Жалпы, қондырғылардың 90 пайызы қазақстандық құрам деп айтуға болады. Сондықтан «CT-KZ» сертификаты да берілді. 
- Оған қоса, сырттан мамандар шақырмаймыз. Инженер, құрастырушы-лардың барлығы – павлодарлық қыз-жігіттер. Біз әлемге әйгілі «Siemens» компания-сының еліміздегі жалғыз ресми серіктестігі болғандықтан, қызметкерлерді шетелде біліктілігін шыңдауға жүйелі түрде жіберіп тұрамыз. Жол, жатын-орын, оқу шығындарының барлығын «Проманалит» өзі көтереді. Сонымен қатар, Торайғыров университетімен дуалдық оқыту жүйесі негізінде байланыс орнатылған. Студенттер біздің кәсіпорынға келіп, аспап жасау, цифрлық технологиялар тұрғысында тәжірибелік білім алады, - дейді компания басшысы. 
Бүгінде мұнда 45 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлығы - 300 мың теңге көлемінде. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, бір ғана құралды жасау үшін бірнеше ай емес, бірнеше жыл уақытты сарп ететін әр қызметкердің орны ерекше. Сондықтан цифрлық дәуірдің сұраныстарына сай автоматтандырылған қондырғылар жасайтын әр маманның біліктілігін арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса назар аударылады.

Суреттер Promanalyt.kz сайтынан алынды.


Количество показов: 135

Возврат к списку