Баскөлдіктердің базынасы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

08.01.2021

Баскөлдіктердің базынасы

Ауылдағы ағайынның басты күнкөрісі - қорадағы азын-аулақ малы. Бірақ сол төрт түліктің қамын жасау баскөлдіктерге оңайға соқпай тұр. Көктем келсе болғаны шабындықтағы шөпті шабу, жинау әрі аулаға тасымалдаумен бас қатырады. Күрмеуі көп мәселе 20 жыл аралығында шешілмеген соң кейбіреулері мал ұстаудан бас тартып, ет пен сүтті дүкеннен сатып алуға көшті. Ал мал шаруашылығынан қол үзуді қаламайтындар ертеңгі күнге сеніп, қордаланып қалған жайттың түйіні бір тарқарынан үміттеніп келеді. 
Баскөл ауылының тұрғыны Амангелді Құсайыновтың айтуынша, елді мекен мен тоғайдың арасын жалғайтын көпір болмаған соң шабындықтағы шөп толығымен шығарылмай қалады. Оның бір бөлігін ауылға жеткізіп алудың өзі - әжептеуір күш. 
- Ертіс өзенінен бөлінетін Ақсу арнасы біздің ауылдың тұсынан ағады. Сол арнаның ар жағындағы тоғайға жете алмай әлек боламыз. Жазда Қ.Сәтбаев атындағы канал паром қойса, сол арқылы әупірімдеп жүріп шөпті жеткізіп аламыз. Паром болмаса, қараң қаламыз. Ол тұрған күннің өзінде бірнеше трактор бір мезетте өте алмайды. Сондықтан сағаттап кезек күтуге тура келеді, - дейді А.Құсайынов. 
Таң атқаннан кеш батқанға дейін тракторлардың тоғайдан шыға алмауы - мәселенің бер жағы ғана. Тұрғындар шөпке шалғы түсер уақытта шабындыққа паром арқылы жетіп алу үшін Қ.Сәтбаев атындағы каналдың қазынасына күн сайын 800 теңге төлейді. Яғни, баруы - 400 теңге, келуі - 400 теңге. Енді есептей беріңіз. Баскөлдіктер мал азығын ауылға алып келу үшін аптасына кемінде 5600 теңге, айына 22400 теңге (!) төлейді. Сәйкесінше, мал азығының бағасы бірден шарықтап шыға келеді. Бүгінде бір тіркеме шөп 25 мың теңге тұрады. 
Баскөлдіктер базынасын билікке талай рет айтқанмен, нақты нәтиже болған жоқ. Сондықтан ауылдың белсенді азаматтары Семейдің Курчатов қаласынан 12 жылжымалы көпір бөлшектерін сатып алды. Әрқайсысының бағасы - шамамен 350 мың теңге. Жол шығынына жұмсалған 200 мың теңге тағы бар. Баскөл ауылының тұрғыны Амангелді Кенжеғалиннің айтуынша, керек қаржының барлығын жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары мен қарапайым тұрғындар өз қалталарынан шығарды. Енді жылжымалы көпірлерді орнату үшін жергілікті әкімдіктің көмегі керек. 
- «Бас қайғымызға» айналған шөп тасымалдау мәселесін тек биліктің арқасына артып қойған жоқпыз. Талайдан бергі түйткіл бәрімізге ортақ болғандықтан, ауыл азаматтары жүкті жұмыла көтеруге бел шешіп кірісті. Керек-жарақтарды ешкімнен қаржы сұрамай-ақ өзіміз сатып алдық. Құралдардың 70 пайызы дайын тұр. Бірақ мұнымен жұмыс бітпейді. Оларды көтеріп, орнататын арнайы крандар, техникалық талаптарға сай қойып, дәнекерлейтін мамандар керек. Тиісті құжаттарды рәсімдеу де - «жыры» көп шаруа. Бұл ауқымды істі атқаруда әкімдік қол ұшын созса екен дейміз, - дейді А.Кенжеғалин. 
Бұл мәселе бойынша Май ауданының әкімі Марат Ақтаевқа арнайы хабарластық. Аудан басшысы баскөлдіктердің жағдайын жасау үшін қолдан келер көмекті аямайтынын аңғартты. Тек жергілікті тұрғындар тарапынан да нақты қадамдар жасалуы тиіс. 
- Ауылдықтарды алаңдатып отырған мәселені жақсы білемін. Тұрғындармен бірнеше рет кездесіп, шөп тасымалына қатысты жағдайды жан-жақты талқыладық. Сол кезде Курчатов қаласынан жылжымалы көпірлерді алуға кеңес берген болатынбыз. Ауыл азаматтары ұсынысымызды ескеріп, құралдарды жеткізіп әкелді. Ендігі ретте жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, тиісті рұқсатқағаздарды алуымыз қажет. Ол үшін жергілікті азаматтардың қатарынан бір белсенді шығып, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы шарт жасауы керек. Яғни, бұл мәселені осы әріптестік аясында ғана шешуге болады. Тұрғындар мен әкімдік арасында тиісті келісім болған соң құжаттарды ресімдеу, реттеу жұмыстарына кірісе аламыз, - дейді М.Ақтаев. 
Жиырма жылға созылған «шөп жырына» нүкте қояр жалғыз амал осы болып отыр. Береке-бірлігімен танылған баскөлдіктер осы орайда да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар» деген үміттеміз. Қазір әкімдіктің ұсынысынан бас тартар болса, тағы талай жыл жол азабын тартуға тура келе ме, кім білсін?! Билік пен бұқара ортақ шешімге келіп, биыл жылжымалы көпірлерді салу жұмыстары басталарына сенгіміз-ақ келеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 87

Возврат к списку

Раздел не найден.