Бастысы - азаматтардың сенімі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алдымен экономика, содан кейін саясат»: қиындықтарды жеңу
03.08.2021

Қола - қалтада
03.08.2021

Өрт азайған
03.08.2021

QazVac жеткізілді
03.08.2021

Кезең-кезеңмен шешіледі
03.08.2021

Шарапаты мол
03.08.2021

Алғабастың жолы жөнделе ме?
03.08.2021

Сарыарқа самалы, 3 тамыз, сейсенбі
03.08.2021

Энергоблок жаңаруда
31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»
31.07.2021

Тағы да жапондықтар жайлы
31.07.2021

Жақсылыққа шақырады
31.07.2021

Күміспен күптелді
31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»
31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?
31.07.2021

Той-томалақ тыйылмай тұр
31.07.2021

Індет қайта өршіді
31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады
31.07.2021

Ұтымды ұқсату керек
31.07.2021

Ауылдың ажары артты
31.07.2021

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі
31.07.2021

Тартысқа толы Токио
29.07.2021

«Sary qyz»
29.07.2021

Жаяу Мұса
29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?
29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға
29.07.2021

Вакциналаудың қарқыны төмен
29.07.2021

«Достықтың» мәселесі шешілуде
29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз
29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады
29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...
29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?
29.07.2021

Сарыарқа самалы, 29 шілде, бейсенбі
29.07.2021

Қоржында – қос қола
27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
27.07.2021

Ел үміті ақталса игі
27.07.2021

Белгісіз батыр
27.07.2021

Молдовадан табылды
27.07.2021

Әкім бол, халқыңа жақын бол
27.07.2021

«Сырлы аяқтың сыны кетпес»
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 27 шілде, сейсенбі
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 24 шілде, сенбі
24.07.2021

Сербтердің мысын басты
24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар
24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема
24.07.2021

Инновациялық панельден салынады
24.07.2021

Ауылда да маркет бар
24.07.2021

Білімді мыңды жығады
24.07.2021

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
24.07.2021

Арнайы жоспар қажет
24.07.2021

Түркістанға әуе кемесі қатынайды
24.07.2021

Қордаланған мәселе көп
24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы
24.07.2021

Штаб құрылды
24.07.2021

Құрылыс қалдықтары көп
24.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады
22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады
22.07.2021

Стамбул сұлулығы
22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...
22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...
22.07.2021

18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Жұртқа жақын полицей» қағидаты мен ішкі істер саласын цифрландыру бағытында ауқымды істер қолға алынуда. ҚР Ішкі істер министрлігінде 2021 жыл – «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жарияланған. Облыстық полиция департаменті де республикамызда алғашқылардың бірі болып тың технологияларды меңгеруде. Міндетіне адал тәртіп сақшылары жұртқа жәрдемдесіп, алғыс арқалауда. 

Айдана ҚУАНЫШЕВА



Тұрғындар да анықтайды

Биыл елімізде тұңғыш рет Павлодар облыстық полиция департаменті құқық-бұзушылықты анықтаудың тың әдісін енгізді. Құқық қорғау органдары мен азаматтар арасындағы кері байланыс «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Ең бастысы, тәртіп бұзғандарды жөнге салуға тұрғындар көмектеседі. Бұл жүйе жұртшылық пен полицей арасындағы байланысты нығайтуға, мамандарға деген сенімді күшейтуге бағытталған. 1 ақпанда қосылған мобильді қосымша арқылы бүгінге дейін 30-дан астам қоңырау түскен.
IMG_3528.JPG
Жедел басқару орталығының мамандары құқықбұзушылық фактісі жөнінде хабар берген әрбір адаммен тілдесіп, оқиға орнына тәртіп сақшыларын жіберуде.
- Қосымша іске қосылған алғашқы аптаның ішінде 10 адамнан қоңырау түсті. Мәселен, 3 ақпанда күндіз сағат 10.45-те облыс орталығының тұрғыны мамандармен бейнебайланысқа шығып, Ак.Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан сауда үйінің алдындағы көліктің дұрыс тоқтамағанын көрсетті. Техника өзге автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Оқиға орнына жол-патрульдік полиция қызметкерлері аттанып, көлік иесіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Тағы бір қала тұрғыны абаттандыру ережесін бұзған адамды жазалауға көмектесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Бастысы, мамандар құқықбұзушылық орын алған фактіні тіркеп, оқиға орын алған жерге жедел бара алады. Бейне және аудио қоңырау түскендіктен, тіркелген іске дәлелдеме іздеп, уақыт жоғалтпайды. Цифрландыру жүйесі халықпен кері байланысты нығайтып, қызмет сапасын арттыруда, - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
13 ақпаннан бастап аймағымыздағы жүргізушілер көлікті құжатсыз тізгіндеуге мүмкіндік алды. Бұдан былай жүргізуші және техниканы басқару куәліктерін үйде ұмытқан адамдар айыппұл арқаламайды. Оған қатысты жеке мәліметтер автоматты түрде базаға енгізілгендіктен, жол сақшылары керек деректі планшет арқылы тексереді.
Планшет.jpg
Заманауи құрылғы әрбір тоқтатылған көліктің иесіне қатысты мәліметті дисплейге шығарады. Полиция тек көлік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсе болғаны. Көлік басқару куәлігінің бар-жоғын, мойнындағы айыппұлдың төленген не төленбегенін, ең соңы көліктің заңды иесіне дейін анықтап береді. 
- Жаңашылдық цифрландыру аясында енгізілді. Қуантарлығы, облысымыздың жол сақшылары заманауи планшеттермен қамтылған. Құрылғымен қалай жұмыс істеу керектігін біледі. Ескеретін жайт, егер көлік шетелден әкелінген болса, жүргізуші өзімен бірге техниканы басқару куәлігін алып жүруі тиіс. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі ғана базаға енгізілген. Яғни, мемлекетімізге келген шет ел азматтары өздерімен бірге екі куәлікті алып жүруге міндетті, - дейді облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 
Естеріңізге сала кетейік, облыстық полиция департаменті елімізде алғашқы болып «AQIQAT» компьютерлік полиграфымен жұмыс істеуді бастаған болатын. Криминалды полиция басқармасы қылмыс жасаған адамдарды осы технологиямен анықтауда.

Алғыс арқалады

Аймағымыздың сақшылары 2021 жылды алғыс алудан бастады. Естеріңізде болса, қаңтар айының басында Қырғызстан экономика министрі Санжар Мұқанбетов ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа алғыс білдіріп, арнайы хат жолдаған болатын. Онда көршілес мемлекеттің министрі қақаған аязда жолда қалған қырғыз азаматын құтқарып қалған Павлодар облыстық полиция департаментінің қызметкелеріне ризашылығын жеткізген еді. Полицейлердің қырағы әрекеті арқылы «Жұртқа жақын полицей» қағидатының бір көрінісін айқын байқадық. Жалпы, халыққа жәрдемдесіп, алғысын арқалап жүрген сақшылар жетерлік. Бұл ретте ақпан айында орын алған негізгі оқиғаларға ғана тоқталып өтейік. 
Жуырда департамент басшысы Нұрлан Мәсімов қала тұрғынынан Алғыс хат алды. Әйел азамат Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел әрекетіне ризашы-лығын жеткізген. Оқиға желісіне сүйенетін болсақ, әлдебіреулер қоғамдық көлікте отырған әйелдің сөмкесінен телефонын ұрлап кеткен. Дереу полицияға хабар берген. Мамандар әлгі әйелді тыңдап, қажетті мәліметтерді жазып алған. Бар-жоғы бір күннің ішінде сақшылар ұрланған ұялы телефонды иесіне қайтарған. 
Петропавл қаласының тұрғыны Юрий Макаров Өскемен қаласына КамАЗ көлігімен шыққан. Омбы-Майқапшағай бағытындағы жолда келе жатып, көктайғақтың салдарынан Аққулы ауданы Қызылқоғам ауылының маңында аударылып қалған. Абырой болғанда, зардап шекпеген. 
- Жағдайыма байланысты полицияға хабар бердім. Олар оқиға орнына тез арада жетіп, маған көліктегі барлық тауарды түсіруге көмектесті. «КамАЗ»-ды жолға шығарған соң, әлгі тауарларды қайта көлікке тиеді. Күні бойы көмектесіп, мені жалғыз қалдырмады. Жол тайғақ болғандықтан, бағытымды жалғастыруға рұқсат бермеді. Көлігімді жылы гаражға қойып, маған тынығатын орын ұсынды. Полиция қызметкерлеріне шексіз ризамын, - дейді петропавлдық азамат.
Құқық қорғау қызметкерлеріне риза-шылығын білдіргендердің қатарында – Ақтоғай ауданы Приреченск ауылының тұрғыны Елена Петрова да бар. Ол үйден шығып, жоғалып кеткен анасын тауып берген полицейге алғыс айтты. 
- Кешкі уақытта анам дүкенге шыққан еді. Шамамен 30 минуттан кейін жетуі керек болған. Бір сағат ішінде оралмаған соң, полицияға хабарластым. Өйткені анамның бойында психикалық ауытқушылық бар еді. 10 минуттың ішінде үйге Нұрболат Сұлтанов есімді кіші лейтенант келді. Екеуіміз анамды ауыл ішінде бірге іздеп, тұрғындардан сұрастырдық. Полицей бірнеше сағат ішінде анамды тауып берді. Сол кезде олардың жұмысы қаншалықты ауыр екенін көрдім. Себебі ауыл ішіндегі әрбір үйді, бос орындарды жіті аралап, тексерді. Менің қоңырауымнан бөлек, өзге де мәселе бойынша хабарласқан адамдар болды. Барлығына үлгеріп, өз жұмысына жауапкершілік танытқан мамандарға алғыстан басқа айтарым жоқ, - дейді ол.
Полицейлер 1 жастағы нәрестені де анасымен қауыштырды. Оқиға желісіне сүйенсек, Екібастұз қаласының тұрғыны 102 қызметіне қоңырау шалып, азаматтық некеде тұрған жолдасының баласын алып кеткенін айтқан. Мұндай әрекетке екеуінің арасындағы жанжал себеп болған. Полицейлер ер адам мен баланы бір апта іздеген. Әкесі баласын туыстарына беріп, әйеліне қайтарғысы келмеген. Ауқымды жұмыстың нәтижесінде бала табылып, анасына қайтарылды. Әлгі азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексі бойынша іс қозғалған. 
Жалпы, облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлі өзекті күйде қалып отыр. Жыл басынан құқық қорғау қызмет-керлері 600 ерлі-зайыптыға қатысты қорғау нұсқамасын ашқан. Отбасының тыныштығын бұзған 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 
Жалпы, қақаған аязда жолда қалған жолаушыларды күні-түні қорғаған полицей-лердің ерлік әрекеттерін талай мәрте жаздық. Өз бастарын қауіпке тігіп, жүргізушілердің өмірін құтқарды. Тоқтап қалған көліктерді өз техникаларына тиеп, қажетті мекенжайға да жеткізді. Тіпті, қарияларға отын жарып, қар күреуде қолғабыс етіп жүрген сақшылар бар. Қайырымдылық шарасына да белсенді қатысуда. Қуантарлығы, мұндай жұмыстар әлі де жалғасуда.

Түйін: 
Қолға алынған жаңашылдық арқылы ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жобаның тыңғылықты жүзеге асырылып жатқанын көреміз. Құқық қорғау саласын цифрландыру жемқорлықтың жолын кесіп қана қоймай, ашық қоғамды қалыптастыратыны сөзсіз. Тұрғындар да заман талабына айналған жүйенің тілін меңгерген. Бұл байланыс полицияның жұмысын жеңілдетіп, міндетіне деген жауапкершілігін арттырады.


Количество показов: 114

Возврат к списку