Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті

Кеңес өкіметінің солақай саясатының кесірінен 1941 жылы миллиондаған халық депортацияға ұшырады. Сол бір қиын-қыстау кезеңде көңілі кең қазақ елі түрлі ұлт өкілдерін құшағына алып, бауырына басты. Көсегесі қазақ елімен бірге көгерген өзге ұлттың азаматтарының біздің халқымызға деген ризашылығы шексіз. 

1 наурыз - Алғыс айту күні. Бұл - осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударып, ұрпақ жалғастығын сақтап қалған түрлі этностардың қонақжай қазақ халқына деген шексіз құрметін танытатын күн. Себебі, жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің кез келген іспен шұғылданып, олардың алаңсыз өмір сүруі үшін мұнда барлық жағдай жасалды. Білім алып, әрқайсысы мамандық игерді.  Тіпті суретшілерге де сол бір қиын кезде қолына қылқаламын ұстап, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік берілді.
Соның бір дәлелі - облыстық көркемсурет музейінде ұйымдастырылған «Өткеннен жаңғырық» атты суреттер көрмесі. Музей басшысы Айгүл Нұрқамысованың айтуынша, көрмеге ХХ ғасырда өмір сүрген 9 сурет-шінің 15 туындысы қойылған.

- Бұл көрменің бұрынғылардан өзгешелігі мол. Себебі, аталмыш туындылардың авторлары - аштықты, қуғын-сүргінді бастан кешірген жандар. Бірақ олар қандай заман болса да қолдарынан қылқаламын тастамай, артына тамаша туындыларын қалдыра білді. Бұл туындылар біздің музейдің қор коллекциясында сақталған, - дейді А.Нұрқасымова.

Көрмеге қойылған туындылар арасынан портрет, пейзаж, натюрморт және тұрмыстық көріністі көруге болады. Бір-біріне ұқсамайтын 15 жұмыстың авторлары - көпке әйгілі тұлғалар. Бұл қатардан Қазақстанның Халық суретшісі, кескіндеме профессоры Абрам Черкассидің портреттерін көруге болады. Мұнда суретшінің жары Ева Черкасскаяның портреті де бар. Сонымен қатар, Қарағанды кескіндеме мектебінің негізін қалаушы, суретші, өнертанушы Владимир Эйферттің автопортреті  мен оның әйелінің портреті де көрмеден орын алған. Бұдан бөлек, Баки Урманче, Регина Великанова, Алексей Степанов, Леонид Леонтьев пен Леонид Брюмердің төл туындыларын тамашалауға мүмкіндік бар. 

Тарихқа көз салсақ, XX ғасырдың басында елге Беларусь, Ресей және Украинадан 1 миллионнан аса адам қоныс аударған. Тек ұжымдастыру кезеңінде 250 мың шаруа жер ауып келді. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден аса ұлт өкілі ауызбіршілікте, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Тарихтың куәгерлері бұл күні ұрпақ бойына сыйластық нәрін сіңіруге мүдделі.
Айта кетелік, көрме наурыз айы бойы келушілердің назарына ұсынылатын болады.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ. 


Количество показов: 103

Возврат к списку