Белгісіз батыр

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Белгісіз батыр 27.07.2021

Белгісіз батыр

Бүгінде небір жаңалық, бұрын естімеген деректер мен оқиғалар әлеуметтік желілердің бетінде жүреді. Майдангер Сәбит Ахметбеков деген адам жайлы мына бір таңқаларлық деректі Қозған ата ұрпақтары әлеуметтік желіге салған екен. Соны көзіміз шалғасын, біздер дереу майдангердің бүгінгі ұрпақтарымен хабарласып, ол кісі жайлы біраз мәліметтер алдық.

 

«Таңқаларлық» деп отырғанымыздың себебі, Сәбит Ахметбеков Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылып, бірақ бір себептермен өтпей қалған. Көпке белгілі, сол кезде жоғарыда отырған әскери басшылардың өзара қырғиқабақтығынан Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев секілді аталарымыздың осы бір мәртебелі атаққа ілікпей қалғанынан хабардармыз. Соғыс уақытында бұндай оқиғалардың болып тұрғанын бүгінде оқып-біліп жатырмыз. Әсіресе, әділетсіздіктер славян ұлтына жатпайтын жауынгерлер үшін көп қолданылған секілді. Сәбит Ахметбеков те дәл осындай жағдайға ұрынып, «Кеңес Одағының батыры» деген атаққа ұсынылып тұрып, әділетсіздіктің себебінен бұйырмай қалған екен. Енді сөзіміз дәлелді болу үшін, төмендегі құжаттарға назар салыңыздар. 1944 жылдың 25 сәуірінде жасалған мына құжатты қазақшаға аударып бердік: 44-гвардиялық, Қызыл тулы Бердичев танк бригадасының командирі, гвардия полковнигі Гусаковский, 11-гвардиялық танк корпусының командирі, гвардия полковнигі Гаркуша қол қойған құжатта С.Ахметбековті «Кеңес Одағының батыры атағына лайық» деп жазады. Бірақ 1-гвардиялық танк армиясының командирі, генерал-полковник Катуков пен армия әскери кеңесінің мүшесі, гвардия генерал-майоры Попель деген адамдар бұл ұсынысты үстінен бір-ақ сызып, «Қызыл жұлдыз» ордені берілсін деп шешкен. Енді Сәбит Ахметбеков бұл атаққа не үшін ұсынылған екен десеңіздер, мына бір құжатқа қараңыздар (суретте). Бұл құжатты 1944 жылдың 14 сәуірі күні жасаған 112-Қызыл тулы әскери құраманың командирі капитан Усанов деген адам екен. Енді осы құжатты қазақша сөйлетсек, былай дейді: «1944 жылдың 21 наурызы күні Колодезювка деревнясына шабуыл жасағанда, С.Ахметбеков ерекше ерлік көрсетіп, өз бөлімшесін шабуылға бастап, жау траншеясына бірінші болып кіріп, граната лақтырып, дұшпандардың 20 солдаты мен офицерінің көзін жойды. Осы ұрыста Ахметбековтің әскери бөлімшесі жаудың 65 солдаты мен офицерлерін жоқ қылды. 1944 жылдың 23 наурызындағы Борщев деген жерде өткен ұрыстарда Ахметбеков өзінің бөлімшесімен дұшпандардың колоннасына бірінші болып тиіп, 5 автомашинаны жарып, немістің 100 солдаты мен офицерін жер жастандырды. 1944 жылдың 24 наурызында Колодрубка деревнясының маңында болған ұрыстарда Ахметбеков қолдан жасалған құралдарды пайдалану арқылы Днестр өзенінен өтіп, арғы беттегі румын шекара заставасымен ұрыс жүргізіп, біздің бүкіл батальонның арғы бетке өтуіне жағдай жасады. Осының нәтижесінде өзеннің оң жағалауындағы плацдарм біздің қолға өтті. 1944 жылдың 3 сәуіріндегі Хотынь қаласы маңындағы ұрыстарда Ахметбеков жолдас жауып тұрған автомат пен пулемет оғына қарамай, Днестр өзенінен бірінші болып өтіп, жаудың өткелден өткізбес үшін қалдырып кеткен тосқауылын автоматтан атқылап, немістің он солдатын өлтірді. Осындай жеке басының ерлігіне байланысты Ахметбеков жолдас Кеңес Одағының батыры атағын алуға әбден лайық», – депті. Құжаттарға қарап отырсақ, бұл Сәбит Ахметбековтің 1944 жылғы сәуір айының 21, 23, 24-і және наурыз айының 3-і күні ғана жасаған ерліктері екен. Ал соғысқа бастан-аяқ қатысқан Ахметбеков бұдан басқа небір ерліктер жасамады дейсіз. Өкінішке қарай, осындай нақтылы ұсыныстар болғанымен, Сәбит Ахметбековтің жоғарғы атаққа қолы жетпей, әділетсіздікке ұрынады. Бұл жерде не себеп болды деп болжау қиын. Жоғарыда айтқан әскер басшыларының арасындағы келіспеушілік, ұлтқа бөлу, т.б. жағдайлары себеп болғаны анық. Енді міне, сұрапыл соғыстың аяқталға-нына 76 жыл өткенде ғана өз жерімізден шыққан осындай батыр аталарымыздың болғанын біліп жатырмыз. Сәбит Ахметбекұлы әрине, наградасыз емес, І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», т.б. орден, медальдармен марапатталған. Бірақ, өзінің қаны мен терін бірдей төгіп жасаған ерлігіне лайық «батыр» деген атаққа жетпей қалғаны әрине, өкінішті. Енді әңгімеміздің кейіпкері Сәбит Ахметбеков кім дегенге келейік. Бұл кісінің арғы түбі баянауылдық, бүгінгі Жайма ауылының төңірегінде дүниеге келген. Сүйегі – Бегендік-Қозған атасынан, оның ішінде жазушы Зейін Шашкинмен аталас туыс. Сәбит Ахметбековтің бүгінде Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде тұратын қызы Бақтай (Бақыт) атты апайдың ұсынған дерегі бойынша, Шәшкеден – Күшікбай. Күшікбайдан Ахметбек, Жүнісбек, Қари туады. Жүнісбек – Зейіннің әкесі. Сонда Сәбит пен Зейін – аға мен інінің баласы, немере туыс болып шығады. «Әкеміздің өңі ақсары, көзі көкшілдеу, бойшаң кісі еді», – деп еске алады Бақыт апай.

- Мен ес білгелі бүгінгі Ақсу қаласына қарасты Калинин атындағы совхозда (Сарышығанақ ауылы) тұрдық. Әкем сол жерде бөлімше меңгерушісі болды, басқадай қызметтер атқарды. Денесінде жараның орындары, тыртықтар көп болатын, кейде оны бізге көрсететін де. Бірақ мен батыр болдым, ер болдым деген мақтаныш сөзін естімеппіз. Соның себебінен біздер соғыс уақытында әкеміздің батыр атағына ұсынылғанын білген де жоқпыз. Өкінішке орай, әкеміздің орден, медальдарын да сақтай алмадық. Ана бір жылдары жауын-герлік наградаларын ауылдың мектебі сұрап алған, содан біржола жоғалып кетті. Біз кейін сұрап барып едік, ананы-мынаны сылтауратып тауып бере алмады. Негізі, біреулер алып кетсе керек. Әкеміз жайлы құжаттардың табылу себебі, Павлодарда майдангерлер жайлы деректер іздеумен айналысатын бір ұйым бар екен, әкеме қатысты құжаттарды солар тауып алса керек. Ол құжаттар әуелі Сарышыға-наққа келіпті. Сол жерде ауылдық әкімдікте отырған адамдар хабарласып, біздерге жеткізді. Қазір інімнің баласы Талғат осы мәселені қолға алып, сұрау салып жатыр. Әкем соғыстан аман-сау оралғасын, Павлодарда біраз уақыт Жаңыл атты әпкесінің қолында тұрып, милицияда қызмет істепті. Кейін өзінің ата мекені Баянауылдағы Жаймаға қарай кетеді. Бірақ ол жақта да көп тұрақтамай, осы Ертіс бойына келіп біржола қоныстанған секілді. Себебі әкем майданға осы Куйбышев ауданынан (бүгінгі Ақтоғай ауданы) шақырылған. Өзімнің туған шешем Күлшат деген кісі анау Успен ауданындағы Тобылжандікі, Бәсентиін Сәмек деген атадан. Әкем екеуі осы жақта кездесіп, танысқан секілді. Бірақ анамның өмірі қысқа болды. Ол кісі дүниеден өткенде, мен бірінші сыныпқа барып жүргем. Сіңлім Света 5 жаста, інім Темірболат 1 жаста қалды. Ер адамға шиеттей бала-шағаны жеткізу оңай емес. Әкем екінші рет Күлғази деген адамға үйленді. Құдай оңдап, ол шешеміз өте дұрыс кісі болып шықты, бізге өгейлік көрсеткен жоқ. Бәрімізді өсірді, жеткізді, алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Әкеміз 1969 жылы 6 қазан күні өмірден өтті. Мен Қызылжар ауылының тумасы Сыздықов Тілек деген адаммен шаңырақ көтеріп, 1974 жылы «Сарықамыс» совхозына қоныс аудардық. Себебі, ол жерде әкемнің туған әпкесінің баласы Жамалов Мәжит деген кісі совхоздың директоры болатын. Көп жылдар сол ауылда тұрып, кейін совхоздар тарағасын, осы Солнечныйға көшіп келдік. Отбасымызда Гүлжамал, Жанар атты екі қыз, Жұпар, Ерболат атты екі ұлымыз бар. Олар өсіп-өніп, үйлі-баранды болып отыр. Жоғарыда айттым, Жүнісбектен жазушы ағамыз Зейін туады. Ол кісінің ұрпақтарымен ара-тұра хабарласып жүреміз. Ахметбектен – Сәбит және Жаңыл, Әсия деген екі қыз туған. Сәбиттен – мен және Света деген сіңлім, Темірболат деген інім қалды. Ол інімнің ғұмыры қысқа болып, 1983 жылы қайтыс болып кетті. Темірболаттың бүгінде   Марат, Жанат, Талғат деген ұлдары бар. Олар да өсіп-өніп, немере сүйіп отыр. Талғат көп жылдар Курчатовта әскери қызметте болған, қазір құрметті демалыста. Жоғарыда аталған, Ахметбек атамызбен бірге туған Қаридан – Қамидолла, Файзолла, Зейнолла деген үш ұл тарайды. Қамидолла атамыз ерте уақытта Галкин (Шарбақты ауданы) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Кейін Ермак қаласында мемлекеттік банктің меңгерушісі, әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің басшысы болды. Ол кісіден Алтай, Естай, Мұрат, Сәуле, Алтын, Алма, Бәтес деген балалар қалған. Міне, бауырым, біздің әулет туралы аз ғана әңгіме осындай, – дейді Бақтай апай. Иә, Алла тағала адам баласының маңдайына алуан түрлі тағдыр жазады ғой. Дүниені дүр сілкіндірген сол соғыста кейбіреулер қыршынынан қиылып, Еуропа жерінің топырағын мәңгілікке жастанып қала берсе, енді біреулер туған ошағына аман-сау оралып, бейбіт тірліктің дәмін татты. Майдан даласында қазақ деген халықтың қандай болатынын өзінің ерлік ісімен дәлелдеген Сәбит Ахметбекұлы да қанды қырғыннан сау-саламат оралған екен. Бірақ жоғарыдағы құжатты қолына ұстап, қуынбапты. Батырлығымды дәлелдеймін деп ешқандай мекеменің босағасын тоздыр-мапты. Тіпті елге оралғасын да бұл жайлы ешкімге тіс жармаған сыңайлы. Егер әңгімелеп айтса, ұрпақтары білер еді ғой. Әлде елге сау-саламат оралғанын қанағат тұтты ма екен? Бұл жағы бізге белгісіз. Дегенмен, енді осы мәселені әрі қарай қозғап, Сәбит сынды батыр бабаның ерлігін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету үшін жұмыстар жүргізілуі керек сияқты. Тіпті Ресей мен Қазақстан – екі елдің Қорғаныс министрлігіне хат жолдап, арада 76 жыл өтіп кетсе де, алынбаған атақты қалпына келтіруге болатын шығар. Біздің ойымызша, Сәбит Ахметбекұлы осыған лайық адам.

Сайлау БАЙБОСЫН,

Екібастұз қаласы.


Количество показов: 247

Возврат к списку