Бензин қымбаттады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

02.03.2021

Бензин қымбаттады

Өткен аптаның соңында облыстағы жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы бірден бірнеше теңгеге бір-ақ өсті. Көлік отынының орташа есеппен 2-6 теңгеге қымбаттауының өзі көлік тізгіндегендердің қалтасына кәдімгідей салмақ салуда. Қарапайым тұрғындар мұның соңы жолақы құнының қымбаттауына әсер ете ме деп қауіптенеді. 

Өткен аптаның басында павло-дарлықтар АИ-92 маркалы бензиннің бір литрін шамамен 152 теңгеге сатып алса, апта соңына қарай 154-160 теңгеге алуына тура келді. Мәселен, жүргізушілер жиі ат басын бұратын «Монолит» желілерінде жанармайдың бір литрі 152 теңгеден 154 теңгеге, «Газпром», «Helios» бекеттерінде 154 теңгеден 156 теңгеге дейін қымбат-тады. Бұл бекеттерде бензиннің қоспа қосылып, байытылған түрінің бағасы да бірнеше теңгеге өскені байқалады. 

Ал «Pegas», «Bip» жанар-жағармай желілерінде баға әзірше тұрақты. Алғашқысында АИ-92 маркалы жанармай 152 теңге, соңғысында 150 теңгеден саудалануда. Бұл бекеттердегі баға бірнеше күн дересінде өзгеруі әбден мүмкін. 
Кейбір бекеттерде АИ-95 маркалы бензиннің бағасы да өсті. Бұған дейін литрі 170-172 теңге болса, бүгінгі күні 174-178 теңгеден сатылады. 

Сатушылардың өздері жанармай бағасының қымбаттауын жеткізуші компаниялардың сұйытылған отын құнын өсіруімен байланыстырады.
ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары Талғат Құрманбаевтың айтуынша, бұған жанармайға деген сұраныстың артуы себеп болып отыр. 
- Қазіргі уақытта пандемиядан зардап шеккен экономиканың негізгі салалары қайта жанданып келеді. Сондықтан сұраныс өсті. Жанармайдың көтерме саудадағы бір литрінің бағасы 7 мен 15 теңге арасында болса, ол литрге шаққанда 6 мен 10 теңгеге сәйкес келеді. Яғни, жанармай бағасы орта есеппен алғанда 8-10 теңгеге өсті. Нарықтағы мұндай өзгеріске мұнай бағасы қымбаттауының тікелей әсері жоқ, - дейді Т.Құрманбаев. 

Сарапшы Тоқтамыс Меңдібаевтың пайымынша, елімізде жанар-жағармай бағасының құбылуына Ресей нарығы әсер етуде. 
- Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіретін елдерге қойылған бір талап – бензин бағасының Ресейдегі нарықтағы жағдайға қарай икемделуі. Бүгінде көршілес мемлекетте бір литр жанармайдың бағасы бізден 70 теңгеге қымбат. Сондықтан жергілікті кәсіпорындар үшін отандық бекеттерге қарағанда сыртта сатқан әлдеқайда тиімді. Табыс табуды көздегендер жанармайдың заңсыз саудасын «қыздырмас» үшін қазақстандық нарықтағы баға әлі де өсетін сыңайлы, - дейді экономист. 

Қазақстанда 2015 жылдан бастап жанар-жағармай бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Тек өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға байланысты сұйытылған отын бағасын 2021 жылдың 1 наурызына дейін бақылау жөнінде тапсырма берген болатын. Бақылау мерзімі аяқталды. Енді жанармай саудасы еркін нарыққа шығарылды. Яғни, қай маркалы бензинге қандай бағаны белгілеу керек екенін өндірушілер мен сатушылардың өздері біледі. 
Ал бұл ретте «Бензин бағасы бақылаусыз қалған соң тіпті қымбаттайды» деген әңгіме ел арасында желдей есіп жүр. Сондықтан тұрғындар жол, коммуналдық шығындар, басқа да қызмет көрсету түрлерінің ақысы өседі деп қауіптенеді. 
- Жанармай бағасының бірнеше теңгеге өсуі жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар, такси қызметтері үшін тиімді. Жолақы құнын өсіруге негіз болатын себеп табылды. Электр, жылу энергиясымен қамтитын монополист  компаниялар да бағаны көтере ме деген ой бар. Отын құнының құбылуы азық-түлік нарығына да кері әсер етеді. Сондықтан жанар-жағармай бағасы қайтадан мемлекет тарапынан реттелсе жақсы болатын еді, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Серікбай Тасболатов. 

Сарапшылардың болжамы бойынша, жыл соңына дейін АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 170, АИ-95 маркалы жанармайдың бағасы 200 теңгеге дейін жетеді. Десе де, Энергетика министрлігінің өкілдері алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартады. Себебі жанармайға қатысты шекті бағаны ведомствоның өзі белгілейтін болады. Бекеттер бағаны заңсыз өсірген жағдайда монополияларды реттеу агенттігі іске кірісіп, тиісті шараларды қолға алады. 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 115

Возврат к списку