Бибісары әулие

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

16.01.2021

Бибісары әулие

«Асан қайғы Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұр екен» деп желмаясын желітіп кете барыпты.
Ақсеңгірге келгенде желмаясын шөктіріп, «Пай-пай, мына жердің байлығын-ай! Жердің бір қыртысында мал, екінші қыртысында астық жатыр, елдің ырысы мен байлығы өрілген мекен екен! Халық өсіп–өнер жер екен! - депті.
Қобызілгенге келгенде: «Шіркін-ай, топырағы асыл, шөбі шүйгін. Бір түнде жілігіне май бітіп, Қамбар ата төліне тұрақ болар жер екен» - деп, желмаясынан түсіп, қарағайға қарап: «Зарыма үн қосқан қарағайым» деп қобызын іліп, сәл аялдапты-мыс. Содан бұл жер «Қобызілген» деп аталып кеткен.
Бәйімбет алаңына келгенде желмаясын іркіп, көзін қадап: «Қойнауың құтқа толы, жерің құнарлы екен. Бірақ, байлығың өзіңе бұйырмас, жатқа кетер жер екен. Айнала қоршаған сор болса, маңдайыңның соры бес елі екен» деп бұл жерге де тұрақтай алмай, желмаясын желітіп кете барған.
«Бәйімбет алаңы» десең, өңір тұрғындары бірден әулие Сары бәйбішені айтады. Жауырыншы, емші, көріпкел анамыздың батырлығының өзі - бір төбе. Анамыз жайында бірнеше жыл бұрын Железин өңіріне барған сапарымызда Сары бәйбішенің ұрпағы Бауыржан Тәшімовтен естідік. 
Сары бәйбішенің шын есімі – Бибісары, ауыл-аймақ «Сары ана», кейін ол кісінің емшілігі мен әулиелігіне, ел арасындағы абыройына орай «Сары бәйбіше» атап кеткен. 
Балалық өмірі табиғаты әсем Көкше өңірінде өткен. Кейін Ерейментауға қоныс аударып, сонда сырқаттанып қалады. Ауру күн сайын өршіп, өмірден түңіле бастаған шақта, түсіне күміс сақалды әулие еніп: «Бұл жер саған құт болмайды. Еліңді жинап, көш бастап, Сарыарқадан әрі ассаң, Қарағайлы ну орман бар. Сол жер сенің мекенің болады. Үрім-бұтағың өсіп-өніп, көркейесің. Ауруыңнан құлан-таза айығасың. Күнде кешкісін отардың соңында үнемі маңырап келетін сары бас қой бар, сойып, етін елге тарат. Оң жақ жауырыны саған өмірде адасқанда жол көрсетер, ем іздегендерге шипа бергізер қасиетің болмақ. Жауырынды қолыңа алғанда жыбырлап жазу бітер, оны тек сен ғана оқи аласың. Қойды кешкісін сойғандықтан, жазу күн батар алдында ғана пайда болады», – дейді. 
Сары бәйбіше әулиенің айтқанын орындап, қазіргі Бәйімбет алаңына елін орналастырып, кейін өзі жерленетін жерге қазық қағып, «мына жерде менің отауым тігілсін, дүниеден өткенде де осы жерге жерлеңдер»  деп аманат еткен.
Сары бәйбіше жауырынмен тылсым дүниенің тілін біліп, болашақты, ауа райы құбылыстарын болжап, халыққа бағыт-бағдар көрсеткен. Өзінің ақ құранымен халыққа ем –
дом жасап, өңірде Домалақ ана атанған. Анамыздың алдына бір перзентке зар болған жас жұбайлар, бойын ауру жайлаған сырқаттар, тіпті дуаланған жандарды да барып емдеген. 
Сонау жоңғар шапқыншылығы заманында жаудан тайсалмай, бетін талай қайтарған көрінеді. 
Бірде ауыл-аймақ «жау шаптыға» салып, ерлер қолға найза алып, атқа қонып, жұртшылық ауылдан көшпек болып жатқанда Бибісары анамыз барлығын сабырлыққа шақырып, «бүгін жауға қарсы шығар жалғыз мен боламын. Оған дейін жаудың алдын алып, бағыт-бағдарларын біліп, тыңшылық қылыңдар» дейді. Біраз уақыт өткеннен кейін шолушылар келіп, жау жөнінде бар білгендерін айтып береді. Сонда анамыз: «Олардың арасында жауырыншы бар екен. Мына ат арба, ағаштан жасалған әрбір бұйымды ұзыннан - ұзақ үйіңдер. Қалғанын өзім іс қыламын» дейді.
Әулие ананың айтқанын екі етпейді. Әп-сәтте ағаштан ұзын қорған пайда болады. Сонда Бибісары әулие қолына жауырынын алып дұға еткенде, жау жақтың жауырыншысы қолындағы жауырынға қарап, «алдымызда ит тұмсығы өтпес ну қара орман екен. Тура өте алмасымыз һақ. Бүгінше осы жерге түнегеніміз дұрыс болар. Мен қазақтар жағын аңдиын» дейді.
Сөйтіп, ертеңіне жаудың жауырыншысы өздерінің алданғандарын қолбасшыларына жайып салады. Ашуға булыққан жоңғарлар атқа қонып, ауылды бетке алады.
Сол сәтте алдарынан атсыз ат арбаны жүргізіп бара жатқан Бибісары анамызды көріп, жаудың қолбасшысы: «Әй, мына адам тегін емес, әйел болса да киесі бар екен. Бас аманда елге оралайық» деп кейін шегінген. 
1970 жылдары бейіт маңында мал қыстағы болған. Сол жылдары қыстақта аға малшы болып қызмет атқарған Нұрғалиев Мүлік жұмыскерлерімен бірге қысы-жазы мал қыстағы маңында шөп арасынан будың шыққанын байқайды. Уақыт өте бу ауаға ұлғая тарай бастаған. Бұл құбылысты қыс уақытында көруге болады екен. Тіпті, малдың өзі бейіттің қасына жайылымайды. 
Ел халқы бұл жерді қасиетті орын санап, Сары бәйбішенің басына түнеп, ем-дом қабылдайды. Сары бәйбіше қолданған «жауырын» Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ұрпақтарында сақтаулы.
Бауыржан Тәшімов бүгінде белгісіз қалған Сары бәйбішенің бейітінің басын темірмен қоршап, басын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Болашақта бұл жерге  кесене тұрғызуды арман етеді. 
Қай өңірге барсаңыз да, ескіден келе жатқан киелі жерлер көп. Тарихын ел біледі, білгендердің көбі келместің кемесіне мініп кетіп жатыр. Елге кең насихатталмай жатқандардың бірі - Бибісары анамыз. Ендігі уақытта кесене тұрғызылып, ел игілігіне айналса екен.

Ербол ҚАЙЫРОВ,
 Бұқар жырау атындағы әдебиет
 және өнер музейінің қызметкері. 


Количество показов: 91

Возврат к списку